Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің 62-позициясы алынып тасталсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
"Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының және бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының сақталуын бақылауды, сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдеріне дау айтуды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 190 шешімі;
"Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының және бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының сақталуын бақылауды, сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдеріне дау айтуды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету (мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу және ол туралы шешімдерді даулау кезінде құжаттар және (немесе) мәліметтермен алмасу бөлігінде)" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 65 шешімі.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы |
Б. Сағынтаев |