Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 4 және 7-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 53 шешімімен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 92 шешіміне ҚОСЫМША |
Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. I бөлімде:
а) "BY" кодты бөлімде:
"BY01003" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
" | BY01029 | Беларусь Республикасы азаматының биометриялық төлқұжаты | 1 | |
BY01030 | Беларусь Республикасы азаматының биометриялық дипломатиялық төлқұжаты | 1 | ||
BY01031 | Беларусь Республикасы азаматының биометриялық қызметтік төлқұжаты | 1 | "; |
5-бағандағы "BY02011" кодты позициядағы "0" деген сан "0, 2" деген сандармен ауыстырылсын;
"BY03020" кодтыпозиция алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | BY03018 | туу туралы куәлігі | 1 | "; |
5-бағандағы "BY03021" және "BY03022" кодты позицияларда "0" саны "0,2" сандарымен ауыстырылсын;
"BY03" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
" | BY05 | картасы | |||
BY05014 | Беларусь Республикасы азаматының сәйкестендіру картасы | 1 | "; |
5-бағандағы "BY08017" кодты позицияда "0" саны "0, 2" сандарымен ауыстырылсын;
"BY08017" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | BY08032 | шетелдік азаматтың Беларусь Республикасында тұруға биометриялық ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның Беларусь Республикасында тұруға биометриялық ықтиярхаты | 0, 2 | "; |
"BY99025" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
" | BY99033 | босқынның жол жүру құжаты (1951 жылғы 28 шілдедегі Конвенция) | 0, 2 | |
BY99034 | Беларусь Республикасының биометриялық жол жүру құжаты | 0, 2 | "; |
б) "KZ" кодты бөлімде:
5-бағандағы "KZ02011" кодты позицияда "0" саны "0, 2" сандарымен ауыстырылсын;
"KZ99026" коды бар позицияның алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | KZ99025 | жол жүру құжаты | 0, 2 | "; |
в) "KG" кодты бөлімде "KG08017" коды бар позициядағы 5-бағанда "0" саны "0,2" сандарымен ауыстырылсын;
4-баған "KG01004" кодты позицияда мынадай редакцияда жазылсын:
"Қырғыз Республикасы азаматының жалпы азаматтық төлқұжаты, оның ішінде 2023 жылғы үлгідегі";
"KG05014" кодты позицияда 4-баған редакцияда жазылсын:
"сәйкестендіру картасы - Қырғыз Республикасы азаматының 2017 жылғы үлгідегі төлқұжаты (ID-карта),
сәйкестендіру картасы - Қырғыз Республикасы азаматының 2024 жылғы үлгідегі төлқұжаты (ID-карта)";
г) "RU" кодты бөлімдегі:
5-бағандағы "RU02011" коды бар позицияда "0" саны "0, 2" сандарымен ауыстырылсын;
"RU02011" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | RU02012 | Ресей Федерациясындағы азаматтығы жоқ адамның уақытша жеке куәлігі | 2 | "; |
4-бағандағы "RU03020" кодты позицияда "қайтуға" деген сөздер "кіруге (қайтуға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағандағы "RU03021" және "RU03022" кодтары бар позициялардағы "0" саны "0, 2" сандарымен ауыстырылсын;
"RU04023" кодты позиция алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | RU04016 | әскери билеттің орнына анықтама | 1 | "; |
"RU05024" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
" | RU05035 | әскери қызметшінің дербес электрондық картасы | 1 | "; |
5-бағандағы "RU08017" кодты позицияда "0" саны "0, 2" сандарымен ауыстырылсын.
2. II бөлімде:
а) 5-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
" | 5 | Белгіленуі | ЕК 2053-2024 (ред. 1) | "; |
б) 16-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы |
1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары болады: |
";
в) 22-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
22 | Өзгерістері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 92 шешімімен сыныптауыштың жекелеген позицияларына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жаңа позициялар қосылды |
";
3. IV бөлімде:
а) атауындағы "IV. Сипаттама" деген сөздер "III. Сипаттама" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) кестедегі:
үшінші бағандағы 1.2-позициядағы "ISO 3166-1 стандартына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бағандағы 1.3.1-позициядағы "–" белгісі "[A-Z]{2}[0-9]{2}" таңбаларымен ауыстырылсын;
1.3.3.4-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.3.3.4 Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
*.1. Әрекеттің басталу күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді | 1 | |
*.2. Әрекеттің басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
*2.1. Акт түрінің коды |
таңбалардың қалыпқа келтірілген жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түрінің кодтық белгіленуі | 1 | |
*.2.2 Акт нөмірі |
таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
*.2.3. Акт күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 | |
*.3. Әрекеттің аяқталу күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 | |
*.4. Әрекеттің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 | |
*4.1. Акт түрінің коды |
Қалыпқа келтірілген таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түрінің кодтық белгіленуі | 1 | |
*.4.2 Акт нөмірі |
Таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
*.4.3. Акт күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
".
4. Көрсетілген сыныптауышқа тіркелген қосымшаның 12-тармағының 2-кестесінде:
а) "006" және "008" кодты позициялар алып тасталсын;
б) "029" кодты позициядағы бірінші бағандағы "Армения Республикасы" деген сөздер алып тасталсын;
в) "029" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"
биометриялық дипломатиялық төлқұжат | 030 |
азаматтың биометриялық қызметтік төлқұжаты | 031 |
биометриялық тұруға ықтиярхат | 032 |
босқынның биометриялық келісім-шарттық жол жүру құжаты | 033 |
биометриялық жол жүру құжаты | 034 |
әскери қызметшінің электрондық дербес картасы | 035 |
".