Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 104 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 104 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 9-бөлім 09045 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"09046

Электрондық сауда тауарларына арналған декларация";

      б) 11-бөлімдегі 11003 және 11004 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"11003

Декларант басшысының (не тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғаның басшысының, не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатын ұсынған тұлғаның басшысының) немесе кеден өкілі басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжат

11004

Декларанттың (не тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген адамның, не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатын ұсынған адамның) немесе кеден өкілінің атынан іс-әрекеттер жасауға жұмыскердің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат".

      2. 2.4-кіші бөлімде өндіріп алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышы (9-қосымша):

      а) 2.4.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2.4.5. Этил спиртінің көлемдік үлесі 9 пайыздан асатын алкоголь өніміне акциз (сыраны, шараптарды (нығайтылған (ликерлі) шараптан басқа), құйылған шараптарды, жеміс шараптарын, жеміс-жидек алкоголь өнімін, шымырлы шараптарды қоспағанда, сондай-ақ тағамдық шикізаттан өндірілген ректификатталған этиль спиртін қоспай және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге де жеміс ашымағын қоспай және (немесе) дистилляттар қоспай және (немесе) күшейтілген (ликер) шарабын қоспай дайындалатын шарап сусындарын, құрамында жүзім бар сусындарды, жеміс алкогольдік сусындарды қоспағанда):


этил спиртінің 9 пайыздан асатын және қоса алғанда 18 пайызға дейінгі көлемдік үлесі бар алкоголь өніміне акциз

4110

этил спиртінің көлемдік үлесі 18 пайыздан асатын алкоголь өніміне акциз

4170";

      б) 2.4.7-тармақ мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Күшейтілген (ликер) шарапқа, күшейтілген құйылмалы шарапқа акциз

4390".

      3. 1-бөлім, тауарлардың орналасқан жерлерінің сыныптауышы (24-қосымша) 60 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"61

Электрондық сауда операторының үй-жайы, ашық алаңы және өзге де аумағы

62

Тауарларды декларациялайтын электрондық сауда операторынан ерекшеленетін басқа электрондық сауда операторының үй-жайы, ашық алаңы және өзге де аумағы".

      4. Жол көлік құралдары маркаларының сыныптауышы (26-қосымша) 742 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"743

KAIYI

744

ZEEKR

745

EXEED

746

BAIC

747

GAC

748

HAVAL

749

HONGQI

750

JAECOO

751

JETOUR

752

LI AUTO

753

LIVAN

754

OMODA

755

ORA

756

TANK

757

VGV

758

VOYAH".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады