Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Теледидар сигналдарын қабылдауға және теледидар экранында бейне кескіндерді көрсетуге арналған, кіріктірілген TV-тюнермен, сұйық кристалды дисплеймен, динамиктермен, антеннаны қосуға арналған қосқышпен, сыртқы құрылғыларды қосуға арналған қосқыштармен (мысалы, DVD ойнатқышы, цифрлық камера, бейнекамера, компьютер және т. б.), басқару түймелерімен, сыртқы жинақтағыштардан мультимедиялық файлдарды ойнатуды жүзеге асыратын орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар процессормен жабдықталған сұйық кристалды теледидар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8528 72 200 1 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |