Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 398-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы" 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтына бастапқы орналастыру үшін осы Шешім кұшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға электрондық сауда операторларының тізілімдерін ұсынуын қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы № 112 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі.".
2. Мынадай мазмұндағы Электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібімен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы № 112 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу ТӘРТІБІ
1. Электрондық сауда операторларының жалпы тізілімі (далее – жалпы тізілім) электрондық сауда операторлары туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурс болып табылады, оны қалыптастыруды және жүргізуді Одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, кеден органдары) мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады және ол айына кемінде 1 рет Одақтың ресми сайтына орналастырылуға тиіс.
2. Қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы тізілімді қалыптастыру және жүргізу мүше мемлекеттердің электрондық сауда операторларының тізілімдерін алуды, осы тізілімдерде қамтылған мәліметтерді жүйелеуді және сақтауды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің электрондық сауда операторларының алынған тізілімдерінің негізінде жалпы тізілімді өзектендіруді қамтиды.
3. Жалпы тізілімді қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің электрондық сауда операторларының тізілімдерін ұсынуды кеден органдары жүзеге асырады.
4. Кеден органдары мүше мемлекеттердің электрондық сауда операторларының тізілімдерін оларға өзгерістер (заңды тұлғаның тізіліміне енгізу немесе тізілімнен шығару, заңды тұлға туралы мәліметтерді өзгерту, оның ішінде кеден ісі саласындағы заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру (жаңғырту), заңды тұлғаны тізілімнен шығару туралы шешімнің күшін жою) енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей *.doc немесе *.xlsx форматтағы тізілімдерді қоса бере отырып, ресми хатпен Комиссияға және Комиссияның электрондық поштасының: cis@eecommission.org және info@eecommission.org мекенжайларына жібереді.
5. Комиссия осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес кеден органдары ұсынған мүше мемлекеттердің электрондық сауда операторларының тізілімдері негізінде электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін өзектендіреді және оны осындай тізілімдерді алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Электрондық сауда операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне ҚОСЫМША |
(нысан)
Электрондық сауда операторларының ЖАЛПЫ ТІЗІЛІМІ
Кеден органы заңды тұлғаның тізілімге енгізілгенін растайтын құжатты берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет | Тізілімдегі тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаның тізілімге енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі | Заңды тұлғаның тізілімге енгізілген күні | Қызметі өңірінде электрондық сауда тауарларын уақытша сақтауға және (немесе) кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын сақтауға арналған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) орналасқан кеден органы | Электрондық сауда операторының толық атауы | Электрондық сауда операторының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, Интернет желісіндегі сайты, электрондық поштасының мекенжайы | Электрондық сауда операторының салық нөмірі (СЕН, ТЕН, БСН, ЖСН (ДСН), СТСН) | Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтауға және (немесе) кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын сақтауға арналған құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайлардың бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдардың бөліктерінің) орналасқан жері, сондай-ақ олардың алаңы (м2) | Электрондық сауда операторының қызмет саласын шектеу (жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына немесе жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе. 7-бағанда мыналар көрсетіледі:
Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);
Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН);
Қазақстан Республикасы үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (ССН) немесе дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН);
Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН).".