Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ыстыққа төзімді болаттан дайындалған жану камерасынан келіп түсетін ыстық газ ағынын басқаруға арналған күрделі геометриялық нысандағы бұйымды білдіретін, ауаны салқындатуға арналған арнайы арналары, номиналды қуаты 5000 кВт-тан асатын, бірақ 50-ден аспайтын газ турбинасына (газ турбиналы қозғалтқышқа) орнатуға арналған технологиялық ойықтары бар газ турбинасының бағыттаушы қалақшасы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8411 99 001 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Ыстыққа төзімді болаттан дайындалған жану камерасынан келіп түсетін ыстық газ ағынын басқаруға арналған күрделі геометриялық нысандағы бұйымды білдіретін, ауаны салқындатуға арналған арнайы арналары, номиналды қуаты 50 000 кВт-тан асатын газ турбинасына (газ турбиналы қозғалтқышқа) орнатуға арналған технологиялық ойықтары бар газ турбинасының бағыттаушы қалақшасы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8411 99 009 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |