"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңы
14-бабының
2-тармағына, Сенат Регламентінің
1
және
175-тармақтарына
сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. II бөлімнің, II бөлімнің 1-тарауының тақырыптары, 4, 5, 6, 7, 10, 17, 27, 29, 32, 45, 93, 99, 107, 126, 134, 153, 163, 164, 167, 175-тармақтарда "Отырыстар", "жалпы отырыстарын", "жалпы отырыстары", "Жалпы отырыстар", "Жалпы отырыстардағы", "Жалпы отырыстың", "Жалпы отырыстарға", "жалпы отырыстың", "жалпы отырысқа", "жалпы отырыстардың", "жалпы отырысының", "жалпы отырыста", "жалпы отырыстарында", "жалпы отырысында", "жалпы отырысын", "қосуға және Палатаның жалпы отырыста" деген сөздер "Отырыстар", "отырыстарын", "отырыстары", "Отырыстардағы", "Отырыстың", "Отырыстарға", "отырыстың", "отырысқа", "отырыстардың", "отырысының", "отырыста", "отырыстарында", "отырысында", "отырыстың", "отырысын", "қосады және Палата отырысының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Отырыстың күн тәртібі алдын ала Сенат Бюросында қаралады және Палатаның талқылауына енгізіледі.
Бюро ұсынған күн тәртібіне депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Кезегі бойынша бірінші болып Бюро енгізген мәселелер, сонан соң - түсу тәртібімен депутаттар енгізген ұсыныстар қаралады және дауысқа салынады.
Сенат отырысының күн тәртібі Палата депутаттары жалпы санының көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.".
3. 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Конституциялық заңдар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
Заңдар, Сенаттың қаулылары және өзге де актілері, егер Қазақстан Республикасының
Конституциясында
өзгеше көзделмесе, Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Конституциялық заңның және заңның жобаларын тұтастай қабылдамауды Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.".
4. 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Мәселелер Мәжілісте қаралғаннан кейін Парламент Сенаты конституциялық заңдар және заңдар қабылдайды, соның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және жояды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) Республиканың мемлекеттік наградаларын тағайындайды, құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды;
8) Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де қатынастарды реттейді.".
5. 40-тармақта:
бірінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын алғаннан кейін Сенат Аппаратында, белгіленген тәртіпке сәйкес, бірақ екі жұмыс күнінен кешіктірмей, оның толықтығына және оған қосымшалардың дұрыстығына тексеру жүргізіледі және тіркеледі.";
"Мәжілістен келіп түскен заң жобасы Сенат Аппаратында тіркелген күннен бастап, Парламент сессияларының аралығындағы уақытты есептемегенде, Сенатта алпыс күннен кешіктірілмей қаралады.".
6. 41-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас комитет заң жобасы бойынша жинақтап, қорыту үшін Сенат комитеттерінің және Сенат Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылар ұсынуының мерзімдерін белгілейді, егер Палата Бюросы өзгеше белгілемесе, ол заң жобасы Сенатта тіркелген күннен бастап он күннен кем болмауға және он бес күннен аспауға, ал кодекс бойынша, жиырма күннен аспауға тиіс".
7. Мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
"41-1. Палатаның шешімімен заң жобалары екі және одан да көп оқылымдарда қаралуы мүмкін.".
8. 42-тармақта:
Мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдансын;";
алтыншы абзацта "кейінге қалдыруға" деген сөздерден кейін "не комитетке пысықтауға қайтаруға" деген сөздермен толықтырылсын.
9. 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Сенат тұтастай қабылдамаған заң жобасы, шешім қабылданған сәттен бастап он екі күн ішінде қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен және Сенат отырысының стенограммасымен Мәжіліске қайтарылады.
Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сенат қаулысы шешім қабылданған сәттен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде оны қараудың нәтижелері бойынша тиісті салыстырма кестемен, Сенат отырысының стенограммасымен Мәжіліске қайтарылады.".
10. 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Өзгерістермен және толықтырулармен Мәжіліске жіберілген Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен заңдар, ол келіскен ретте, қабылданды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген заңдарға және Сенат
Конституцияға
сәйкес қабылдаған басқа да заңдарға әрбір Палата Төрағалары виза қояды және он күннің ішінде Сенат Төрағасының ілеспе хатымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жіберіледі.
Егер халықаралық шарт заңмен ратификацияланса, онда осы шарттың куәландырылған көшірмесі заңмен бірге беріледі.
Конституциялық Кеңес Сенат Төрағасының не Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігін құрайтын Сенат депутаттарының өтініші бойынша Сенат қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін оларға Президент қол қойғанға дейін қарайды.
Мұндай өтініш болған жағдайда тиісті актілерге қол қою мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.".
11. 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Заң жобасын тұжырымдамалық жағынан өзгертетін түзетулер енгізілген жағдайда заң жобасы бастамашысының қорытындысы қажет.
Заң жобасын енгізген бастамашы, заң жобасын оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
Заң жобасын кері қайтарып алу жазбаша түрде ресімделуге және Сенатқа енгізілуге тиіс. Заңнамалық бастама құқығын бірнеше депутат пайдаланған жағдайда, заң жобасын кері қайтарып алу оның барлық бастамашыларының қолдарымен расталуға тиіс.
Аса қажеттілік туындаған жағдайда Парламент Сенаты Мәжіліске жіберілген заң жобасын бас комитеттің ұсынысы бойынша кері қайтарып алу туралы шешім қабылдауға құқылы.".
12. 49-тармақта:
"Мәжіліс" деген сөзден кейін "заң жобасы бойынша" деген сөздермен, "даусымен" деген сөзден кейін "және конституциялық заңның жобасы бойынша кемінде үштен екісінің даусымен" деген сөздермен толықтырылсын;
"заң" деген сөз "тиісінше заң не конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 50-тармақта:
Бірінші абзацта "сол көпшілік" деген сөздер "саны сондай" деген сөздермен ауыстырылсын.
Үшінші абзац алып тасталсын.
14. 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Республика Президентінің қарсылығымен қайтарылған заң немесе заңның баптары Мәжілісте қаралғаннан кейін, қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде Сенат оны өзінің отырысында қайта талқылайды және дауысқа салады. Сенаттың заңдар бойынша бұрын қабылдаған шешімін растау үшін Палата депутаттары жалпы санының үштен екі көпшілік даусы қажет. Бұл ретте Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығы Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсеріледі. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Республика Президентінің қарсылығы Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын ала қаралады, ол талқылаудың қорытындысы бойынша Сенаттың отырысына осы мәселе бойынша қорытынды мен Сенат қаулысының жобасын енгізеді.".
16. Мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
"54-1. Республикалық референдумды тағайындау туралы бастама жасауды бұл мәселе Мәжілісте қаралғаннан кейін Палата отырысында Сенат жүзеге асырады және ол тиісті қаулымен ресімделеді.
Республикалық референдумды тағайындау туралы бастама жасау Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын ала қаралады, ол талқылау қорытындысы бойынша Сенаттың отырысына осы мәселе бойынша қорытынды мен Сенат қаулысының жобасын енгізеді.".
17. 55-1-тармақтың он төртінші абзацында "екі" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
18. Мынадай мазмұндағы 55-18-тармақпен толықтырылсын:
"55-18. Мәжіліс депутаттары сайланып, жаңа шақырылым жұмысы басталғаннан кейін Мәжіліс өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде келіп түскен және Сенат қарамаған конституциялық заңдар мен заңдардың жобалары Парламент Мәжілісіне беріледі.".
19. 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Республикалық бюджетті бекіту және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау тәртібі".
20. 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа келіп түскен алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша Сенат Бюросының шешімімен бас комитет айқындалады.
Заң жобасын талқылау: орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша Үкімет уәкілдік берген адамның, ақша-кредит саясаты бойынша Республика Ұлттық Банкі Төрағасының баяндамаларын және Сенаттың бас комитеті өкілінің қосымша баяндамасын қамтиды.
Әрбір сөз сөйлеушінің баяндамасы осы Регламенттің 10-тармағына сәйкес талқылануы тиіс.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қарау мен оны бекіту осы Регламенттің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Палатаның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сенат отырысында Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары бойынша баяндама жасайды.".
21. 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау мен оны бекіту осы Регламенттің 59-тармағына сәйкес өткізіледі.".
22. 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Сенат Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялау және олардың күшін жою туралы заңдарды қабылдайды.
Халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын қарау осы Регламенттің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
23. 63-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Парламент депутаттары жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлігін құрайтын Сенат депутаттары Республиканың халықаралық шарттары ратификацияланғанға дейін олардың
Конституцияға
сәйкестігін қарау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы.".
24. II бөлімнің 7-тарауының бірінші және үшінші параграфының тақырыптарында, 64, 66, 68, 75-тармақтарда "алқаларының төрағалары" деген сөздер алып тасталсын.
25. II бөлімнің 7-тарауының екінші параграфының тақырыбы "Бас прокурорын" деген сөздердің алдынан "Ұлттық Банкінің Төрағасын," деген сөздермен толықтырылсын.
26. 71-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Талқылау қорытындысы бойынша комитет қорытынды жасайды және осы мәселе бойынша Сенат қаулысының жобасын әзірлейді.".
27. II бөлімнің 7-тарауының төртінші, бесінші және алтыншы параграфының тақырыптары және 77, 78, 79, 80-тармақтар алып тасталсын.
28. II бөлімнің 8-тарауының бірінші параграфының тақырыбында "Республикалық" деген сөздің алдынан "Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының және" деген сөздермен толықтырылсын.
29. 81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Сенат Палата Төрағасының ұсынуы бойынша Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Сенат Төрағасы ұсынған кандидатураларды тиісті комитет өзінің отырысында алдын ала талқылайды. Кандидатураларды қарау қорытындылары бойынша комитет әрбір талқыланған кандидатура жөнінде қорытынды жасап, ол Сенат отырысында жария етіледі.
Қызметке тағайындау туралы мәселені Палата отырысында қарау кезінде қызметке кандидатураларды Сенат Төрағасы таныстырады.
Сенат отырысында:
кандидатқа және кандидатты таныстырған адамға сұрақтар берілуі;
депутаттар ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе "қарсы" пікір білдіруі мүмкін.
Ұсынылған кандидатура бойынша, егер депутаттар мұны талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
Әрбір кандидатураны талқылау үшін 20 минөтке дейін уақыт бөлінеді. Сенат Палата депутаттарының ұсынысы бойынша өзге де уақыт белгілеуге құқылы.
Егер Палата дауыс берудің өзге тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша жеке, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Шешімдер Парламент Сенатының қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.
Егер Парламент Сенаты ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешім қабылдамаса, Сенат Төрағасы Палатаға сол адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсыныстар енгізеді. Бұл жағдайда Парламент Сенатының шешімінде қабылдамаудың жан-жақты дәлелі болуға тиіс".
30. II бөлімнің 8-тарауының екінші параграфының тақырыбы алып тасталсын.
31. 81-1, 81-2, 81-3-тармақтар алып тасталсын.
32. 90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Сенат Палата депутаттары жалпы санының кем дегенде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің қызмет мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда оны қызметінен босату туралы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне өтініш қабылдауға құқылы.
Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамаса, онда депутаттар бірінші өтініш жасалған күннен бастап алты ай өткен соң Республика Президентінің алдына Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы мәселені қайталап қоюға құқылы. Бұл жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады.
Үкімет мүшесінің есебін тыңдау туралы шешім қабылданған жағдайда Сенат оны әзірлеу жөнінде арнайы уақытша комиссия құруға немесе Палатаның тиісті комитетіне мәселені әзірлеуді тапсыруға құқылы.".
33. 101-тармақта "орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын.
34. 102-тармақта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сенат Аппаратының құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де актілерді қабылдайды;";
он бірінші абзацта "фракциялар мен" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"консультативтік-кеңесші органдарын құрады және осы органдар туралы ережелерді бекітеді;".
35. 105-тармақта "орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын.
36. 106-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Парламенттің кезекті шақырылымында Сенат депутаттарының жартысы сайланып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін, Сенаттың бірінші отырысында Палата тұрақты комитеттердің саны мен атауы, тұрақты комитеттердің төрағаларын және тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлау туралы мәселені қарайды.".
37. 117-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Комитет, әдетте, кемінде үш күн бұрын депутаттар мен барлық мүдделі тараптарды отырысты өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.".
38. 119-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын.
39. 146-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауал салынған адам сол кезде отырыс залында отырған болса, сауал соның өзіне (немесе оның өкіліне) тікелей беріледі. Басқа жағдайлардың бәрінде депутат отырыста жариялаған сауалды Сенат Аппараты ол жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамына жібереді.".
40. 149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"149. Сенат депутаттары, партияда болу принциптері бойынша топтарды қоспағанда, депутаттық топтар түріндегі депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.".
41. 150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кем дегенде он бес депутаты болуға тиіс.
Сенат Бюросында тіркелген депутаттық бірлестіктер өздерінің шешімдері туралы Сенат Төрағасына хабарлайды.".
42. 151-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Депутаттық топтарды тіркеу Палата Бюросында жүзеге асырылады, тіркеу келу тәртібімен жүргізіледі және ол тек қана ақпараттық сипатта болады.".
43. 152-тармақтың бірінші абзацының бірінші сөйлемі алып тасталсын.
44. 165-тармақта:
төртінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Палатаға Палата Төрағасының орынбасарлары қызметіне сайлауға кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ олардың арасындағы міндеттерді бөледі;";
"Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындау үшін кандидатураларды ұсынады;".
45. 16-тараудың тақырыбында "Орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын.
46. 167-тармақта "Орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын; екінші түзету орысша мәтінге қатысты, қазақша мәтін дұрыс жазылған.
47. 173-тармақта:
"Орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын; екінші түзету орысша мәтінге қатысты, қазақша мәтін дұрыс жазылған.
"Төрағаны алмастырады" деген сөздер "Төрағаның міндетін атқарады" деген сөздермен ауыстырылсын.
48. Мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
"16-1-тарау. Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастығы
173-1. Парламент Сенаты шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
173-2. Парламент Сенаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен парламентаралық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасаса алады, сондай-ақ Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) ынтымақтастығы жөнінде топтар құра алады.
173-3. Сенат Төрағасы:
парламентаралық алмасу шеңберінде жүзеге асырылатын ресми және жұмыс сапарлары туралы, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттарын шет елге іссапарға жіберу туралы өкімдер шығарады;
Парламент Сенатының шет елге жіберілетін делегациясының құрамын, қажет болған кезде осы делегациялардың басшыларын, олардың орынбасарларын және олармен ілесе жүретін адамдарды бекітеді.".
49. 175-тармақта:
"Орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын.
50. 179-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;".
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының
Төрағасы