Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервiн қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 8 шiлде N 1786. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервiн қалыптастыру мен пайдалану мәселелерiн ретке келтiру мақсатында қаулы етемiн: 

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервiн қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi 1994 жылғы 15 шiлдеге дейiнгi мерзiмде өзiнiң банктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шетелдiк валютамен берген кредиттерi мен кепiлдiктерiнiң сөзсiз қайтарылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы Ереже 1994 жылғы 20 маусымнан бастап күшiне енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң   
1994 жылғы 8 шiлдедегi 
N 1786 қаулысымен 
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
алтын-валюта резервiн қалыптастыру мен
пайдалану тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiң валюта резервтерiн қалыптастыру және валюталық шығыстарды ретке келтiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 27 желтоқсандағы N 1483  Жарлығына  сәйкес әзiрленген. 

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервi ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың, қазақстандық теңгенiң тұрақты өтiмдiлiгiн және ликвидтi валюта нарығының жұмыс iстеуiн қолдаудың басты құралдарының бiрi, сондай-ақ теңгенiң iшкi және сыртқы құнын қамтамасыз етудiң негiзi ретiнде құрылып, пайдаланылады. 

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервi: 
      а) монетарлық алтыннан, күмiстен, платинадан және платина тобындағы басқа да металдардан; 

      Монетарлық алтын - химиялық құрамы бойынша таза алтын болып 
                              есептелетiн алтын және ол таңбалануы 
                              жағынан халықаралық стандартқа сай 
                              келедi. 

      ә) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi анықтайтын тiзбе бойынша корреспонденттiк шоттар мен қолма-қол нысандағы еркiн өтiмдi және басқа шетелдiк валюталардан; 
      б) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi алдындағы дебиторлардың еркiн өтiмдi валютадағы қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiн) мiндеттемелерiнен құралады. 
      Алтын-валюта резервiн жеке-дара құрайтындардың проценттiк арақатысын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi анықтайды және қолдап отырады. 

      4. Қазақстан Республикасы алтын-валюта резервiнiң есебi осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген Ұлттық банк активтерiнiң сомасы ретiнде анықталатын жиынтық алтын-валюта резервiнiң түрлерi бойынша және жиынтық алтын-валюта резервi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң осы Ереженiң 6-тармағының "д" тармақшасына сәйкес iс жүзiнде алынған кредиттерi (заем, қарыз) жөнiндегi мiндеттемелерi арасындағы айырма ретiнде анықталатын таза алтын-валюта резервiнiң түрлерi бойынша жүргiзiледi. 

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi алтын-валюта резервi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасына (бюджетiне) сәйкес Ұлттық банктiң пайдасынан аударым жасау есебiнен қалыптастырылады. 

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервi: 
      а) "Алтын және алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақстандық және басқа өндiрушiлерден (сатушылардан) аталған металдарды: монетарлық алтынды, күмiстi, платинаны және платина тобындағы басқа да металдарды сатып алу; 
      ә) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнен шетелдiк валютаны теңгеге (ескерткiш және сувенирлiк тиындарды қоса) сатып алу; 
      б) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шетелдiк валютамен жасайтын депозиттiк, салымдық, дилингтiк және басқа операцияларынан, сондай-ақ осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес Ұлттық банктiң шетелдiк валютада берген кредиттерiнен проценттер, комиссиялық және басқа түсiмдер есептеу; 
      в) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң монетарлық алтынды, күмiстi, платина мен басқа да платина тобындағы металдарды сату, депонирлеу және солармен жасаған басқа операциялардан шетелдiк валютада түсiмдер алу; 
      г) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Президентiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнiң және басқа кредиторлардың беретiн кредиттерiн алу; 
      д) "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы ережеге сәйкес Ұлттық банк көрсеткен консультациялық, ақпарат-баспа және басқа қызметтерден шетелдiк валютада түсiмдер алу жолымен толықтырылады. 

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi алтын-валюта резервiн мынадай мақсаттарға: 
      а) шетелдiк валютаға сұраныс пен ұсыныстың теңсiздiгiн бәсеңсiту үшiн iшкi валюта нарығында шетел валютасын сату жолымен жалпы ақша кредит саясаты шегiнде ауыстыру бағамы саясатын жүргiзуге; 
      ә) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мұқтажы үшiн теңгенi айырбастауға арнап мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мұқтажы үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Ұлттық банктiң сметасындағы қаржы есебiнен валюта беруге; 
      б) бiр мемлекеттiң шетелдiк валютасын сату жолымен басқа мемлекеттiң шетелдiк валютасын сатып алуға; 
      в) осы Ереженiң 6-тармағы "д" тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi алған кредиттер бойынша қарыздың негiзгi сомасын, проценттерiн, комиссиялықты және басқа да төлемдердi қайтаруға жұмсайды. 

      8. Алтын-валюта резервтерiнiң қаржысын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмдерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, кредит (заем,несие) беру түрiнде және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерге кепiлдiк беру үшiн пайдалануға болмайды. 

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi ай сайын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне, Президентiне және Үкiметiне республиканың Ұлттық банкi алтын-валюта резервiнiң қалдығы және оның қаржысының қозғалысы туралы есеп бередi, сондай-ақ ай сайын өз алтын-валюта резервi туралы қысқаша нысанда ресми хабар жариялап отырады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады