"Мемлекеттiң валюта резервтерiн қалыптастыру және валюталық шығыстарды ретке келтiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 27 желтоқсан N 1483. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Ұлттық валюта - теңгенiң енгiзiлуiне және оның басқа валюталарға қайтымдылығын қолдау үшiн, сондай-ақ елдiң төлем балансын жақсарту мақсатында валюта қаражатын пайдалану жүйесiн ретке келтiру үшiн алтын-валюта резервтерiн қалыптастыру қажеттiгiне байланысты қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi теңгенiң басқа валюталарға қайтымдылығын, ақша жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгенiң айырбас бағамын реттеу үшiн алтынмен, еркiн айналыстағы валютамен және өзi айқындайтын тiзбе бойынша басқа да шет ел валютасымен алтын-валюта резервтерiн қалыптастыратын болып белгiленсiн. 
      1994 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң тұрақтандыру қоры таратылсын. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi тұрақтандыру қоры қаражатының қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервтерiне есептелсiн. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алтын-валюта резервтерiн қалыптастыру және пайдалану тәртiбi туралы" Ереженiң жобасын бекiтуге тапсырсын. 
      2. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап Республикалық валюта қоры таратылсын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      - 1993 жылғы 15 желтоқсандағы жағдайы бойынша алтын мен күмiс сатудан (салудан) алынған Республикалық валюта қоры қаражатының қалдықтарын алтын-валюта резервтерiн толықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне тапсырсын; 
      - бұдан бұрын алтын мен күмiс сатудан (салудан) алынып, пайдаланылған валюта қаражатын келiп түсiп жатқан валюталық табыстардың, оның iшiнде кедендiк экспорт бажының және төленуi бұрын кейiнге қалдырылған төлемдердiң, бонустардың және бюджетке шет ел валютасымен түсетiн басқа да қаражаттың есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне өтеудi қамтамасыз етсiн. Осы өтемақы төлеу аяқталған соң осындай валюталық табыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне алтын-валюта резервтерiн толықтыру үшiн сатуды қамтамасыз етсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Республикалық валюта қорының қаражатын жұмсау жөнiнде бұдан бұрын қабылданған шешiмдердiң орындалуын тоқтатсын. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi 1994 жылғы 15 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне аса қажет емес шешiмдердiң күшiн жоюды көздей отырып, осы шығыстарды қысқарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 20 қаңтарға дейiн Республикалық валюта қорының қаражатын бөлу жөнiнде қабылданған шешiмдердi қайта қарасын. 
      3. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық (қалалық) валюта қорлары таратылсын. Осыған байланысты облыстардың (қалалардың) әкiмдерi облыстар (қалалар) пайдаланған сыртқы кредиттер бойынша орын алып отырған шет елдiк валютадағы берешектi өтеудi қамтамасыз етiп, облыстық (қалалық) валюта қорлары қаражатының қалдықтарын алтын-валюта резервтерiн толықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне сататын болсын. 
      4. 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап еркiн айналыстағы валютаға және ресей рублiне сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жөнiндегi Үкiметтiң және атқарушы өкiмет органдарының қауырт қажеттерiн қанағаттандыру; 
      - оларды тиiстi бюджеттерге осы мұқтаждарға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi сату күнi белгiленген бағам бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен сатып алу арқылы; 
      - сыртқы заемдар мен кредиттер есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне өнiмдi кейiннен еркiн айналыстағы валютаға және ресей рублiне өткiзу мақсатында оны республика кәсiпорындарынан сатып алу үшiн жекелеген жағдайларда бюджет кредит бөлу құқығы берiлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы арналған республикалық бюджет жобасының шеңберiнде Қазақстан Республикасы сыртқы берешегiнiң ең жоғарғы лимитiн және сыртқы заемдарға берiлетiн Қазақстан Республикасы кепiлдiктерiнiң лимитiн көздеп оларды бекiтуге енгiзсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 15 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiмен берiлуi мүмкiн сыртқы кредит бөлу жобаларының тiзбесiн бекiтiп, оны жарияласын және 1994 жылға арналған бюджеттiң жобасында алынатын сыртқы кредиттер бойынша аванстық және басқа төлемдер үшiн қаражат көздесiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi басқа министрлiктермен бiрлесе отырып, 1994 жылғы 1 ақпанға дейiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi кәсiпорындардың (бұдан әрi - мемлекеттiк кәсiпорындар) сыртқы берешегi, оның iшiнде бұрынғы КСРО елдерiнiң банкiлерi мен кәсiпорындарына берешегi туралы жиынтық есеп әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi есептi қарау қорытындылары бойынша кәсiпорын мен мемлекеттiң қаржы мүмкiндiгiнен асып кететiн мемлекеттiк кәсiпорындардың сыртқы берешегiне жол бермеуге бағытталған тиесiлi шешiм қабылдасын, сондай-ақ осы мәселе бойынша тоқсан сайын есеп берiп отыру тәртiбiн бекiтсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 10 қаңтарға дейiн мемлекеттiк кәсiпорындардың сыртқы кредиттер алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен сыртқы кредиттер алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен сыртқы кредиттер алу тәртiбiн бекiтсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi 1994 жылдың 25 қаңтарына дейiн мемлекеттiк кәсiпорындардың импорттық контрактiлерiне талдау жасап, өндiрiстен тыс импортты күрт қысқарту жөнiнде, сондай-ақ импорт бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мiндеттi түрде конкурс негiзiнде сатып алуды енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн. 
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Бас кеден басқармасымен бiрлесе отырып, 1994 жылғы 15 қаңтарға дейiн импорттық контрактiлер бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар сатып алатын тауарлардың бағасы мен сапасын бақылау жүйесiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы жүйенiң 1994 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.     

     Қазақстан Республикасының
     Президентi 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады