"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 30 наурыз 1995 ж. N 2156

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы Z952155_ шығарылуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - қолданылып жүрген заңдарды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзiлсiн;
      - екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық қорын, оның iшiнде үйлерiн, ғимараттары мен жабдықтарын қоса негiзгi қаражатпен ұлғайту жөнiнде шешiм қабылдасын;
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      - 1995 жылы бюджет тапшылығына кредит берудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1995 жылғы 15 наурыздағы заң күшi бар N 2120 U952120_ Жарлығымен белгiленген лимиттер шегiнде жүзеге асырсын;
      - республикалық бюджеттi қаржыландыру функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығына берiлгенге дейiн бұл функцияны "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының талаптарын ескере отырып жүзеге асырсын;
      - екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтi актiлерiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiретiн болсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады