Қазақстандық бітімгершілік батальонын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2000 жылғы 31 қаңтар N 116

      Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен

 

айқындалған халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі

міндеттемелерін орындау мақсатында:

     1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы мақсаттағы күштері

санының шегінде десанттық-шабуыл бригадасының үшінші десанттық-шабуыл

батальоны базасында мемлекеттік мекеме нысанында Қазақстандық

бітімгершілік батальоны (бұдан әрі - Қазбат) құрылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

     екі ай мерзімде осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

     Қазбатты қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан

Республикасының Қарулы Күштерін қамтуға көзделген қаражаттың есебінен

жүргізілсін.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті



     Оқығандар:

           Қасымбеков Б.А.

           Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады