1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елімізде жүргізіліп жатқан
реформаларды қолдауға қосқан үлкен үлесін ескеріп, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
сыйлықтары мен гранттарын беру жөніндегі Қоғамдық комиссияның ұсыныстарын
қарай келіп, сыйлықтар мен гранттар мыналарға берілсін:
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары:
Сәрсенбай Қалиға - "Жас Алаш" газеті бас редакторының
бірінші орынбасары, рухани және
мәдени құндылықтар туралы мақалалар
дестесі үшін
Тараков Александр - "Казахстанская правда" республикалық
Юрьевичке газеті "ААҚ-ның" вице-президенті,
елдегі қоғамдық-саяси реформаларды
терең әйгілегені үшін;
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары (стипендиялары):
Ақдәулетұлы Мейірханға - "Алтын Орда" газетінің бас редакторы,
мемлекеттілігіміздің орнығуы,
қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы
мәселелеріне арналған публицистикалық
мақалалары үшін;
Сацук Ольга - "Хабар" агенттігі" ЖАҚ-ның аға
Георгиевнаға режиссері, телевизиялық режиссурадағы
шығармашылық жетістіктері үшін.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы мыналарға жариялансын:
Қазақстан баспасөз клубына - БАҚ саласында әлеуметтік мәнді және
ағарту-ақпараттық жобаларды ойдағыдай жүзеге асырғаны үшін;
Лисаковск қалалық "Акцент" телевизия студиясының ұжымына - шағын
қалалар мысалында нарықтық реформалар барысын белсенді және жан-жақты
көрсеткені үшін;
Халабузарь Николай - "Экспресс-К" газетінің тілшісі,
Михайловичке экономиканың отын-энергетика секторын
реформалауға байланысты тақырыптарды
терең зерттегені үшін;
Шпаков Владислав - "ИнфоЦес" газеті" ЖШС-нің тілшісі,
Владимировичке Қазақстан астанасының тарихына
арналған мақалалар дестесі үшін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Омарбекова А.Т.