Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасының бастығы болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті