Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; 2007 ж., N 5, 62-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы,
Бычкова Светлана Федоровна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
мына жолдар:
"Жолдасбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты",
"Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы Сенатының Заңдар және сот-құқықтық
реформа жөніндегі комитетінің
төрағасы"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолдасбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының Экономикалық және өңірлік
саясат комитетінің төрағасы",
"Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы Сенатының Заңнама және құқықтық
мәселелер комитетінің төрағасы";
аталған Кеңестің құрамынан С.М.Жалыбин, С.В.Киселев, А.А.Матюхин шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті