Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303
өкіміне
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; 2007 ж., N 5, 62-құжат; N 26, 299-құжат; N 35, 389-құжат; N 44, 515-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы,
Қожамжаров Қайрат Пернешұлы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы;
аталған Кеңестің құрамынан: Қ.Ә.Жиреншин, Е.Ж.Жұмабаев, С.С.Қалмырзаев шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар аралығындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 276
өкіміне
:
аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар аралығындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы,
Қожамжаров Қайрат Пернешұлы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы;
мына жол:
"Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Ермек Жианшаұлы Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің
төрағасы"
"Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы Сенатының депутаты";
аталған Комиссия құрамынан С.С.Қалмырзаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев