Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асырудың тиімділігін көтеру жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 314 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.

      Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында:
      1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асырудың тиімділігін көтеру жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын:

Исекешев                      - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы                 көмекшісі, Кеңес жетекшісі

Сұлтанов                      - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы               Экономика және бюджеттік
                                жоспарлау министрі,
                                Кеңес жетекшісінің орынбасары

Школьник                      - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич              Индустрия және сауда министрі,
                                Кеңес жетекшісінің орынбасары

Құлсейітов                    - Қазақстан Республикасы Президенті
Айдын Жеңісұлы                  Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                                мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                                орынбасары, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

Әшімов                        - Қазақстан Республикасының
Нұрғали Сәдуақасұлы             Қоршаған ортаны қорғау министрі

Бишімбаев                     - Қазақстан Республикасы Президенті
Қуандық Уәлиханұлы              Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                                мониторинг бөлімінің меңгерушісі

Есекеев                       - Қазақстан Республикасы
Қуанышбек Бақытбекұлы           Ақпараттандыру және байланыс
                                агенттігінің төрағасы

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы               Қаржы министрі

Күрішбаев                     - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы              Ауыл шаруашылығы министрі

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы           Көлік және коммуникация министрі

Ким                           - "Самұрық-Инвест" жауапкершілігі
Владислав Геннадьевич           шектеулі серіктестігінің
                                бас директоры (келісім бойынша)

Мамытбеков                    - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі"
Асылжан Сарыбайұлы              акционерлік қоғамы басқарма төрағасы
                                (келісім бойынша)

Мешімбаева                    - Қазақстан Республикасының
Анар Ертөлеуқызы                Статистика агенттігінің төрағасы

Мұханов                       - Қазақстан Республикасы Президенті
Мақсат Нұрдәулетұлы             Әкімшілігінің Стратегиялық
                                әзірлемелер және талдау орталығының
                                меңгерушісі

Мыңбаев                       - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы             Энергетика және минералдық
                                ресурстар министрі

Түймебаев                     - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы            Білім және ғылым министрі

      2. Кеңес бір ай мерзімде индустриялық-инновациялық саладағы қызметтің тиімділігін көтеру мәселелері және индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарды институционалдық күшейту жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады