Астана қаласында өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 205 өкімі

      Астана қаласында 2018 жылғы 10-11 қазанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне дайындық және оны өткізу бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру мақсатында:

      1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) мынадай құрамда құрылсын:

Тоқаев
Қасым-Жомарт Кемелұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Мемлекеттік комиссия төрағасы

Тәжин
Марат Мұханбетқазыұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары

Әбдірахманов
Қайрат Кұдайбергенұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары

Ермекбаев
Нұрлан Байұзақұлы

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары

Сыдықов
Серік Сламжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы, Мемлекеттік комиссия хатшысы

Мемлекеттік комиссия мүшелері:

Абаев
Дәурен Әскербекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

Арын
Берік Сақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл

Атамқұлов
Мәди Бәкірұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының басшысы

Ашықбаев
Ержан Нығматоллаұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

Байбек
Бауыржан Қыдырғалиұлы

-

Алматы қаласының әкімі

Балаева
Аида Ғалымқызы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

Бисембаев
Абай Айдарханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы

Біртанов
Елжан Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Жанұзақов
Асхат Ысқақұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

-

Астана қаласының әкімі

Күреңбеков
Амантай Жанкейұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Мұхамедиұлы
Арыстанбек

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

Мыңбай
Дархан Қамзабекұлы

-

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі

Сағадиев
Ерлан Кенжеғалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Тұрсынов
Әділ Қапанұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі

Үкібай
Айдос Ыдырысұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы


      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Мемлекеттік комиссия жұмысына қажетті жәрдем көрсетсін;

      2) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады