Орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 Өкімі.

      Бюджет қаражатын тиімді жұмсау және үнемдеу режимін күшейту мақсатында:

      1. Барлық орталық атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, жергілікті атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге 3 жыл мерзімге:

      1) қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден асатын базалық жиынтығынан жоғары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөлік құралдарын;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын арнайы және жедел-қызметтік автокөлік құралдарын (жеңіл автомобильдердің базасында);

      3) кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынсын.

      2. Мынадай деп белгіленсін:

      1) 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету, шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктерін, консулдық мекемелерін құру жағдайларына қолданылмайды;

      1-1) 1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкілдіктерін құру жағдайларына қолданылмайды;

      2) 1-тармақтың 2) тармақшасының талаптары арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды;

      3) 1-тармақтың 3) тармақшасының талаптары орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған жағдайларға қолданылмайды;

      4) 1-тармақтың 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.06.2021 № 604; 05.07.2022 № 337 өкімдері.

      3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен іс-шараларды жүзеге асырсын және мынадай сипаттағы шараларды қабылдасын:

      1) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы өкімнің 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға тыйым салу белгілесін;

      2) қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел міндеттерін шешу үшін қажетті автокөлік құралдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарды жеңіл автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің тиесілілік нормаларын қайта қарасын және оңтайландырсын;

      3) форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарды жоспарлау және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      4) бұдан бұрын шығарылған актілерді осы өкімге сәйкес келтірсін;

      5) осы өкімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.



      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады