"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 191 өкімі.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамында:

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Одиль Рено-Бассо

-

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің президенті (келісім бойынша),

Рональд Джеймс Поллетт

-

"Дженерал Электрик" компаниясының Ресейдегі/ТМД-дағы президенті және Бас атқарушы директоры (келісім бойынша),

Йошинори Катаяма

-

"Міtsubisһі" корпорациясының аға вице-президенті (келісім бойынша),

Ичиро Такахара

-

"Марубени Корпорейшн" директорлар кеңесінің мүшесі, вице-төрағасы (келісім бойынша),

Хуан Юнчжан

-

"СЫРС" корпорациясының вице- президенті (келісім бойынша),

Подгузов Николай Радиевич

-

Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Ашок Лаваса

-

Азия Даму Банкінің жекеше сектордағы операциялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша вице-президенті (келісім бойынша),

Рафаэль Гассет

-

"МЕТРО АГ" компаниясының бас операциялық директоры, басқарма мүшесі (келісім бойынша),

Нил Чапман

-

"Эксон Мобил" корпорациясының аға вице-президенті (келісім бойынша),

Витторио Грилли

-

"JPMorgan Chase International" инвестициялық банкінің Еуропа - Таяу Шығыс - Африка өңірі бойынша консультативтік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша),

Иан Коулберн

-

"Делойт" компаниясының ТМД бойынша бас атқарушы директоры (келісім бойынша),

Такаюки Уеда

-

"Инпекс" корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры (келісім бойынша);

      көрсетілген Кеңестің құрамынан: Лоренцо Симонелли, Исао Кано, Шигеру Ямазоэ, Хоу Цицзюн, Андрей Юрьевич Бельянинов, Дивакар Гупта, Филиппе Палацци, Нил Уильям Даффин, доктор Джейкоб Аарон Френкель, Дэвид Крукшэнк шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады