Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 293 өкімі.

      1. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын.

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдасын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 293 өкіміне
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының ҚҰРАМЫ

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Жұмыс тобының жетекшісі

Мусин Қанат Сергейұлы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары 

Жұмыс тобының мүшелері:

Әбдiрәсiлов Ермек Баяхметұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы

Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Әубәкірова Индира Оралқызы

"М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" АҚ Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы

Баймолдина Зауреш Хамитқызы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты

Бәшімов Марат Советұлы

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор

Волков Владимир Васильевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы

Жүгінісов Жаслан Есенғалиұлы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары

Идрышева Сара Қимәдиқызы

"М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" АҚ жеке құқық департаментінің профессоры, заң ғылымдарының докторы

Қалиева Эльмира Әбдікқызы

"Парламентаризм институты" ШЖҚ РМК директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы

Қожахметов Арман Төлешұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы

Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық, еңбек және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор

Нұрмұханов Бақыт Маратұлы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы 

Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор 

Төкиев Аслан Сұлтанұлы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Уақпаев Марат Сұлтанұлы 

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары

Ударцев Сергей Федорович

"М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" АҚ құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор

Шындалиев Әсет Қазақбайұлы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады