"Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, келiсiмдерiнiң және жекелеген заң актiлерiнiң бюллетенi" деген басылым шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1993 жылғы 30 сәуiр N 1192

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметi туралы мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және азаматтардың жедеғабыл хабарлар болуын арттыру мақсатында "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, келiсiмдерiнiң және жекелеген заң актiлерiнiң бюллетенi" деген басылым шығару белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Экономика министрлiгi жариялауға жататын халықаралық келiсiмдер Бюллетень редакциясына бiрiншi кезекте жiберiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Бюллетень үш айда бiр рет мерзiмдiлiкпен қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде шығарылып тұрады.
      4. Бюллетеньге әдiстемелiк басшылық ету және оны басып шығару Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн, оған 2 айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, келiсiмдерiн және жекелеген заң актiлерiн жариялау тәртiбiн әзiрлеу тапсырылады.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бюллетеньдi

әзiрлеу мен шығаруға арналған қажеттi қаржы бөлiнуiн көздейтiн
болсын.
     6. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Бюллетеньнiң
кiтап саудасы арқылы таратылуы мен өткiзiлуiн ұйымдастырсын.
     7. Байланыс министрлiгi Бюллетеньнiң жазылу бойынша таратылуын
қамтамасыз етсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады