Заң жобаларын әзiрлеу тәртiбi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1994 жылғы 17 маусым N 1751. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң шығару

бастамашылығы жоспарына енгiзiлген Заң жобаларын әзiрлеу тәртiбi
бекiтiлсiн.
     2. Министрлер Кабинетi, министрлiктер, мемкомитеттер, 
ведомстволар Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының 
бөлiмдерi Заң жобаларын әзiрлеудiң белгiленген тәртiбiн қатаң
сақтайтын болсын.
     3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентi Аппаратының Басшысына жүктелсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     


                                       Қазақстан Республикасы 

Президентiнiң 1994 ж. 17 маусымдағы N 1751 өкiмiмен бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң шығару
            бастамашылығы жоспарына енгiзiлген Заң жобаларын
                            әзiрлеу тәртiбi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң шығару бастамашылығы жоспарына енгiзiлген Заңдардың жобаларын жоспарға сәйкес құрылуға тиiс бас әзiрлеушi немесе жұмыс тобы жоспарда белгiленген мерзiмде әзiрлеп Қазақстан Республикасының Президентiне жiбередi.
      Заң жобасы тиiсiнше ресiмделуге тиiс: оның текстi қазақ және орыс тiлдерiнде баяндалады, оған жұмыс тобының басшысы мен бас әзiрлеушi болып табылатын ведомствоның бiрiншi басшысы, сондай-ақ мүдделi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар қол қояды. Заң жобасына қоса берiлетiн, түсiнiк жазбада оны әзiрлеу қажеттiгiнiң негiздемесi, болашақ Заңның мақсаты, мiндетi және негiзгi қағидалар мен оның қолданылып жүрген Заңдар жүйесiндегi орны, қолданудың тигiзетiн ықпалы толық сипатталуы керек. Жүзеге асыру қосымша материалдық және өзге шығындарды талап ететiн Заң жобасы ұсынылғанда оған тиiсiнше қаржылық-экономикалық негiздеме қоса берiлуге тиiс. Заң жобасы қолданылып жүрген Заң актiлерiне түзетулер енгiзумен байланысты болған жағдайда, Заң текстi мен оған ұсынылатын түзетулердiң қазақ және орыс тiлдерiнде салыстырмалы кестесi қамтылады. Егер жоба нормаларын жүзеге асыру қолданылып жүрген Заңдарға түзету енгiзудi немесе қолданылып жүрген актiлер нормаларын жоюды талап ететiн болса, мұндай жағдайда ұсынылатын Заң жобасына сонымен бiрге қолданылып жүрген Заңдарға енгiзiлетiн тиiстi түзетулер немесе ондағы нормаларды жою туралы актiлердiң жобалары қоса берiледi.
      Әзiрленген Заң жобасы Министрлер Кабинетiнiң, жоспарда жобаны бас әзiрлеушi ретiнде белгiленген ведомствоның немесе жоспарға сәйкес құрылуға тиiстi жұмыс тобы басшысының атынан ұсынылады.
      Заң жобасына Жоғарғы Кеңес қаулысының жобасы қоса тiркеледi.
      Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратына ұсынылғаннан кейiн ол Заң шығару бастамашылығы және құқықтық сараптама бөлiмiнде пысықталады және тиiстi қорытындысымен Республика Президентiне баяндау үшiн Аппарат Басшысына тапсырылады. Бөлiм өз қорытындысын Аппарат Басшысына тапсырғанға дейiн ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғарғы Кеңестегi жеке өкiлдерiнiң назарына жеткiзiледi. Жобаны Жоғарғы Кеңеске жiберу немесе қосымша пысықтау жөнiндегi шешiмдi Республика Президентi қабылдайды. Қазақстан Республикасының Президентi жобаны қосымша пысықтау жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда әзiрлеушiлерге Заң жобасын енгiзудiң жаңа мерзiмi белгiленедi.
      Заң жобасының уақтылы әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлуiне бақылау жасауды Заң шығару бастамашылығы мен құқықтық сараптама бөлiмi жүзеге асырады және ол бұл жұмыстың барысы жөнiнде Аппарат Басшысына үнемi хабарлап отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады