"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 2513
U952513_
Жарлығының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiн құру жөнiндегi ұйымдық мәселелердi жедел шешу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ұсталатын iшкi iстер органдары оперативтiк тергеу қызметкерлерiнiң 4148 адамнан тұратын санын беретiн болсын және оларды 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру мәселесiн шешетiн болсын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне оның тапсырысы бойынша кезекшi бөлiмдердi, күзет және өзге қамтамасыз ету бөлiмшелерiн жасақтау үшiн қосымша штат санын бөлсiн және оларды қаржыландыру мәселесiн шешсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне:
оларға Мемлекеттiк тергеу комитетi мен iшкi iстер органдары үшiн кадрлар даярлау жөнiндегi мiндеттердi шешудi жүктей отырып, Алматы және Қарағанды жоғары мектептерiн;
жергiлiктi бюджет немесе ұйымдардың демеушiлiк көмегi есебiнен сатып алынған және тергеу оперативтiк бөлiмшелерiне бекiтiлiп берiлген көлiк және техникалық жарақтарды, өзге мүлiктi, ал бөлiнетiн қызметтер бойынша тепе-тең берiлетiн штат санын;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 309 адамнан тұратын штат санының резервiн беретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрамына өтетiн тергеу оперативтiк бөлiмшелерi орналасқан iшкi iстер органдарының үйлерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң балансына беретiн болсын.
Iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн орналастыру үшiн қосымша үй-жайлар бөлiнсiн. Осы мәселе шешiлгенге дейiн олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне берiлген үйлерде орналасқан алаңдарды пайдалану құқығы сақталсын.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң төрағасы Ж.А.Тұяқбаев, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Қ.Ш.Сүлейменов "Мемлекеттiк тергеу комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 2513 Жарлығы мен осы өкiмнiң мүлтiксiз және уақтылы орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр апта мерзiмде осы өкiмдi жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi мен iшкi iстер органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды көздейтiн қаулы қабылдайтын болсын.
6. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Заңдылықты, құқық тәртiбi мен сот реформасын қамтамасыз ету бөлiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi