Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 6 қазандағы N 2513. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  44-бабының 3, 21-тармақтары мен 84-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, құқық қорғау органдарының жүйесiн жетiлдiру, құқық тәртiбiн нығайту мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi құрылсын. 
      2. Былай деп: 
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi қылмыстық iстер бойынша анықтау, алдын-ала тергеу жүргiзiлуiн және жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады; 
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының бiртұтас жүйесiн Мемлекеттiк тергеу комитетi, облыстардағы (Алматы қаласындағы) және көлiктегi оған тiкелей бағынатын Мемлекеттiк тергеу комитетi басқармалары, Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi, сондай-ақ айрықша әрi режимдiк объектiлер, оқу орындары, мекемелер мен ұйымдар құрайды. 
      3) Мемлекеттiк тергеу комитетi мен бағыныстағы органдардың қызметiн қаржыландыру, олардың тергеу оперативтiк қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына: 
      1) 1995 жылғы 1 қарашаға дейiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрылымы мен ол туралы Ереженi; 
      2) 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiн Республика Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы" Заң күшi бар Жарлығының жобасын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде тиiстi ұсыныстар беретiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрылуына байланысты мәселелердi қарау үшiн тиiстi комиссия (құрамы қоса берiлiп отыр) құрылатын болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Бас Прокуроры осы Жарлықтың 4-тармағында аталған комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне: 
      1) 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн - тергеу оперативтiк және олардың қызметiн қамтамасыз ететiн iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң штат санын; прокуратура органдары тергеу қызметкерлерiнiң штат санын; 
      2) осы Жарлық күшiне енген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде - iшкi iстер мен прокуратура органдарына бекiтiлген ғимараттарды, үй-жайларды, көлiктi, техникалық жарақтарды және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi басқа да қаржы және материалдық ресурстарды беретiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде: 
      1) Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оған бағынысты органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешетiн болсын; 
      2) Қазақстан Республикасының Президентiне Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оған бағынысты органдардың қызметкерлерiне олардың ақшалай үлесi осы Жарлық күшiне енген күнi қолданылып келген прокуратура мен iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiнiң деңгейiнен төмен болмауын көздей отырып, еңбек ақы төлеу жүйесi жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн; 
      3) Үкiметтiң бұрынғы жарияланған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн. 
      7. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың әкiмдерiне 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық органдарын ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң барлық қажеттi мәселелерiн шешу мiндеттелсiн. 
      8. Осы Жарлықтың 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 2-тармағының 1) -тармақшасын қоспағанда осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы          
Президентiнiң 1995 жылғы         
6 қазандағы N 2513 Жарлығына       
қосымша                   

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң 
           құрылуына байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi
                          Комиссияның құрамы 

                Комиссияның төрағасы 

     Шайкенов Н.А.        - Қазақстан Республикасы
                            Премьер-министрiнiң орынбасары     

            Комиссия төрағасының орынбасарлары: 

     Тимкин М.И.          - Қазақстан Республикасы Президентi
                            Аппараты Басшысының бiрiншi орынбасары

     Шуткин С.И.          - Қазақстан Республикасы Үкiметi 
                            Аппараты Басшысының орынбасары 

                Комиссия мүшелерi: 

     Антропов П.К.        - Қазақстан Республикасы Бас
                            Аппаратының Қаржы, еңбек және ақша
                            айналысы бөлiмi меңгерушiсiнiң
                            бiрiншi орынбасары

     Константинов А.В.    - Қазақстан Республикасы Бас
                            Прокурорының бiрiншi орынбасары

     Мұқашев Ж.Ж.         - Қазақстан Республикасы Қаржы
                            министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Шоқпытов А.М.        - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                            мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                            комитетi төрағасының орынбасары  
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшылары. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады