"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 18 наурыз N 2908

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U962828_ жүзеге асыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
      1) 1996 жылғы 1 сәуiрiне дейiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құзыреттi органдары туралы ереже;
      2) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      жер қойнауын пайдалану операциялары жөнiндегi өтелуге тиiс шығындарды тиесiлеу тәртiбi туралы ереже;
      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды өткiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереже;
      жалпы кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi;
      кен орындары мен пайдалы қазбалары бiлемдерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ереже;
      техногендi минералды түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ереже;
      зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және сарқынды суды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереже;
      3) 1996 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
      пайдалы қазбаларды барлауға және /немесе өндiруге лицензия алу

құқығына арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткiзу
тәртiбi мен шарттары туралы ереже;
     пайдалы қазбалары қорының мемлекеттiк балансын жүргiзу тәртiбi
туралы ереже;
     жер қойнауын қорғауды  мемлекеттiк бақылау туралы ереже;
     астында пайдалы қазбалары бар алаңдарға құрылыс салуға рұқсат
беру тәртiбi туралы ереже;
     қатты пайдалы қазбаларды, мұнайды, газды, жерасты сулары кен
орындарын игеру кезiнде жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай ережесi;
     жер қойнауын ұтымды пайдаланбағаны үшiн айыппұл төлемдерi
туралы ереже;
     жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi туралы ереже;
     жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ереже;
     радиоактивтi қалдықтарды көму тәртiбi туралы ереже;
     зиянды заттарды жер қойнауына көму және сарқынды суды жер
қойнауына ағызу тәртiбi туралы ереже.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады