Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметiн, сондай-ақ оның объектiлерiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 30 сәуiр N 2968

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығын, республикалық бюджетте оны қамту үшiн көзделген қаражат шегiнде, үнемi қаржыландыруды қамтамасыз ету;
      2) Ұлттық ядролық орталықтың ядролық және радиациялық қатерi бар объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, осы объектiлердiң техникалық қорғалуын күшейтудi және бұларды Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының күзетуiне берудi көздей отырып, әрi бұл ретте осы мақсаттар үшiн тартылған кадрларды iрiктеуге ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету;
      3) Ұлттық ядролық орталықтың әлеуметтiк саласы объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беру;
      4) Ресей Федерациясының үкiметiнен Қазақстанның аумағында жүргiзiлген ядролық жарылыстардың радиациялық зардаптары жайындағы архив материалдарын алу;
      5) Семей, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында радиоактивтiк қалдықтардың орналастыруы үшiн алынатын төлемнiң мөлшерiн анықтауға қатысуы және оны осы аумақтарда тұратын халыққа тиiстi өтемақы төлеу үшiн жергiлiктi бюджеттерге енгiзу;
      6) бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жұмыс iстейтiн Ұлттық ядролық орталықтың 12 ғылыми қызметкерiне мемлекеттiк стипендиялар белгiлеу жөнiнде шаралар қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады