Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн бiтiрушiнiң дипломы мен омырауға тағатын белгiсiнiң үлгiсi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1998 жылғы 25 ақпан N 3852. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.11.12. N 4142 өкiмiмен. ~N984142

 


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 12 қарашадағы

N 3216 


U963216_


  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы

Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк басқару Мектебi

туралы Ереженiң 21-тармағына сәйкес ҰЖМБМ бiтiрушiсiнiң дипломы туралы

ереже мен омырауға тағатын белгiсiнiң үлгiсi бекiтiлсiн (қоса берiлiп

отыр).


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


                                         Қазақстан Республикасы

                                              Президентiнiң

                                         1998 жылғы 25 ақпандағы

                                             N 3852 өкiмiмен

                                               бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Ұлттық

         Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiнiң дипломы туралы


                                ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi (бұдан былай - ҰЖМБМ) дипломының мәртебесiн белгiлейдi.
      1. Диплом - ҰЖМБМ-ды бiтiргенiн және магистрлiк немесе диплом жұмысын қорғағанын куәландыратын ресми құжат.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiнiң дипломы ҰЖМБМ-да толық оқу курсынан өткен, магистрлiк немесе диплом жұмысын қорғап:
      басқару қызметiнде терең теориялық бiлiмi мен iс-тәжiрибе дағдысын;
      әлеуметтiк-экономикалық процестерге талдау жасай бiлу қабiлетiн, кәсiби қызметте ғылыми әдiстеменi қолдана бiлетiндiгiн;
      әлемдiк процестердiң, мемлекеттiк институттардың, оның құрылымдары мен қызметтерiнiң даму заңдылықтарын түсiнетiндiгiн;
      психологияны меңгергенiн және адамдармен тiл табыса жұмыс iстей алатындығын;
      мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қажеттi ауқымда бiлетiндiгiн;
      қазiргi заманғы халықаралық, iскерлiк, кәсiби әдептi бiлетiндiгiн, дәлелдi, пiкiрталасын жүргiзе алатындығын;
      өз бiлiмiн көтеруге мәдениет әлемiне ден қоюға құштарлығын;
      басқару құралы ретiнде ақпараттық технологияларды пайдалана бiлетiндiгiн;
      салауатты өмiр салты жөнiнде ғылыми түсiнiгi бар екендiгiн, дене бiтiмiн жетiлдiру қабiлетi мен дағдысын көрсеткен адамдарға берiледi.
      3. Үздiк нәтижелер көрсеткен тыңдаушыларға үздiк диплом тапсырылады. Үздiк диплом алу үшiн қажеттi шаралар ҰЖМБМ Кеңесi бекiткен Бiлiмге баға беру жүйесi мен бiлiм бақылау тәртiбi туралы ережемен белгiленедi.
      4. ҰЖМБМ-ның дипломы мен оның қосымшасына Мемлекеттiк аттестациялық комиссиясының төрағасы мен ҰЖМБМ директоры қол қояды.
      5. ҰЖМБМ-ның дипломын, әдетте, мемлекеттiң басшы лауазымды адамдары салтанатты жағдайда тапсырады.
      6. ҰЖМБМ-ды бiтiрушiлер Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң кадрлар резервiн құрайды.
      7. Диплом алған мектеп бiтiрушiлерге ҰЖМБМ-ға түскенге дейiн атқарған лауазымынан төмен емес мемлекеттiк қызметке орналасуға кепiлдiк берiледi.
      Ақылы негiзде оқығандар жұмысқа өздерi орналасады.
      8. ҰЖМБМ дипломының болуы оның иесiн мемлекеттiк қызмет бабында

 

жоғарылату туралы мәселе шешiлген кезде ескерiледi.

     9. ҰЖМБМ-ға түскенге дейiн мемлекеттiк қызмет стажы болмаған

мектеп бiтiрушiлер үшiн диплом мемлекеттiк қызметке конкурстан тыс

қабылдауға негiз болып табылады.

     10. ҰЖМБМ-ның толық оқу курсынан өткен, бiрақ магистрлiк (диплом)

жұмысын қорғамаған тыңдаушыға куәлiк берiледi.

     11. ҰЖМБМ жанынан ұйымдастырылған қысқа мерзiмдi курстарды

бiтiрген мемлекеттiк қызметшiлерге куәлiк берiледi.

     12. Куәлiк үлгiсiн Қазақстан Республикасының Президентi

Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.

     13. Куәлiкке ҰЖМБМ-ның директоры қол қояды.

     14. Дипломды (куәлiктi) жоғалтып алған жағдайда иесiнiң өтiнiшi

бойынша оған екiншi нұсқасы жазылып берiледi.



                                         Қазақстан Республикасы

                                              Президентiнiң

                                         1998 жылғы 25 ақпандағы

                                             N 3852 өкiмiмен

                                               бекiтiлген


         Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық

             Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн (ҰЖМБМ)

               бiтiрушiнiң омырауға тағатын белгiсiнiң


                                ҮЛГIСI


     ҰЖМБМ-ды бiтiрушiнiң белгiсi мынадай болып келедi: сегiз қырлы

таңба өрiсiнде беттерi ашық кiтап орналасқан, оның сол жақ жоғары және

оң жақ төменгi бұрыштары таңба шекарасынан шығып тұрады. Кiтаптың сол

жақ бетi таза, оң жақ бетiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

нышаны - күн мен оның сәулесi аясында қалықтаған қыран бейнеленген.

Бұл бейнелер шеңберге алынып, оның iшкi жағында Мектептiң аты

жазылған.


     Омырау белгiсi түсiнiң сипаттамасы:

     күн, қыран - алтын түстi;

     кiтап - көгiлдiр эмаль;

     сегiз қырлы таңба - алтын түстi;

     мекеменiң аты - алтын түстi;

     шеңбер - ақ эмаль;

     жиектемесi - алтын түстi.


     Белгi нышандарының мағынасы:

     1. Кiтап - ҰЖМБМ-ның негiзгi мақсатын айқындайтын iлiм мен бiлiм

қайнарының әмбебап нышаны.


 
       2. Күн мен оның сәулесi аясында қалықтаған қыран егемен Қазақстанның мемлекеттiк нышандарының белгiлерi. Нышандардың бұл бөлiмi ҰЖМБМ-ның Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы мекемелер жүйесiне кiретiндiгiн көрсетедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады