Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы Мемлекетаралық Кеңесiнiң "Интеграциялық Комитеттiң орналасқан жерiн өзгерту туралы" 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 29 шешiмiн iске асыру мақсатында:
1. Былай деп белгiленсiн:
1) медициналық, тұрғын үй, көлiк, санаторий-курорттық қызмет көрсетiлу деңгейi жөнiнен:
Интеграциялық Комитет төрағасының лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Бiрiншi орынбасарының лауазымына теңестiрiледi;
Интеграциялық Комитет аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi қызметкерлерiнiң тиiстi лауазымдарына теңестiрiледi;
2) қызметтiк куәлiктер:
Интеграциялық Комитет төрағасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң қолы қойылып;
Интеграциялық Комитет аппаратының басшы қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң қолы қойылып берiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы:
1) Интеграциялық Комитеттi орналастыру үшiн мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Республика алаңы 4, жалдау ақысын алмай үй-жай бөлетiн болсын;
2) Интеграциялық Комитеттiң жұмыс бабындағы автомобильдерiне қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн;
3) Интеграциялық Комитеттiң Беларусь Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасы
азаматтарының iшiнен жауапты қызметкерлерi мен iссапарға келген
адамдарды орналастыру үшiн қызметтiк пәтерлердiң қажеттi санын
бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Интеграциялық Комитеттiң басшы қызметкерлерiн үкiметтiк байланыс
құралдарымен қамтамасыз ететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi