Әділет біліктілік алқасының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының шешімдеріне берілген шағымдар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 17 маусым N 54

 

      Жоғарғы Сот Кеңесінің 1999 жылғы 8 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" U952694_ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының 50-бабына сәйкес:
      1. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Д.С. Ахмедиевтің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Әділет біліктілік алқасының 1999 жылғы 24-26 ақпандағы шешімінің атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне байланысты Д.С. Ахмадиевті қызметінен босатуға ұсыным беру жөніндегі бөлігі күшінде қалдырылсын.
      2. Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының судьясы Қ.Қ. Исаевтың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Әділет біліктілік алқасының 1999 жылғы 26-27 сәуірдегі шешімінің атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне байланысты Қ.Қ. Исаевты қызметінен босатуға ұсыным беру жөніндегі

 

бөлігі күшінде қалдырылсын.

     3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1999

жылғы 4 ақпандағы Т.С. Жармұхамедов жөніндегі шешімінің күші жойылсын

және іс жүргізу тоқтатылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Омарбекова А.Т.)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады