Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Армения Республикасының Әділет министрлігі,
сот сараптамасы саласындағы байланыстарды қалыптастыруға ұмтыла отырып және қазіргі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екі мемлекеттің де ұлттық мүдделеріне жауап береді деп санай отырып,
құқық және құқық қолдану тәжірибесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолымен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар сот сараптамасының, сараптамалық тексеру тиімділігінің, сараптамалық зерттеудің әдістері мен әдістемелердің жаңаларын жасаудың, ал қолданылып жүргендерін жетілдірудің, сараптау практикасының тәжірибесімен алмасудың теориялық және әдістемелік проблемаларын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2-бап
Тараптар ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде бір-бірімен тікелей, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптау орталығы және Армения Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы арқылы да қатынасады.
3-бап
Тараптар сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты, өздерінің құзыретіне жататын қызметтің мынадай бағыттарында дамытатын болады:
- сот сараптамасы проблемалары жөніндегі ғылыми жұмысты үйлестіру, әдістері мен әдістемелерін бірлесіп әзірлеу;
- ақпараттық-анықтамалық қызмет саласында деректер алмасу;
- жаңа әдістер мен әдістемелерді игеру үшін бірлескен семинарлар, курстар өткізу;
- сарапшы ғылыми кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық;
- тағылымдама алушылармен алмасу;
- ғылыми зерттеулер мен сараптама қорытындыларын рецензиялау;
- әдістемелік және ғылыми әдебиеттер алмасу;
- ғылыми және сараптау қызметі мәселелерінде бір-біріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
4-бап
Тараптар өзара уағдаластық бойынша осы Келісімде көзделмеген, бірақ Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсаттарына жауап беретін іс-шараларға жәрдемдесетін болады.
5-бап
Осы Келісімнің шеңберінде қабылданған міндеттемелер өтеусіз негізде орындалатын болады.
Осы Келісімді орындауға байланысты ықтимал шығыстардың өтеу тәртібі Тараптармен әрбір жағдайда жеке ескерілетін болады.
6-бап
Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделеді.
Осы Келісім Тараптар бекіткен халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелеріне ықпал етпейді.
7-бап
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру барысында Тараптардың арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілетін болады.
8-бап
Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Келісім Тараптардың бірі осы Келісімнің күшін тоқтату туралы өзінің ниетін екінші Тарапқа жазбаша білдірген күннен бастап алты ай өткенге дейін өз күшінде қалады.
Ереван қаласында 2001 жылғы 23 мамырда әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Тараптар осы Келісімнің мәтінін түсіндіру мәселелерінде орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
(Қолдары)
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.