Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
Адам құқықтары жөніндегі кеңес
Он сегізінші сессия
Күн тәртібінің 3-тармағы
Даму құқығын қоса алғанда, барлық адам құқықтарын,
азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтарды көтермелеу және қорғау
Адам құқықтары жөніндегі кеңес,
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті және Балалар құқықтары туралы конвенцияны қоса алғанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына және барлық тиісті халықаралық шарттарға сүйене отырып,
қамаудағыларға қараудың Ең төмен стандарттық ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыруға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Ең төмен стандарттық ережелері (Пекин ережелері), қамадауғыларға қараудың Негізгі принциптері, қандай да бір нысанда ұстауға немесе қамауға тартылған барлық адамдарды қорғаудың Принциптер жинағы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты ескерту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Басшылық принциптері (Эр-Риядтық басшылық принциптер) және бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Ережелері (Гаван ережелері), қылмыстық сот төрелігінің жүйесінде балалардың мүдделеріне жасалатын іс-әрекеттерге қатысты Басшылық принциптері (Веналық басшылық принциптер) және құрбан-балалар мен қылмыстың куәгері қатысуына байланысты мәселелердегі сот төрелігіне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Басшылық принциптері сияқты сот төрелігін, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру саласындағы басқа да сансыз көп халықаралық стандарттар мен нормаларды есепке ала отырып,
лайықты көңілге елеулі соңғы жаңа енгізілімдердің бірі ретінде Бас Ассамблеяның 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 65/229 қарармен қабылданған қамаудағы әйелдерге қарауға және бас бостандығына байланысты емес құқық бұзушы әйелдер үшін жазалау шараларға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Ережелерін (Бангкок ережелері) және ғалами қарсы шығуларға жауап үшін: Ассамблеяның 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 65/230 қарарымен қабылданған қылмысты ескерту және қылмыстық сот төрелігі жүйесі және өзгермелі әлемде дамуының кешенді стратегиялары туралы Сальвадор декларациясын қолдай отырып,
аталған мәселе бойынша Адам құқықтары жөніндегі кеңестің, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Бас Ассамблеяның және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің барлық қарарларына, атап айтқанда Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 2008 жылғы 28 наурыздағы 7/29 және 2009 жылғы 25 наурыздағы 10/2 қарарына, Ассамблеяның 2007 жылғы 18 желтоқсандағы 62/158, 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 63/241 және 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 65/231 қарарларына және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 2009 жылғы 30 шілдедегі 2009/26 қарарына сүйене отырып,
Адам құқықтары жөніндегі комитеттің жалпы тәртіптегі № 21 бас бостандығынан айырылған адамдарға адамгершілікпен қарау туралы және № 32 сот және трибунал алдында тең және сотта істі қарау құқығы туралы ескертулерді қабылдауын, сондай-ақ Балалар құқықтары жөніндегі комитеттің № 10 кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру шеңберінде балалар құқықтары туралы және № 13 барлық зорлық-зомбылық жасаудан баланың бостандық құқығы туралы ескертулерді қабылдауын қызығушылықпен белгілей отырып,
2012 жылы отырысты толық жұмыс күні ішінде балалар құқықтары және сот төрелігін іске асыру туралы мәселеге арнау туралы шешімін назарға ала отырып,
кәмелетке толмағандардға қатысты сот төрелігін іске асыру, құқықтың ұлықтылығы және сот төрелігі саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үйлестіруді жақсарту мақсатында қолданған Бас хатшының жігерін құптай отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғары комиссарының Адам құқықтары жөніндегі басқармасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының, Бас хатшының Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау туралы мәселе бойынша арнаулы өкілінің және Бас хатшының Балалар және қарулы жанжалдар туралы арнаулы өкілінің сот төрелігін іске асыру саласында атқарған маңызды жұмысына алғыспен белгілей отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорын, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғары комиссарының Адам құқықтары жөніндегі басқармасын, Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасын, Дүние жүзін қолдау жөніндегі операциялар департаментін, Балалар құқықтары жөніндегі комитетті және әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда кәмелетке толмағандарға және олардың мүшелеріне қатысты Сот төрелігі жөніндегі мекемеаралық топтың жұмысын, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі саласында техникалық кеңес және көмек беру ісінде олармен жүзеге асырылған үйлестіруді, сондай-ақ азаматтық қоғамның тиісті жұмыстарына белсенді қатысуын қанағаттана белгілей отырып,
адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және сот төрелігін іске асыру кезінде қандай да бір кемсітушілік болмаудың маңызды алғышарттары соттардың тәуелсіздігі және алаламайтындығы, заңгердің тәуелсіздігі және сот жүйесінің қиянатқа бармайтындығы болып табылатынын қайта растай отырып,
сот төрелігін іске асыру жолымен заңның ұлықтылығын нығайту үшін маңызды негіз барлығы үшін сот төрелігіне рұқсат құқығы болып табылатынын баса айта отырып,
әрбір мемлекет адам құқықтарының бұзылуына байланысты шағымдарды қарау және мұндай бұзушылықтарды жою үшін құқықтық қорғау құралдарының тиімді жүйесін құру керектігі туралы ескерте отырып,
бас бостандығынан айырылған адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру құқық бұзушылар заңға бағынышты өмір салтын жүргізуге және қоғам өміріне келгеннен кейін керектігін қамтамасыз етуге қаншалықты дайын және икемді екенін қамтамасыз ете отырып қылмыстық сот төрелігі жүйесінің маңызды мақсаттарының бірі болу керектігін сондай-ақ ескерте отырып,
бас бостандығынан айырылған адамдар түрмеге қамау фактісімен сөзсіз негізделген заңды шектеулерді қоспағанда, тартынуларға жол бермейтін адам құқықтарын және басқа да адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды пайдалануын жалғастыратын принцип маңыздылығын тани отырып,
сот төрелігін іске асыру және олардың зорлық-зомбылық жасау, қиянат жасау, әділетсіздік және қорлау алдында әлсіздік кезінде балалар мен кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әсіресе бас бостандығынан айырылған әйелдердің жағдай ерекшеліктерін есепке ала отырып ерекше қырағылық қажеттілігін сезіне отырып,
баланың ең жақсы мүдделері бас бостандығынан айыруға қатысты кез-келген шешімдерді қабылдау кезінде негізгі түсінік болу керек, және атап айтқанда балалар мен кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру тұтқынға алу, ұстау немесе қамауға алу жағдайлары кезінде балаларды ересектерден бөлек ұстау үшін төтенше шара ретінде және уақыттың қысқа қажет кезеңі ішінде ғана, әсіресе сотқа дейін пайдалану керектігін растай отырып,
баланың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету ата-аналарына немесе тиісті жағдайларда, заңды немесе негізгі қамқоршысына үкім шығаруға байланысты балаға қатысты барлық мәселелердегі маңызды фактор болу керектігін сондай-ақ растай отырып,
1. Бас хатшының Адам құқықтары жөніндегі кеңеске ұсынған сот төрелігін, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтары туралы мәселе бойынша соңғы баяндамаларын қолдайды;
2. сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтары саласында Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық стандарттарын толық және тиімді қолдану маңыздылығын қайта растайды;
3. осы стандарттарды толық масштабты қолдану үшін тиімді заңнамалық, соттық, әлеуметтік, білім және басқа да механизмдер мен процедураларды, сондай-ақ жеткілікті ресурстарды қамтамасыз ету мақсатында барлық күшін салуға мемлекетті шақырады және әмбебап мерзімді шолу процессінде сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтары туралы мәселені назарға алуды ұсынады;
4. үкіметтерге ұлттық даму жоспарларына даму процессінің ажырамас бөлігі ретінде сот төрелігін іске асыру мәселелерін қосуды және адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мақсатында заңи көрсетілетін сабағаттық қызметтер ұсыну үшін тиісті ресурстар бөлуді және халықаралық қоғамдастықты сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметті кеңейту және нығайту үшін қаржылық және техникалық көмек көрсету туралы өтінімдерге оң елеуді ұсынады;
5. сот төрелігін іске асыру саласында, атап айтқанда сот жүйесін, полицияны және қылмыстық-атқарушы жүйесін реформалау арқылы жанжал жағдайлардағы әлеуметтік тұрақтылықты және құқық тәртібін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің реформасын қамтамасыз ету және қолдау мақсатында ұлттық әлеует құрудың ерекше қажеттілігін баса айта отырып;
6. үкіметтерге барлық судьялар, адвокаттар, прокурорлар, әлеуметтік жұмыскерлер, көші-қон қызметінің қызметкерлері, түзету мекемелері мен полициялар және сот төрелігін іске асыру саласында жұмыс істейтін басқа да мамандар үшін кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін қоса алғанда сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтарының мәселелері бойынша даярлауды, оның ішінде нәсілшілдікпен күрес, мәдениеттердің сан алуандылығы және гендерлік фактор мен балалар құқықтарының есебін қамтамасыз етуді ұсынады;
7. тиісті заңдарды, процедураларды, саясат пен практиканы әзірлеу және іске асыру кезінде қамаудағы әйелдерге қарауға және бас бостандығынан айырылмаған құқық бұзушы әйелдер үшін жазалау шараларына қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Ережелеріне лайықты көңіл бөлуге мемлекетті шақырады және арнаулы процедуралардың тиісті мандат алушыларға, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғары комиссарының Адам құқықтары жөніндегі басқармасына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасына және басқа да барлық тиісті ұйымдарға осы ережелерді өз қызметінде назарға алуға ұсынады;
8. заңмен қайшылыққа түскен әрбір баламен және кәмелетке толмағанмен сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтарын сақтауға қатысты тиісті халықаралық стандарттарды есепке ала отырып халықаралық құқықтың ережелеріне сәйкес оның құқықтарына, қадір-қасиеті мен мұқтаждықтарына жауап беретіндей қарау керектігін құптайды және Бала құқықтары туралы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерді онда бекітілген принциптер мен ережелерді қатаң сақтауға шақырады;
9. осыны әлі жасамаған мемлекеттерге құқық тәртібін қолдау бойынша қызметтері шеңберінде бала мүдделерінің есебін қамтамасыз етуді және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау және онымен күресу үшін кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі саласында, сондай-ақ жәрдемдесу, атап айтқанда, қылмыстық әділет жүйесінің құзырынан алып тастау сияқты балама шаралар және реституциялық сот төрелігін қолдану және балаларды бас бостандығынан айыру төтенше шара ретінде және уақыттың қысқа қажет кезеңі ішінде ғана пайдаланылатын, сондай-ақ балаларды сотқа дейін бас бостандығынан айыруды болдырмайтын принципті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кешенді саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруды ұсынады;
10. кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру шеңберінде балама шараларды кең және тиімді қолдану үшін сот төрелігінің секторлары, әртүрлі құқық қорғау қызметтері, әлеуметтік қамтамасыз ету және білім секторлары арасындағы тығыз ынтымақтастыққа жәрдемдесуді мемлекетке ұсынады;
11. өз саясатына кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелі саласында бұрынғы жас құқық бұзушыларды оңалту және қалпына келтіру мәселелері жөніндегі стратегияларды, атап айтқанда оларды қоғамда жасампаз рөл атқаруға оятуға тартылған ағарту бағдарламалары арқылы қосу маңыздылығын баса айта отырып;
12. мемлекеттерге қылмыстық жауапкершіліктің ең төмен жасын тым төмен деңгейде белгілемей баланың эмоциялық, рухани және зиялылық кемелденуін есепке алуды ұсынады және осыған орай барлық мемлекеттің бірі қалмай қылмыстық жауапкершілікке тым төменгі минималды жасын абсолют минимум ретінде 12 жасқа дейін ұлғайту және оны ең жоғары жас шамасына дейін ұлғайтуды жалғастыру туралы Балалар құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымына сүйенеді;
13. заңнамаларында және 18 жасқа толмаған адамдармен жасалған қылмыс практикасында өлім жазасы немесе босату мүмкіндігісіз өмір бойы қамау түріндегі үкімге ұшыратпауды қамтамасыз етуге мемлекетті бұлтартпай шақырады;
14. қылмыстық күнә ретінде қаралмайтын және оны ересек адам жасаған жағдайда жазаға ұшырамайтын кез-келген әрекет баланы стигматизациялауға, виктимизациялауға және қылмыстандыруға жол бермеу мақсатында қылмыс түрінде қаралмауын және бала жасаған жағдайда жазаға ұшыратпауын көздейтін заңнаманы қабылдауға немесе қайта қарауға мемлекетті шақырады;
15. адам саудасының құрбаны болған балалар заңсыз әрекетке қатысқанын, егер мұндай қатысушылық адам саудасының құрбаны ретінде олардың жағдайын тікелей тергеу болып табылса, қылмыстық жауапкершілікке жатқызбау үшін, барлық қажетті шаралар қабылдауға мемлекетті бұлтартпай шақырады;
16. жеке өмірінің дербес құқықтылығына балалар құқығы туралы ескерте отырып, адам құқықтары жөніндегі тиісті халықаралық шарттарды толық сақтай отырып және сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтарын сақтауға қатысты қолданылған халықаралық стандарттарды есепке ала отырып сот төрелігінің іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесінде болған балалар туралы тиісті ақпарат жинауды мемлекеттерге ұсынады;
17. қылмыстық сот төрелігінде болушы балаларды қоса алғанда, балалар құқықтарының мониторингі және оларды қорғау үшін және балалардың проблемаларын шешу үшін тәуелсіз ұлттық немесе қосалқы ұлттық механизмдер құру туралы мәселені қарастыруға мемлекетті шақырады;
18. Балалар құқықтары жөніндегі комитетпен 2011 жылы ұйымдастырылатын «Ата-аналары қамауда болған балалардың жағдайы» атты тақырып бойынша жалпы пікірсайыс күнін қызығушылықпен айта отырып, балалары үшін ата-аналарын бас бостандығынан айыру салдарларына тым үңіле көңіл бөлу маңыздылығын баса айтады;
19. сот төрелігінің жүйесінде болушы балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық нысандарын болдырмау және жол бермеу мақсатында құқықтық реформаны жүзеге асыру қажет болған жағдайды қоса алғанда барлық қажетті және тиімді шаралар қабылдауға мемлекетті бұлтартпай шақырады;
20. Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті мекемелері мен бағдарламаларына, атап айтқанда сот төрелігін іске асыру саласында ұлттық әлеуетті және инфрақұрылымды нығайту мақсатында кәмелетке толмағандарға қатысты Сот төрелігі жөніндегі мемекемеаралық топқа, атап айтқанда мемлекеттер Топтың хатшылық алқасына және оның мүшелеріне жеткілікті ресурстарын ұсынуды бұлтартпай ұсына отырып кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі саласында техникалық кеңес және көмек беру туралы өтінімдерімен жүгінуге мемлекетті шақырады;
21. Адам құқықтары жөніндегі кеңестің тиісті арнаулы процедураларына кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін қоса алғанда, сот төрелігін іске асыру кезінде адам құқықтарын тиімді қорғауға қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлуге және тиісті жағдайларда осы мәселелер бойынша нақты ұсынымдар, оның ішінде консультациялық қызметтер және техникалық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар беруге шақырады;
22. сот төрелігін, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру саласында ұлттық әлеуетті құру жөніндегі қызметке байланысты консультациялық қызметтер және техникалық көмек беруді белсендіруге Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарын шақырады;
23. озық тәжірибе, ұлттық заңнама және халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары туралы ақпаратпен алмасу үшін ашық құрамда мемлекетаралық сарапшылар тобын құру туралы және Қылмысты ескерту және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссары үшін кейінгі ықтимал қадамдар туралы ұсынымдарды жасау мақсатында түзету теориясы мен озық тәжірибеде соңғы жетістіктерін көрсету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қамаудағыларға қараудың Ең төмен стандарттық ережелерін қайта қарау туралы шешімді қанағаттанып белгілейді және осыған орай сарапшылар тобына Жоғары комиссары басқармасының және басқа да тиісті мүдделі тараптардың сараптау білімдерін пайдаланып қалуға ұсынады;
24. Жоғары комиссарының басқармасына Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс басқармасы және Бас хатшының Балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәселесі жөніндегі арнаулы өкілімен бірлесіп ювеналдық әділет жүйесінде болушы балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасауды болдырмау және жол бермеу туралы мәселесі бойынша сарапшылардың консультациялық кеңесін ұйымдастыруды және оның нәтижелері туралы баяндама беруді ұсынады;
25. Жоғары комиссарды Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жиырма бірінші сессиясына адам құқықтары саласындағы барлық тиісті стандарттар туралы еске сала отырып және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті құқық қорғау механизмдерін есепке ала отырып бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған адамдардың адам құқықтарын қорғау туралы талдамалы баяндамасын ұсынуды сұрайды;
26. осы мәселені өзінің жыл сайынғы жұмыс бағдарламасына сәйкес күн тәртібінің осы тармағы шеңберінде қарауды қаулы етеді.
36-мәжіліс
2011 жылғы 29 қыркүйек
[Дауыс берусіз қабылданды.]