(2016 жылғы 8 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 5, 79-құжат)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Босния және Герцеговина Әділет министрлігі (бұдан әрі - Тараптар),
халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын халықаралық стандартқа сәйкес келтіру бойынша талаптарын түсіне отырып,
халықаралық құқықтық жәрдемдесуді дамыту үшін екі министрліктің арасында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамытуды қалай отырып,
екіжақты қатынастарды дамытудағы өз ниеттерін растай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Ынтымақтастық салалары
1. Тараптар мынадай салаларда ынтымақтасады:
1) заң шығармашылық саласында, нормативтік құқықтық актілер мен заңдарды орындау, сондай-ақ заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен тәжірибе алмасу;
2) адамдардың және азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
3) заңнама саласындағы заң жобалау, сараптамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары;
4) Тарап мемлекеттерінің әділет органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) Тараптардың лауазымды адамдарының кәсіби деңгейін көтеру.
2. Тараптар осы Меморандум шегінде өзара мүдделерді көрсететін өзге де салаларда ынтымақтасады.
2-бап
Ынтымақтастық нысаны
Тараптар келесі нысандарда ынтымақтасады:
1) Тараптар делегацияларымен алмасу;
2) осы Меморандумның 1-бабында көрсетілген, ғылыми құқықтық зерттеу, тәжірибелік оқыту, заң кәсіптік дайындық салаларында құқықтық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу;
3) құқық саласында жалпы қол жетімді нормативтік құқықтық актілерімен, материалдармен және жарияланымдармен алмасу.
3-бап
Шығындар
Тараптар осы Меморандумды іске асыруға байланысты шығындарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында көзделген қаражаттар шегінде дербес көтеретін болады.
4-бап
Тілдер
Тараптар осы Меморандумды іске асыру кезінде бір-бірімен ағылшын тілінде не өзара уағдаластық бойынша өзге тілдерде өзара іс-қимыл жасайды.
5-бап
Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу
Тараптар өзара келісім бойынша осы Меморандумға оның ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын және жеке хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
6-бап
Күшіне ену
Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Меморандум белгісіз кезеңге жасалады.
Тараптардың әрқайсысы осы Меморандумның қолданысын басқа Тараптың дипломатиялық арналары арқылы өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы тоқтата алады.
Осы Меморандумның қолданысы тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш (3) ай мерзім өткеннен кейін тоқтатылады.
Сараево қаласында, 8 маусым 2016 жылы әрқайсысы қазақ, орыс, босния, серб, хорват және ағылшын тілдерінде, екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде қандай да бір келіспеушілік жағдайында Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Босния және Герцеговина
Әділет министрлігі үшін Әділет министрлігі үшін