Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2017 жылғы 5 сәуір

      (2017 жылғы 5 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 36-құжат)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын)

      күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастыққа және оны дамытуға аса назар аудара отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      мемлекеттік күзет - ұйымдастырушылық, күзет, режимдік, техникалық, ақпараттық және өзге де шаралардың жиынтығы негізінде жүзеге асырылатын күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекет;

      күзетілетін адам - Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттік күзетуге жататын адам;

      күзет іс-шарасы - Тараптар өздігінен немесе басқа мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тарта отырып, жүзеге асырылатын күзетілетін адамның және/немесе объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы;

      күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар күзетуді жүзеге асыратын және алдын ала дайындалған және қорғауға алынған, күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен имараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны;

      қарсы алушы Тарап - күзет іс-шаралары сол мемлекет аумағында өткізілетін Тарап;

      келуші Тарап - қарсы алушы Тарап мемлекетінің аумағына келуші мемлекеттік күзетілетін адамдары келіп жатқан тарап;

      өз қауіпсіздігі - Тараптардың ішкі және сыртқы қатерлерді тиімді алдын алу, сондай-ақ әртүрлі жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілеттерінің жай-күйі.

2-бап

      Күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз өкілеттіктері шеңберінде қажетті үйлестірілген шараларды қолданады және негізінен төмендегі аспектілер бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      1) мәліметтермен алмасу, ақпараттық жүйелердің деректерін жедел материалдарды және құжаттаманы жинақтау және пайдалану;

      2) күзет іс-шараларын өткізу кезінде техникалық жабдықтарды, көлік құралдарын, керек-жарақтарды, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, арнаулы бұйымдарды және жабдықтарды, байланыс құралдарын қолдану;

      3) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) кадрларды арнайы оқыту, даярлау және қайта даярлау;

      5) аса маңызды мемлекеттік ақпараттық электрондық коммуникациялық желілерге кибернетикалық шабуылдардан қорғау бойынша бірлескен шараларды шығару және іске асыру.

      Ынтымақтастықты дамыту немесе осы Келісімнің жекелеген ережелерін іске асыру бойынша үйлестірілген шараларды қолдану мақсатында Тараптар арнаулы хаттамаларға қол қоюы мүмкін.

      Тараптар жоғарыда аталған ынтымақтастық салалары бойынша жәрдем көрсетуге өз мемлекеттерінің басқа да қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарын тартады.

3-бап

      Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Тараптар мынадай жағдайларға ынтымақтастықты және шараларды үйлестіруді жүзеге асырады:

      1) Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында күзетті қамтамасыз ету шараларын іске асыру кезінде;

      2) Тараптардың күзетілетін адамдары мен объектілеріне қатысты қылмыстық әрекеттерді алдын алу, айқындау және жолын кесу кезінде;

      3) күзетілетін адамдардың өміріне және олардың басқа да маңызды мүдделеріне қатер төну туралы мәліметтерді алу кезінде. Қарсы алушы тарап ұлттық заңнамасына сәйкес келуші Тараптың сұрауы бойынша күзетілетін адамның қарсы алушы мемлекеттің аумағында болу кезеңінде оның қауіпсіздігіне кепіл береді.

      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне қатерлердің ерекшелігіне және мүмкіншілігіне шыға отырып, келуші Тараптың пікірін ескере отырып, қарсы алушы Тарап күзетілетін адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдардың қажетті санын, соның ішінде автокөлік құралдарын ұсынады.

      Күзет іс-шараларын өткізумен байланысты болған шығындарды Тараптар өздігінен және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өтейді.

4-бап

      Осы Келісімге және өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес, Тараптар өз құзыреті шегінде қызығушылық білдіріп отырған жедел ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар жедел есептерден және электрондық деректер базаларынан мәліметтерді өзара ұсынады.

      Осы келісімнің шеңберінде Тараптар алмасып отырған мәліметтердің Тізбесін, сондай-ақ ақпаратты сұрау және ұсыну тәртібін Тараптар өзара уағдаластық бойынша айқындайды.

      Тараптар алынатын жедел ақпаратты құпиялықта сақтауға кепіл береді. Алынатын ақпаратты ұсынатын Тараптың алдын-ала жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге тыйым салынады. Ақпаратты қолдану кезінде Тараптар қажет болмаған жағдайда күзетілетін адамдар, сондай-ақ қолданылатын бірлескен және (немесе) Келісілген шаралар, қолданылатын жедел күштер мен құралдар туралы мәліметті жарияламауы тиіс.

      Тараптардың мүдделерін қозғайтын ақпаратты рұқсатсыз жариялаған немесе ол жоғалған жағдайда Тараптар қызметтік тексеруді (анықтауды), соның ішінде қажет болған жағдайда бірлескен және (немесе) келісілген тексеруді (анықтауды) өткізуі мүмкін.

      Тараптар алынатын мәліметтерді осы Келісімнің қолданыс мерзімі өткеннен кейін құпиялықты сақтауға міндетті.

5-бап

      Қаруды, материалдарды, техникалық және көлік құралдарын, керек-жарақтарды және байланыс құралдарын қарсы алушы Тараптың мемлекеттік шекарасынан алып өткізу және шығару, сондай-ақ оларды мемлекеттің аумағында қолдану және пайдалану қарсы алушы Тараптың ұлттық заңнамасымен регламенттеледі.

6-бап

      Тараптардың, Тараптар қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне мәлім болған қатер туралы, сондай-ақ Тараптар қызметкерлерінің құқыққа қайшы және басқа да беделіне нұқсан келтіретін ақпаратпен уақытылы алмасады.

7-бап

      Тараптар өздерінің ведомстволарына тиесілі оқу мекемелері мен объектілерінің базасында Тараптардың кадрларын арнайы оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.

8-бап

      Келуші Тараптың қызметкерлері қарсы алушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасын сақтауы тиіс.

      Күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде келуші Тарап өз қызметкерлерінің қарсы алушы Тарап мемлекетінің аумағында келтірген зиянды өтейді.

9-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара қызығушылық білдіріп отырған құқықтық актілермен алмасады.

10-бап

      Тараптар қажет болғанда іс-әрекеттің нақты бағыттары бойынша бірлескен үйлестіруші штабтарды, кеңестерді немесе жұмыс топтарын құруы, өкілдермен (өкілдердің мәртебесі мен өкілеттіктері осы Келісімге жекелеген хаттамалардың негізінде белгіленеді) алмасуы және бірлескен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келісімшарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

12-бап

      Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер Тараптардың кеңестер мен келіссөздер жүргізуі арқылы шешіледі.

13-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және бөлек хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

14-бап

      Осы Келісім оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге жасалады.

      Осы келісім Тараптың бірі басқа Тараптан соңғысының оны тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап алты айдан кейін өзінің қолданысын тоқтатады.

      Астана қаласында, 2017 жылғы 5 сәуірде екі данада жасалды, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
үшін
Қытай Халық РеспубликасыҚоғамдық қауіпсіздік министрлігіүшін

      (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады