Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 1992 жылғы 29 мамырдағы келісімге № 9 ХАТТАМА

Жаңа

Хаттама, 2017 жылғы 14 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 1992 жылғы 29 мамырдағы келісімге
№ 9 ХАТТАМА

      (2017 жылғы 14 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 10-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті,

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 1992 жылғы 29 мамырдағы келісімді басшылыққа ала отырып (бұдан әрі - Келісім), Тараптардың мемлекеттерінен әуе көлігімен қозғалатын жедел қызығушылық туғызатын объектілерге (бұдан әрі - өзара қызығушылық туғызатын объектілер) қатысты келісілген жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу қажеттігін негізге ала отырып,

      өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес және өз құзыреті шеңберінде әрекет ете отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Өзара қызығушылық туғызатын объектілерге қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу процесінде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді Тараптар жүзеге асырады. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін жедел-іздестіру іс-шаралары деп өзара қызығушылық туғызатын объектілердің іс-әрекетін анықтау және құжаттау бойынша іс-шаралар түсініледі.

      Қазақстан Республикасының және/немесе Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес қарсы барлау және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілетін адамдар Тараптардың өзара қызығушылығын туғызатын объектілер болуы мүмкін.

2-бап

      Өзара қызығушылық туғызатын объектілерге қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары Тараптардың тиісті күш-құралдарымен тек өз мемлекеті аумағының шекарасында жүзеге асырылады.

3-бап

      Тараптар осы Хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін уәкілетті бөлімшелер ретінде:

      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жедел-іздестіру жұмысы департаментін;

      Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру басқармасын белгілейді.

4-бап

      Уәкілетті бөлімшелер ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      өзара қызығушылық туғызатын объектілерге қатысты келісілген жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу;

      өзара қызығушылық туғызатын объектілерге қатысты келісілген жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті жедел ақпаратпен алмасу;

      осы Хаттаманың іске асырылу барысына баға беру мақсатында жұмыс кездесулерін, консультациялар және кеңестер өткізу, қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

      Өзара қызығушылық туғызатын объектілерге қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезіндегі Уәкілетті бөлімшелердің өзара іс-қимыл алгоритмін Тараптардың басшылары белгілейді.

5-бап

      Тараптар арасындағы алмасу мәнін құрайтындардың барлығы, сол сияқты олардың өзара іс-қимылының көлемі мен мазмұны туралы ақпарат оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз және шарттарын толық ескермей жариялауға жатпайды және оны үшінші тарапқа беруге немесе өзге мақсаттарға пайдалануға болмайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен алмасу Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы 2008 жылғы 30 қазандағы келісімге сәйкес, жүзеге асырылады.

6-бап

      Осы Хаттаманы орындауға байланысты мәселелерді шешу және Тараптардың өзара іс-қимылын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Уәкілетті бөлімшелер іскерлік хат алмасуды жүзеге асырады, жұмыстық кездесулер мен кеңестер өткізеді.

      Ақпаратпен алмасу үшін Уәкілетті бөлімшелер өзара телефондық және басқа да байланыс түрлерін қолданады.

7-бап

      Егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, осы Хаттаманы орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар дербес өтейді.

8-бап

      Бір Тараптың Уәкілетті бөлімшесі өкілдерінің басқа Тарап мемлекетінің аумағына жұмыстық кездесу өткізуге баруы басқа Тараппен алдын ала келісу арқылы жүзеге асырылады.

9-бап

      Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болатын және бөлек хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап

      Ынтымақтастық және өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Уәкілетті бөлімшелер жұмыс тілі ретінде орыс тілін пайдаланады.

11-бап

      Тараптар осы Хаттаманы Келісімнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады,

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бес жыл бойы қолданылады.

      Егер ағымдағы мерзімнің аяқталуына дейін алты айдан кем емес уақыт ішінде Тараптардың ешқайсысы басқа Тарапқа осы Хаттаманың қолданысын ұзартпау жөніндегі ниеті туралы жазбаша хабарландыру жолдамаса, онда ол келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады. Осы Хаттама басқа Тараптың шешім қабылдауы туралы жазбаша хабарландыру алғаннан кейін алты ай өткен соң, сондай-ақ Келісімнің қолданысы тоқтағанда өз қолданысын тоқтатады.

      2017 ж. 14 желтоқсанда Минск қ. қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Барлық мәтіндер бірдей күшке ие.

      Осы Хаттаманың ережелеріне түсінік беру барысында қайшылық туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негіз ретінде қабылданады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
үшін
Беларусь РеспубликасыныңМемлекеттік қауіпсіздік комитетіүшін
      (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады