Ресей Федерациясы Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Yкiметi арасындағы транспорт саласындағы өзара қарым-қатынас шарттары мен ынтымақтастықтың принциптерi туралы Келісім

Жаңа

Келісім, 1992 жылғы 23 наурыз

      * Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 66-құжат.

      Ресей Федерациясы Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Yкiметi, бұдан былай - "Келiсушi Жақтары" деп аталатын болады, - транспорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамытуға ынталанысты басшылыққа ала отырып, екi елдiң арасындағы жүк және жолаушылар қатынасын, сондай-ақ оларды өз территориялары арқылы үшiншi елдерге транзиттiк түрде өткiзудi жеңiлдету мақсатымен,
      төмендегi келiсiмдерге келдi:

1-бап

      Келiсушi Жақтары транспорттың барлық түрлерi саласындағы өзара экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыта және тереңдете беретiн болады.

2-бап

      Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өзара сенiмдiлiк принциптерiне сүйене отырып, екi ел арасында жолаушылар мен жүк тасымалдайтын және олардың территориялары арқылы транзиттiк түрде өтетiн екiншi Келiсушi Жақтың транспортының барлық түрлерiнiң жұмысына өз территориясында қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етiп отырады.

3-бап

      Осы Келiсiм негiзiнде Келiсушi Жақтардың бiрiнiң тасушылары екiншi жақтың территориясы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдағанда, сондай-ақ олардың тасымалдау iсiн атқаратын транспорттық құралдары жолдарды және басқадай қатынастық құбырларды пайдалану мен күтiп ұстауға қатысты, немесе осы транспорттық құралдарға олардың игiлiгi мен пайдалануына қатысты салынатын салықтардан және мемлекеттiк алымдардан, сондай-ақ тасымалдау жұмыстарынан түсетiн табыстары мен пайдаларына салынатын салық пен алымдардан босатылатын болады.

4-бап

      Келiсушi Жақтардың территориясында транспорттың барлық түрлерiнiң жұмыстарын, сондай-ақ Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарының өзара келiсiмдерi бойынша қажеттi өзгертулер енгiзiлгенше транспорттық қозғалыстың қауiпсiздiгiн реттейтiн ережелер, қағидалар, нұсқаулар, стандарттар, техникалық шарттар мен нормативтiк актiлер күштерi сақталынатын болады. Сонымен бiрге Келiсушi Жақтар өз территорияларындағы транспорттық қазiргi заңдарды бiрегейлi кескiндестiру үшiн шаралар қабылдап, осы Келiсiм шеңберiнде транспорттың үйлесiмдi дамуына ынталанатын болады.

5-бап

      Екi ел арасында темiр жол, әуе, теңiз, өзен-су жолы және автомобиль транспорттарымен атқарылатын жүк және жолаушылар тасымалдау жұмыстары мен оларды өз территориялары арқылы транзиттiк түрде өткiзу iстерiн ұйымдастырудың тәртiбi.
      Ресей Федерациясы Транспорт министрлiгi мен (темiржол арқылы тасымалдау iстерi бойынша - Ресей Федерациясы Жол қатынасы министрлiгi) Қазақстан Республикасы Транспорт министрлiгi арасында жасалатын келiсiмдер негiзiнде iс жүзiне асатын болады.

6-бап

      1. Келiсушi Жақтары халықаралық тасымалдау жұмыстарын атқаруда бұрынғы КCPO мен басқа елдердiң үкiметаралық Келiсiмдерiнде белгiленген тәртiптердi, сондай-ақ транспорт саласына қатысты қабылданған Конвенция мен басқа да KCPO қатынасқан Келiсiмдердiң күштерiн сақтауға келiстi.
      2. Келiсушi Жақтары транспорт саласында басқа да елдермен осы Келiсiмдегi екiншi жақтың мүдделерiне әсер етпейтiн Келiсiмдер жасау жөнiнде өздерiнiң праволарын сақтайды және, мұндай келiсiмдер жасалған жағдайда, ол туралы екiншi Келiсушi Жақты хабардар ететiн болады.

7-бап

      Келiсушi Жақтары екi елдiң транспорттық кәсiпорындары мен ұйымдарының тiкелей экономикалық байланыстарын дамытуға және транспорт саласында бiрлескен кәсiпорындар құруға жәрдемдесетiн болып келiстi.

8-бап

      Келiсушi Жақтары инженерлердi, техниктердi, басқа да транспорттағы жаппай кәсiптiк мамандарды бiркелкi методика бойынша дайындауға, ал оларға оқу орындарын бiтiргендерi туралы берiлген мамандық құжаттар екi мемлекеттiң территориясында да бiрдей юристiк күшiн сақтайтындығына келiстi.

9-бап

      Келiсушi Жақтардың транспорттық ұйымдары мен фирмаларының арасындағы өзара есеп айырысулары мен төлем өтеулерi Келiсушi Жақтардың арасында орныққан қазiргi есеп айырысу және төлем өтеудегi тәртiптер жүйесiнде жасалып отырады.

10-бап

      Осы Келiсiммен, сондай-ақ Келiсушi Жақтардың екеуi де қатынасқан басқадай келiсiм-шарттармен реттелмеген мәселелер Келiсушi Жақтардың әрқайсысының iшкi заңдары бойынша шешiлетiн болады.

11-бап

      Осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ екi елдiң арасындағы тасымалдау жұмысында қиындықтар туған жағдайда, Ресей Федерациясының Транспорт министрлiгi мен (темiржол арқылы тасымалдау iстерi бойынша - Ресей Федерациясы Жол қатынасы министрлiгi) Қазақстан Республикасы Транспорт министрлiгi бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасап, қажет болған кезде, өзара қолайлы шешiм шығару үшiн екiжақтық кеңесулер өткiзетiн болады.

12-бап

      Бұл Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және, Келiсушi Жақтардың бipeуi осы Келісiмнiң күшiн өз тарапынан тоқтатқысы келетiнi туралы пiкiрiн екiншi жаққа хабарлағаннан кейiн де ол 90 күннiң мөлшерiнде күшiнде болады.

      Келiсiм 1992 жылдың 23 наурыз күнi, орыс және қазақ тiлдерiнде, екi дана болып жасалды, және де осы екi текстiнiң күшi де бiрдей болып саналады.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады