Бас Ассамблея,
Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі мақсаттарының бірі нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына көтермелеу мен құрметті дамыту болып табылатыны Жарғыда жарияланғанын қайтадан растай отырып,
адамның негізгі құқықтарына, адамның жеке басының намысына және құндылығына, ерлер мен әйелдердің тең құқықтығына, үлкен және шағын ұлттар теңдігіне сенімін бекіте отырып,
Жарғыда, адам құқығының бүкілжалпы декларациясында, геноцидттің және ол үшін жазалаудың алдын алу туралы Конвенцияда, нәсілдік кемсітудің барлық түрлерінің жою туралы халықаралық конвенцияда, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде, діндер немесе сенімдер негізінде төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Декларацияда және баланың құқығы туралы Конвенцияда, сондай-ақ жеке мемлекеттер - Біріккен ұлттық ұйымының мүшелері арасында жасалған бүкіләлемдік немесе өңірлік және халықаралық деңгейдегі қабылданған тиісті құжаттарда жазылған принциптерді жүзеге асыруға септігін тигізуге ұмтыла отырып,
Этникалық, діндік немесе тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарына қатысты азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пактінің 27-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
Этникалық, діндік немесе тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарын қолдау және қорғау, олар тұратын мемлекеттердің саяси және әлеуметтік тұрақтылығына септігін тигізеді деп санай отырып,
Жалпы қоғамның дамуының ажырамас бөлігі және заңның жоғарылығы негізінде демократияның аясында этникалық, діндік немесе тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарын үнемі қолдау және қорғау, халықтар мен мемлекеттер арасында достық пен әріптестікті нығайтуға септігін тигізетінін көрсете отырып,
аз топтарды қорғауда Біріккен Ұлттар Ұйымы маңызды рол атқарады деп санай отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі аясында осы уақытқа дейін жасалған жұмысты, әсіресе адам құқығы жөніндегі Комиссияның, аз топтарды кемсітудің алдын алу жөніндегі комиссия және адамның құқықтары туралы Халықаралық пактілерді орындау үшін құрылған органдардың және адам құқықтары саласындағы ұлттық немесе этникалық, діни және тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарын қолдау және қорғау жөніндегі тиісті халықаралық құжаттарды, назарға ала отырып,
ұлттық немесе этникалық, діни және тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарын қолдау және қорғау жөніндегі үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жасаған маңызды жұмысын ескере отырып,
Ұлттық немесе этникалық, діни және тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтарына қолданылатын халықаралық құжаттарды өмірге неғұрлым тиімді енгізудің қамтамасыз етудің қажеттілігін мойындай отырып,
Ұлттық немесе этникалық, діни және тілдік аз топтарға жататын тұлғалардың құқықтары туралы осы Декларацияны жариялайды:
1-Бап
1. Мемлекеттер олардың тиісті аумақтарындағы ұлттық немесе этникалық, мәдени, діни және тілдік аз топтардың өмір сүруін және өзіндік ерекшелігін қорғайды және өзіндік ерекшеліктерін дамыту үшін жағдай жасауды қолдайды.
2. Мемлекеттер осы мақсаттарға жету үшін тиісті заңнамалар мен басқа шаралар қабылдайды.
2-бап
1. Ұлттық немесе этникалық, мәдени, діни және тілдік аз топтардың тұлғалары (әрі қарай аз топтарға жататын тұлғалар деп аталатын), өзінің мәдениетін игілігін қолдануға, өз дінін ұстануға және діни жоралғылар жіберуге, сондай-ақ жеке өмірде және қоғамдық өмірде өз тілін, қандай да бір түрде болмасын еркін және ешбір араласусыз немесе кемсітусіз қолдануға құқығы бар.
2. Аз топтарға жататын тұлғалар, мәдени, діни, қоғамдық, экономикалық және мемлекеттік өмірге белсенді араласуға құқығы бар.
3. Аз топтарға жататын тұлғалар, ұлттық заңнамаға қарама-қайшы келмейтін тәртіпте, олардың тиесілі аз топтарына қатысты және олар тұратын өңірлердегі өңірлік деңгейдегі шешімдерге қажет кезде ұлттық деңгейде белсенді қатысуға құқығы бар.
4. Аз топтарға жататын тұлғалар, өзінің жеке ассоциацияларын құруға және олардың қызмет етуін қамтамасыз етуге құқығы бар.
5. Аз топтарға жататын тұлғалар, өз тобының басқа мүшелерімен және басқа аз топтарға жататын тұлғалармен, сондай-ақ шекара арқылы олардың ұлттық, этникалық, діни немесе тілдік түйіндер арқылы байланысы бар басқа мемлекет азаматтарымен қандай да бір кемсітусіз еркін және бейбіт байланыстар орнатуға және ұстауға құқығы бар.
З-бап
1. Аз топтарға жататын тұлғалар, өз құқықтарын, соның ішінде осы Декларацияда жазылған құқықтарды, жекелей, сондай-ақ қандай да болмасын кемсітусіз өз тобының басқа мүшелерімен бірге жүзеге асыра алады.
2. Осы Декларацияда жазылған құқықтарды қолдану немесе қолданбау, аз топтарға жататын кез келген тұлғаның жағдайы үшін қандай болмасын теріс салдарларға әкелмейді.
4-бап
1. Мемлекеттер қажет кезде аз топтарға жататын тұлғалардың барлық өз адам құқықтарын және негізгі бостандығын қандай да бір кемсітусіз және заң алдында толық тең негізде толық мөлшерде және тиімді жүзеге асыра алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
2. Мемлекеттер, Ұлттық заңнаманың бұзылуына және халықаралық нормаларға қарама-қайшы келетін нақты қызмет жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, аз топтарға жататын тұлғаларға өзінің мәдениетін, тілін, дінін, дәстүрлерін және салттарын көрсетуге мүмкіндік беретін жағымды жағдайлар тудыру үшін шаралар қолданады.
3. Мемлекеттер аз топтарға жататын тұлғалардың туған тілін оқу үшін немесе ана тілінде оқу үшін тиісті мүмкіндіктері болуы үшін соған байланысты тиісті шаралар қолданады.
4. Мемлекеттер, олардың аумақтарындағы тұратын аз топтардың тарихын, тілін және мәдениетін оқуға ынталандыру мақсатымен білім беру саласында қажет кезде шаралар қабылдайды. Аз топтарға жататын тұлғалардың бүкіл қоғамдағы өмір үшін қажетті білім алуы үшін тиісті мүмкіндіктері болуы керек.
5. Мемлекеттер аз топтарға жататын тұлғалардың, өз елінің экономикалық прогресін және дамытуды қамтамасыз етуде толық мөлшерде қатыса алуы үшін тиісті шаралар қабылдау туралы мәселені қарастырады.
5-бап
1. Ұлттық саясат пен бағдарламалар, аз топтарға жататын тұлғалардың заңды мүдделерін тиісті ескеру кезінде жоспарланады және жүзеге асырылады.
2. Әріптестік бағдарламалары және мемлекеттер арасындағы көмектер аз топтарға жататын тұлғалардың заңды мүдделерін тиісті ескеру кезінде жоспарланады және жүзеге асырылады.
6-бап
Мемлекеттерге аз топтарға жататын тұлғаларға қатысты мәселелерде, соның ішінде екіжақты түсіністікті және сенімді дамыту мақсатымен ақпарат және тәжірибемен алмасуда әріптесу керек.
7-бап
Мемлекеттер осы Декларацияда жазылған құқықтарды құрметтеуді қолдау мақсатымен әріптесуі керек.
8-бап
1. осы Декларацияда ештеңе аз топтарға жататын тұлғаларға қатысты олардың халықаралық міндеттерін мемлекеттердің орындауына кедергі келтірмейді. Әсіресе, мемлекеттердің өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық келісім-шарттар мен шарттарға сай өздеріне қабылдаған міндеттерін мен міндеттемелерді адал орындауы керек.
2. Осы Декларацияда жазылған құқықтарды барлық тұлғалардың жүзеге асыруы, адамның жалпы мойындалған және негіз бостандықтарының жүзеге асырылуына залал келтірмейді.
3. Осы Декларацияда жазылған құқықтардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттер қабылдаған шаралар, адам құқықтарының Бүкіл жалпы декларацияларында бекітілген теңдік принципіне қарама-қайшы келетін prima facie болып саналмайды.
4. Осы Декларациядағы ештеңе де, мемлекеттердің аумақтық бүтіндігін және саяси тәуелсіздігін, зайырлы теңдігіне құрмет принциптерін қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қарама-қайшы келетін қандай да бір жол берілетін қызмет талқылануы мүмкін емес.
9-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелері және басқа ұйымдар осы Декларацияда, өкілеттіктердің тиісті салаларының аясында жазылған құқықтар мен принциптердің толық жүзеге асуына қызмет етеді.