Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум 1999 жылғы 9 сәуір Ашгабат қаласы. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан,
      егемендiк пен аумақтық тұтастықты құрмет тұту принциптерiн негiзге ала отырып,
      1993 жылғы 19 мамырда Ашгабатта қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы Шарттың U952197_ ережелерiне адалдығын сақтай отырып, барлық егемендi мемлекеттердiң өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын сенiмдi түрде қорғауы үшiн қажеттi шаралар қабылдайтын ажырамас құқығын тани отырып,
      тиiстi шекаралық, кедендiк, санитариялық және бақылаудың өзге де жалпы жұрт таныған нысандарын қамтамасыз ету мақсатында бiрлескен шекарадағы режимдi тәртiпке келтiру қажеттiгiн назарға ала отырып,
      қазiргi әкiмшiлiк-аумақтық ара жiгiн ажыратуға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараның өтуiн қуаттай отырып,
      делимитация нәтижесiнде белгiленетiн шекара екi бауырлас мемлекеттер арасындағы бейбiтшiлiк пен келiсiм шекарасы болып табылатындығын атап көрсете отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
      1. Тараптар халықаралық құқық нормаларына сәйкес құқықтық ресiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөнiндегi келiссөздерге келiсiлген мерзiмдерде кiрiсетiн болады.
      2. Тараптар қажеттi органдар өкiлдерiнен делегациялар құрады, оларға шекараны делимитациялау және тиiстi мемлекетаралық шартты әзiрлеу жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылады.

(Қолдары)
Ашгабат қ., 1999 жылғы 9 сәуiр

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады