Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропа Қауымдастығы арасындағы болаттан жасалған белгiлi бiр бұйымдарды сату жөнiндегi Келісім

Жаңа

Келісім 1999 жылғы 15 желтоқсан Брюссель қаласы. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропалық қауымдастық,
      бiр тараптан, және
      Қазақстан Республикасының Yкiметi,
      екiншi тараптан,
      Қазақстан Республикасының Yкiметi (әрi қарай "Қазақстан" деп аталатын) мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропалық Қауымдастық (әрi қарай "Қауымдастық" деп аталатын) Қазақстан мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропалық Қауымдастық арасындағы болат сатудың реттелуiне және әдiл дамытылуына мүмкiндiк туғызуды қалайтындықтан;
      Тараптар бұл Келiсiм 1995 жылдың 23-қаңтарында қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық Қауымдастық және олардың мүшелерi арасындағы Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiмде Z970113_ (әрi қарай "Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiм" деп аталады) көзделгендей, еркiн сауда аймағын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасайды деп санайтындықтан;
      Тараптар болаттан жасалған осындай бұйымдармен сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы келiсiм жасау қажет деп санайтындықтан;
      Мұндай Келiсiм Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң 17 (1)-бабында көзделгендiктен; бұл бап КБЕБ-пен болаттан жасалған бұйымдармен сауданы Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы Шарттың 3-бөлiмiмен, 11-бапты қоспағанда, реттеудi көздейтiндiктен;
      Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 43-бабы (4) Тараптар олардың арасындағы саудаға қатысты болған жағдайда, бәсекелестiк туралы өздерiнiң сәйкес заңдарын қолдану жөнiнде өзара келiсiм бойынша жалпы негiз белгiлейдi деп көздейтiндiктен;
      Көмiр мен болат жөнiндегi Еуропалық Қауымдастықты құру Шартында көрсетiлген жекелеген бұйымдар саудасы 1996 жылы екi жақты қарым-қатынасты дамытуды назарға алған одан арғы келiсiмдi ауыстыратын тараптар арасындағы келiсiмге сәйкес жүзеге асуы тиiс болғандықтан;
      Бұл Келiсiм Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропалық Қауымдастықты құру Шартында көрсетiлген жекелеген бұйымдарды сатудағы сандық шектеулердi жоюға мүмкiндiк беретiн базаны құру үшiн, белгiлi бiр шарттарды орындағанда, атап айтқанда, осы Келiсiмде қамтылғандай, болат бұйымдарына қатысты бәсекелестiк жағдайлар туғызғанда, жасалатындықтан;
      Бұл Келiсiм Тараптардың болат құю өнеркәсiбiне қатысты, Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы Келiсiмде көзделген және уақытша Шарттың шеңберiнде орындалған КБЕБ байланыс топтары шеңберiндегi ақпараттармен алмасуды қосқандағы, ынтымақтастығы кезiнде орындалуы тиiс болғандықтан;
      Тараптар осы Келiсiмдi жасауды және өздерiнiң өкiлеттi тұлғалары ретiнде:
      Төмендегiлер туралы келiскен Қазақстан Республикасының Yкiметiн және Еуропалық қауымдастық комиссиясын тағайындауды шештi:

1-бап

      1. КБЕБ Шарттарында көрсетiлген және 1-қосымшада қамтылған, Тараптар жасайтын (одан әрi - "осы Келiсiмде қамтылған бұйымдар") болаттан жасалған бұйымдар саудасы осы Келiсiмде баяндалған шарттарды ескере отырып, жүзеге асырылуы тиiс.
      2. КБЕБ Шартында көрсетiлген, бiрақ 1-қосымшада қамтылмаған, болаттан жасалған бұйымдармен сауда Тараптар арасындағы сауда және онымен байланысты мәселелер жөнiндегi қолданылып жүрген келiсiмдердiң сәйкес ережелерiн, атап айтқанда, антидемпингтiк рәсiмдер мен қорғау шараларына жататын ережелерiн қолдануға нұқсансыз сандық шектеуiне түспейдi.

2-бап

      1. Қазақстан 2-қосымшаға сәйкес әрбiр күнтiзбелiк жылда Бiрлестiкке болаттан жасалған өз бұйымдарының экспортына сандық шектеулер белгiлеуге және сақтауға келiседi. Мұндай экспорт А Хаттамасына сәйкес қосарлы бақылауға жатады.
      2. Қауымдастық Б Хаттамасына сәйкес белгiленген бәсекелестiк шарттарын Қазақстан орындаған кезде болат өнiмiн сатуға қатысты толық ырықтандыруды жүзеге асырудағы өз мiндеттемелерiн растайды.
      3. Тараптың кез келгенiнiң талап етуi бойынша Тараптар осы Келiсiмде қамтылған бұйымдарға қатысты орын алған бәсекелестiк жағдайлар сандық шектеудi сақтауды талап ете ме - соны анықтау үшiн кеңеседi. Осы 3-тармақпен көзделген консультациялар осы Келiсiмдi қолданудың кез келген уақытта кезеңiнде талап етiлуi мүмкiн.
      4. Осы баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрмей, осы Келiсiмнiң күшiне енген күнiнен бастап 18 айдан аспайтындай болғанша бәсекелестiк жағдайларының дамуына баға бередi. Тараптар осы Келiсiмнiң әрекетiн талқылау үшiн және осы Келiсiмде қамтылған бұйымдар бәсекелестiк жағдайлары, осы Келiсiм тоқтағанша алты айдан кешiктiрмей, сандық шектеулердiң сақталуын талап ете ме - соны анықтау үшiн қандай жағдай болмасын кездесе алады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген консультациялар мен бағалаулары мақсаттары үшiн Тараптар Қазақстанның бәсекелестiк, мемлекеттiк көмек пен қоршаған ортаны қорғау, Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы Келiсiмде көзделген Тараптар арасындағы қарым-қатынасты, одан әрi дамыту туралы Б Хаттамасы ережелерiнiң орындалуына және Тараптар экономикаларының дамуына ерекше көңiл бөледi.
      6. Осы баптың 3-тармағына нұқсан келтiрмей, кез келген уақытта:
      - осы Келiсiммен қамтылған бұйымдарға қатысты жағдайлар едәуiр нашарлағанда немесе жақсарған кезде 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер деңгейiне;
      - бұйымдардың шектеуiне қатысты пайдаланылмаған санын бұйымдардың бiр тобынан екiншi тобына ауыстыру мүмкiндiгiне қатысты консультация талап ете алады.
      7. Осы Келiсiмнiң күшi кез келген жағдайда Қазақстан Бүкiлодақтық Сауда Ұйымына енгенге дейiн талқыланады.

3-бап

      1. Осы Келiсiмде қамтылған болаттан жасалған бұйымдарды еркiн айналым үшiн Қауымдастықтың кедендiк аумағына әкелу Қазақстанның құзыреттi органдары берген сараптау лицензиясы және А Хаттамасына сәйкес шығуы туралы сертификаты болғанда ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы Келiсiмде көзделген болаттан жасалған бұйымдарды олардың еркiн айналуы үшiн Қауымдастықтың кедендiк аумағына әкелу егер олар Қауымдастықтан сол күйiнде немесе өңделгеннен кейiн керi экспортталатын болса, Қауымдастықтағы бақылаудың әкiмшiлiк жүйесi шеңберiнде, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер ескерiлместен, жүзеге асырылады.
      3. Қандай да болсын күнтiзбелiк жыл ішiнде пайдаланылмаған сандық шектеулер көлемiнен сәйкес күнтiзбелiк жылда қалған сәйкес сандық шектеулердiң артығы ол пайдаланылмаған бiр жылға есептегенде сәйкес сандық шектеудiң 7 процентiн құрауы мүмкiн. Қазақстан егер де ол осындай ереженi қолдануды жоспарласа, келесi жылдың 1-наурызынан кешiктiрмей Қауымдастықты хабардар етедi.
      4. Бұйымдардың белгiлi бiр тобына сандық шектеу күнтiзбелiк жыл ішiнде бiр рет екi жақтың келiсуiмен қайта қаралуы мүмкiн. Ауыстырумен байланысты сандық шектеулерге кез келген түзетулер ағымдағы күнтiзбелiк жылға жатады. Келесi күнтiзбелiк жылдың басындағы сандық шектеулер осы баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрместен 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулермен сәйкес келуi тиiс. Бұл жерде осы баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келмеу керек. Қазақстан осындай ереженi қолдануды жоспарлаған болса, 30-маусымнан кешiктiрмей Қауымдастықты хабардар етедi.

4-бап

      1. Қосарлы бақылау жүйесiн тезiрек енгiзу және керi пиғылда пайдалану мен терiс пайдаланушылықтың алдын алу үшiн:
      - Қазақстанның тиiстi органдары Қауымдастықтың тиiстi органдарын әр айдың 28-не өткен айға берiлген экспортқа лицензиялар туралы хабардар етедi;
      - Қауымдастықтың тиiстi органдары Қазақстанның тиiстi органдарын әр айдың 28-не өткен айға берiлген импортқа рұқсат туралы хабардар етедi.
      Мұндай ақпарат кезiнде қандай да болмасын ауытқулар болған жағдайда мұндай ақпараттың берiлу уақытын ескере отырып, Тараптың кез келгенi кешiктiрiлмей өткiзiлетiн консультацияларды талап ете алады.
      2. Осы баптың 1-тармағына нұқсан келтiрмей және осы Келiсiмнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында екi Тарап тауарлардың саны мен сыныптамасына қатысты тасымалдау кезiнде маршрутты ауыстыру, жалған құжаттар толтыру, тауарды шығарған ел мен оның орналасқан жерi туралы жалған өтiнiштердi болдырмау, тексеру және осыларға ұқсас басқа да жағдайларға қарсы барлық тиiстi құқықтық және (немесе әкiмшiлiк әрекеттер қолдану мақсатында барлық қажеттi шаралар қолдану туралы келiседi. Сәйкесiнше, сәйкес экспортшыларға және) немесе импорттаушыларға мiндеттi және құқықтық жөнге салу шараларын қолдануды өзiне қосатын бұзуларға қарсы тиiмдi әрекеттерге рұқсат беретiн тиiстi құқықтық ережелер мен әкiмшiлiк ресiмдердi белгiлеуге келiседi.
      3. Егер Тараптың қайсы бiрi өзiнде бар ақпараттың негiзiнде осы Келiсiм бұзылған деп есептесе, ол басқа Тараптан тез арада өткiзiлетiн консультацияларды талап ете алады.
      4. Осы баптың 3-тармағында аталған консультациялардың нәтижесiн күте отырып және Қауымдастықтың талап етуi бойынша және жеткiлiктi дәлелдер болған жағдайда, Қазақстан осы консультацияларға байланысты туындауы мүмкiн, күнтiзбелiк жылға енгiзiлген, осы баптың 3-тармағы бойынша консультацияны талап еткен, немесе, егер мұндай күнтiзбек лимитi бiткен болса, келесi жылға сандық шектеулерге енгiзiлетiн кез келген түзетудi қамтамасыз етедi.
      5. Егер Тараптар консультация кезiнде осы баптың 3-тармағына сәйкес екi жақты шешiмге келе алмаса, Қауымдастық осы келiсiммен қамтылған, Қазақстанда шығатын бұйымдар осы Келiсiмдi бұзу арқылы импортталғандығы туралы жеткiлiктi дәлелдер болған жағдайда осы Келiсiммен белгiленген сандық шектеулер есебiне сәйкес санды қоюға құқығы бар.
      6. Егер Тараптар осы баптың 3-тармағына сәйкес консультация кезiнде екi жақты шешiмге келе алмаса, Қауымдастықтың, егер қолда бар дәлелдер тауарлар саны мен сыныпталуы туралы жалған мәлiметтi бейнелесе, онда күмәндi бұйымдардың импортынан бас тартуға құқығы бар.
      7. Тараптар осы Келiсiмнiң бұзылуы нәтижесiнде туындайтын барлық проблемаларды болдырмау және тиiмдi шешу үшiн тығыз қарым-қатынас жасауға келiседi.

5-бап

      1. КБЕБ-i болатынан жасалған бұйымдардың импортына осы Келiсiмде белгiлеген сандық шектеулердi Қауымдастық аймақ бойынша бөлiктерге бөлмеуi тиiс.
      2. Тараптар Қауымдастықпен дәстүрлi саудадағы күтпеген және қолайсыз әсерi бар өзгерiстерді болдырмау үшiн ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Қауымдастықпен дәстүрлi саудада күтпеген және қолайсыз әсерi бар өзгерiстер болған жағдайда (аймақтық шоғырландыруды немесе дәстүрлi жеткiзiлiмнiң жоғалуын қосқанда), Қауымдастық туындаған проблеманы шешу үшiн консультация талап етуге құқылы. Мұндай консультациялар кешiктiрiлмей өткiзiледі.
      3. Қазақстан сандық шектеуге түсетiн бұйымдардың Қауымдастыққа экспортының мүмкiндiгiнше жыл бойы тепе-тең жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге ықпал етедi. Импорт күтпеген және қолайсыз тез өскен жағдайда Қауымдастық туындаған проблеманы шешу үшiн консультация талап етуге құқылы. Мұндай консультациялар кешiктiрiлмей өткiзiледi.
      4. Осы баптың 3-тармағындағы мiндеттемелерден бөлек, 2-баптың 5-тармағында көзделген консультацияларға нұқсан келтiрмей, егер қазақстандық органдар берген лицензиялар тиiстi белгiлi бiр жылдағы сандық шектеулердiң 90 процентiн құраған жағдайда, Тараптардың кез келгенi осындай жылға сандық шектеулер туралы консультация талап ете алады. Мұндай консультациялар кешiктiрiлмей өткiзiледi. Мұндай консультациялардың нәтижесiн күте отырып, Қазақстанның құзыреттi органдары осы Келiсiмде көрсетiлген бұйымдардың экспортына, егер олар 2-қосымшада көрсетiлген саннан аспайтын жағдайда, лицензия берудi жалғастыра алады.

6-бап

      1. Осы Келiсiм бойынша тiзiмге енгiзiлген өнiмнiң қандай да болмасын түрi Қауымдастықтың өндiрушi елдерi үшiн едәуiр нұқсан келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн шарттар негiзiнде Қазақстаннан Қауымдастыққа импортталатын болса, Қауымдастық Қазақстанға екi жақ үшiн де қолайлы шешiм табуға тырысу үшiн барлық тиiстi ақпаратты бередi. Тараптар консультацияларды кешiктiрмей бастауы тиiс.
      2. 6-баптың 1-тармағында айтылған консультацияларды өткiзу кезiнде Қауымдастықтың консультацияны бастау жөнiндегi өтiнiш берген күнiнен бастап 30 күн бойына келiсiмге қол жеткiзу мүмкiн болмаса, Қауымдастық сауда туралы тиiстi келiсiмдердiң орындалуына жетелейтiн қорғау шараларына және тараптар арасындағы қолданылып жүрген саудамен байланысты мәселелерге қатысты құқықтарын пайдалана алады және тиiстi қадамдар жасай алады.
      3. 1-тармаққа сәйкес консультацияларға құқықтармен пайдалану 2-қосымшаға енгiзiлген сандық шектеулерге қарамастан, тараптар арасындағы тиiстi келiсiмдердi орындауды қамтамасыз ететiн антидемпингтiк рәсiмдерге қатысты әрекеттер қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

7-бап

      1. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың сыныптамасы Қауымдастықтың тарифтiк және статистикалық номенклатурасына (одан әрi бiрiктiрiлген номенклатура немесе қысқарған түрде БН деп аталады) және оған жасалған кез келген түзетуге негiзделедi. Осы Келiсiммен немесе тауарлар сыныптамасы туралы кез келген шешiммен қамтылған бұйымдар жөнiндегi Қауымдастықта қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жасалған БН-ға енгiзiлетiн кез келген түзетудiң осы Келiсiм бойынша сандық шектеулердi қысқартуға мүмкiндiк беретiн әрекетi болмайды.
      2. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың шығуы Қауымдастықта қолданылып жүрген ережелерге сәйкес айқындалады. Бұл ережелерге жасалатын кез келген түзету Қазақстанмен талқылануы керек және оның осы Келiсiмнiң сандық шектеулерiн қысқартуға мүмкiндiк беретiн күшi болмайды. Бұйымдардың өтуiн бақылау, жоғарыда аталғандай, А Хаттамада баяндалған.

8-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 4-бабына (1) сәйкес экспортқа және импортқа лицензия мен импортқа рұқсат туралы мерзiмдi ақпарат алмасуға нұқсан келтiрмей, тараптар 2-қосымшада баяндалған сандық шектеулерге түсетiн бұйымдар туралы барлық статистикалық ақпаратпен осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес берiлген экспортқа лицензия мен импортқа рұқсатты, мұндай бұйымдарға қатысты импорт пен экспорт туралы статистикалық мәлiметтердi қамтитын, талап етiлiп отырған ақпарат берiлуi тиiс өте қысқа уақытты нысанға ала отырып, белгiлi бiр уақытта алмасу туралы келiседi.
      2. Тараптың кез келгенi бiр-бiрiне ақпарат беру кезiнде кез келген ауытқу орын алған жағдайда консультация талап ете алады.

9-бап

      1. Консультациялар кез келген тараптардың талаптары бойынша осы Келiсiмнiң қолданылуынан туындайтын проблемалардың кез келгенi бойынша осы Келiсiмнiң алдыңғы баптарында ескерiлген жағдайларға қатысты көзделген консультациялар туралы ережелерге нұқсан келтiрмей өткiзiледi. Кез келген консультация тараптар арасында туындаған проблемаларды шешу ынтымақтастық және де ықыластық рухында өткiзiледi.
      2. Егер осы Келiсiмде консультация тез арада кешiктiрiлмей өткiзiледi деп көзделсе, осы Келiсiмнiң тараптары осындай консультацияны тез арада кешiктiрмей өткiзу үшiн барлық іс-қимылдарды жасайды.
      3. Барлық басқа консультациялар мына ережелермен реттеледi:
      - Тараптардың кез-келгенi екiншi Тарапқа консультацияларды талап ету туралы жазбаша түрде хабарлайды;
      - егер қабылдайтындай болса, мұндай консультациялардың себептерi көрсетiлген талап есеппен бiрге ақылға қонымды мерзiм iшiнде берiледi;
      - консультациялар басталған күнiнен бастап бiр ай ішінде, егер мұндай мерзiм тараптардың Келiсiмi бойынша ұзартылмаса, өзара қабылдауға болатын шешiм шығарылады.
      4. Жекелеген қосымша консультациялар, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың келiсiмi бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

10-бап

      1. Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Келiсiм 2 (3)-бапқа сәйкес консультациялар барысында, егер ол осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес бұзылмаса немесе 2-баптың 3, 4 және 7-тармақтарында көзделген жағдайлардың нәтижесiнде тоқтатылмаса, келiсiлген кез келген өзгертулердi есепке ала отырып 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолдануда болады.
      2. Тараптардың қайсысы болсын кез келген уақытта Тараптардың қайсысының болсын талап етуi бойынша консультацияларда талқылауға жататын өзгерiстер ұсына алады.
      3. Тараптардың қайсысы болсын кем дегенде алты ай бұрын осы Келiсiмдi бұзу туралы хабарлап, оны бұза алады. Бұл жағдайда Келiсiм хабарлаудың мерзiмi өткен күннен бастап өзiнiң әрекетiн тоқтатады, және осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында белгiленген Қауымдастықтағы сандық шектеулер, егер Тараптар басқасына келiспесе, бұзылу басталған күннен бастап тепе-тең қысқартылады.
      4. Қауымдастық кез-келген уақытта барлық сәйкес шараларды, 1-тармақта ескерiлген консультацияларда екi жақты шешiмге келе алмайтындай жағдайларды қоса алғанда, немесе осы Келiсiм Тараптардың бiр жағы осы Келiсiмнiң 1-қосымшасында көрсетiлген Қазақстаннан экспортталатын бұйымдарға қатысты автономды квоталардың жаңа жүйесiн енгiзу бойынша бұзылса, қолдану құқығын өзiнде сақтайды.
      5. Осы Келiсiмнiң қосымшалары мен хаттамалары осы Келiсiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      6. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдарға қатысты осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасындағы басқа екi жақты Келiсiмдердiң осыған ұқсас мәнiне қатысты ережелерiне қарағанда басымдылық маңызда болады.

11-бап

      Осы Келiсiм дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс, грек, итальян, португал, испан, швед, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды және оның жоғарыда аталған әр тiлдердегi мәтiнiнiң күштерi бiрдей.

I ҚОСЫМША

                               ҚАЗАҚСТАН

SА Табақты        SА 3 Басқа        
прокат            табақты           
SА 1 Орамы        прокат             7210 90 33
7208 10 00        7208 40 90         7210 90 38
7208 25 00        7208 53 90         7210 14 90
7208 26 00        7208 54 10         7211 19 90
7208 27 00        7208 54 90         7211 23 10
7208 36 00        7208 90 10         7211 23 51
7208 37 90        7209 15 00         7211 29 20
7208 38 90        7209 16 10         7211 90 11
7208 39 90        7209 16 90         7212 10 10
7211 14 10        7209 17 10         7212 10 91
7211 19 20        7209 17 90         7212 20 11
7219 11 00        7209 18 10         7212 30 11
7219 12 10        7209 18 91         7212 40 10
7219 12 90        7209 18 99         7212 40 91
7219 13 30        7209 25 00         7212 50 31
7219 13 90        7209 26 10         7212 50 51
7219 14 10        7209 26 90         7212 60 11
7219 14 90        7209 27 10         7212 60 91
7225 20 20        7209 27 90         7212 21 10
7225 30 00        7209 28 10         7212 21 90
SА1а Қайталама    7209 28 90         7219 22 10
прокатқа          7209 90 10         7219 22 90
арналған          7210 11 10         7219 23 00
орамдар           7210 12 11         7219 24 00
7208 37 10        7210 12 19         7219 31 00
7208 38 10        7210 20 10         7219 32 10
7208 39 10        7210 30 10         7219 32 90
SА2 Қалың         7210 41 10         7219 33 10
табақты болат     7210 49 10         7219 33 90
7208 40 10        7210 50 10         7219 34 10
7208 51 10        7210 61 10         7219 34 90
7208 50 30        7210 69 10         7219 35 10
7208 51 50        7210 70 31         7219 35 90
7208 51 91        7210 70 39         7225 40 80
7208 51 99        7210 90 31
7208 52 10
7208 52 91
7208 52 99
7208 53 10
7211 13 00

II ҚОСЫМША
САНДЫҚ ШЕКТЕУЛЕР
(тонна)

            __________________________________________
                  Өнiм                2000    2001
            __________________________________________

             8А Табақ прокаты
             SА Ораулар                 34671   35537
             SА 1а Қайталама            20500   21013
             прокатқа арналған ораулар
             SА Қалың табақты болат     12608   12923
             SА Басқа табақты прокат    10506   10769
            __________________________________________

      Ескерту: 2000-2001 жылдарға арналған сандық шектеулер Келiсiмнiң 2-бабында түсiндiрiлгендей Б Хаттамасының орындалуына сәйкес қайта қаралатын болады.

ХАТТАМА

      - 1999 ж. 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропа Бiрлестiгiнiң арасындағы болаттан жасалған белгiленген бұйымдармен сауда жасау жөнiндегi келiсiмнiң контекстiнде, Тараптар:
      - Тараптар 4-бапта (1) көзделген экспорттық лицензиялар мен импортқа арналған рұқсаттар қатысындағы ақпаратпен алмасуға сәйкес мұндай ақпаратты толықтай Қауымдастыққа да, Қауымдастыққа Мүше Мемлекеттерге де ұсынатын болады;
      - Қазақстан 5-бапта (2) көзделген консультациялардың қанағаттандырыларлық нәтижесiн күтiп, Қауымдастық талап етсе, дәстүрлi саудадағы күтпеген және келеңсiз өзгерiстердiң проблемаларын ушықтыруға мүмкiндiк бермейтiн экспорттық лицензияларды берудi кiдiрте тұрып ынтымақтастықты жалғастырады;
      - Қазақстан Қауымдастықтың аумағындағы шағын аймақтық рыноктардың сезiмтал табиғатын, берiп отырулар үшiн олардың дәстүрлi қажеттiгiне көзқарас тұрғысынан сияқты аймақтық шоғырлануды болдырмауды да ескередi.

1-Декларация

      Брюссель қаласында 1999 ж. 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропа Бiрлестiгiнiң арасындағы болаттан жасалған белгiлi бiр бұйымдармен сауда жасау жөнiндегi келiсiмнiң және, әсiресе, Келiсiмнiң 2-тармағының контекстiнде, Тараптар Б Хаттамасының орындалуын қолдау үшiн техникалық көмек Тасис бағдарламасы арқылы қамтамасыз етiлетiн болады деп келiстi.
      Осы техникалық көмектiң бiрiншi ширегi келiсiм күшiне енгеннен кейiн басталады, ол Қазақстанның Б Хаттамасын орындауының деңгейiне баға беруге және осы процестi аяқтау үшiн қажет одан арғы қадамдарды ұсынуға тиiс. Осы ширектiң аяқталуының нәтижесi есеп пен іс-қимылдардың жоспары болуға тиiс, оларды Тараптар қарауға және келiсуге тиiс. Егер есеп Қазақстандағы болат секторындағы бәсеке жағдайлары көптеген жағынан Б Хаттамасына сәйкес келсе және егер Қазақстан iс-қимылдардың келiсiлген жоспарына сәйкес қалған қадамдарды орындау жөнiнде өзiне мiндеттеме алатын болса, тараптар едәуiр ұлғайтылған сандық лимиттердi дереу құруға келiседi.
      Техникалық көмектiң екiншi ширегi iс-қимылдардың келiсiлген жоспарын орындау үшiн тараптарға қолдауды қамтамасыз етуге тиiс (Қазақстанның заңдарын бейiмдеу, қажеттi институттар мен оқытуды дамыту жөнiндегi кеңестер).
      Екi Тарап Б Хаттамасымен белгiленген мiндеттемелер орындалғаннан кейiн КБЕБ-ң болаттан жасалған өнiмдерiмен сауданы ырықтандыру ниетiн растады.

2-Декларация

      Брюссель қаласында 1999 ж. 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен КБЕБ-ң арасындағы болаттан жасалған белгiлi бiр бұйымдармен сауда жасау туралы Келiсiмнiң контекстiнде Тараптар екiншi елге қатысты сандық шектеулердi, кеден баждарын, өсiмдердi немесе 7204 Қиыстырылған Номенклатураға сәйкес қорытпа қалдықтар мен жоңқаның экспортына тең әсерi басқа да шараларды қолданбайды деп уағдаласты.

3-Декларация

      Брюссель қаласында 1999 ж. 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропа Бiрлестiгi арасындағы болаттан жасалған белгiлi бiр бұйымдармен сауда жасау жөнiндегi келiсiмнiң және, әсiресе, Келiсiмнiң 2-тармағының контекстiнде, Тараптар осы Келiсiмнiң 1999 жылы күшiне енуi үшiн өздерiнiң барлық күштерiн салады деп уағдаласты.
     1999 жылдың 1 қаңтарында Келiсiмдi келтiру мүмкiн болмаған жағдайда қауымдастықтың дербес квоталары Келiсiм күшiне енгенге дейiн жаңартылатын болады; енген күннен бастап 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн Қазақстанға бөлiнетiн сандар Келiсiмнiң ІI Қосымшасында көрсетiлгендер болады, мұнда дербес квоталардан шегерiлiп тасталған тиiстi сандар қосылмайды.

А ХАТТАМАСЫ
І ТАРАУ
Жiктеу
1-бап

      1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың қатысында Қауымдастықтың оларды күшiне енгiзген күнге дейiн Бiрiктiрiлген Номенклатурадағы кез келген өзгерiстер туралы Қазақстанды хабардар етуге мiндеттенедi.
      2. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен қамтылған бұйымдарды жiктеуге қатысты кез келген шешiмдер туралы олардың қабылдану күнiнен бiр ай ішінде Қазақстанның құзыреттi органдарын хабардар етуге мiндеттенедi.
      Мұндай сипаттау:
      а) осындай бұйымдардың сипатынан;
      б) БН-ының тиiстi кодтарынан;
      с) осындай шешiмдi туындатқан себептерден тұрады.
      3. Жiктеу туралы шешiм Келiсiммен қамтылған кез келген бұйымның жiктеу практикасын өзгертуге әкеп соқтырса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм хабарлаған күннен бастап шешiм күшiне енген күнге дейiн 30 күн бұрын хабарлама ұсынады. Шешiм күшiне енген күнге дейiн жiберiлген бұйымдар сұрақ астындағы тауарларды Қауымдастыққа импорттау үшiн осы күннен бастап 60 күн ішінде ұсыну шартымен жiктеудiң бастапқы iс-тәжiрибесiне жатуды жалғастырады.
      4. Қауымдастықтың Келiсiммен қамтылған кез келген бұйымның жiктеудiң іс-тәжiрибесiн өзгертудi туындатқан шешiмi сандық шектеулерге түсетiн санатқа қатысты болса, тараптар Келiсiмнiң 7-бабындағы (1) мiндеттемелердi орындау мақсатымен Келiсiмнiң 9-бабында (3) жазылған тәртiпке сәйкес консультациялар өткiзуге келiседi.
      5. Қазақстанның және қауымдастықтың құзыреттi органдарының Келiсiммен қамтылған бұйымдарды жiктеу мәселелерi бойынша пiкiрлерiнде алшақтық болса, жiктеу осындай бұйымдарды белгiленген жiктеу туралы келiсiмге қол жеткiзу мақсатымен 9-бапқа сәйкес консультациялар өткiзгенге дейiн Қауымдастық ұсынған көрсеткiштерге негiзделуге тиiс.

ІІ ТАРАУ
Тегi
2-бап

      1. Қазақстанда өндiрiлген бұйымдарда Қауымдастыққа экспорттау туралы Қауымдастықтың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес, Келiсiммен көзделген уағдаластықтарға сәйкес осы Хаттамаға қоса берiлген нысан бойынша қазақстандық шығу сертификаты болады.
      2. Шығу сертификатын Қазақстанның заңдары бойынша мұндай бұйымдар Қазақстанда шығарылған деп саналуы мүмкiн екенiн осы мақсаттарға уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар растайды.

3-бап

      Шығу сертификаты экспорттаушы жазбаша түрде орындаған өтiнiш бойынша ғана немесе экспорттаушының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жауапкершiлiгiмен шығарылады. Қазақстанның заңдары бойынша осы мақсаттар үшiн уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар сертификаттың тиiстi түрде ресiмделуiн қамтамасыз етедi және осы мақсат үшiн кез келген құжаттамалық дәлелдi талап етедi немесе өздерi қажет деп санаған кез келген тексерудi жүзеге асырады.

4-бап

      Бұйымдардың импорттау кезiнде нысандылықты орындау үшiн шығу сертификатында ұсынылған өтiнiштер мен кеден органы табыс етiлген құжаттардағы шамалы айырмашылықтарды айқындау сертификаттағы өтiнiштер қатысында осыған байланысты сенiмсiздiктер туғызбауы тиiс.

III ТАРАУ

Сандық шектеулерге жататын бұйымдарына арналған
екi ұдай бақылау жүйесi

І бөлiм
Экспорттау 5-бап

      Қазақстанның тиiстi мемлекеттiк органдары осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердiң шектерiнде Келiсiммен қамтылған болаттан жасалған бұйымдарды Қазақстаннан экспорттауға арналған лицензия бередi.

6-бап

      1. Экспортқа арналған лицензия осы хаттамаға тiркелген нысанға сәйкес келуге және Қауымдастықтың кеден аймағына экспорттау үшiн жарамды болуға тиiс.
      2. Экспортқа арналған әр лицензия барлығының арасында осындай  бұйымдардың саны осы Келiсiмге 2-қосымшада осындай бұйым үшiн белгiленген тиiстi сандық шектеулердiң есебiне есепке жатқызылғанын растауға тиiс.

7-бап

      Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа арналған бұрын берiлген лицензияның жойылғаны немесе өзгергенi туралы дереу хабардар етiлуге тиiс.

8-бап

      1. Экспорт, онда егер экспортқа лицензия осындай жөнелтуден кейiн берiлсе де бұйымды жөнелту жүзеге асырылған жылға белгiленген сандық шектеулердiң есебiне жатқызылады.
      2. Осы баптың бiр тармақшасын қолдану мақсаты үшiн тауарды жөнелту оны экспорттық көлiкке тиелген сәттен бастап жүзеге асырылды деп есептеледi.

9-бап

      11-бапты қолдану үшiн экспортқа лицензия лицензияда көрсетiлген тауарлар жөнелтiлген келесi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан  кешiктiрiлмей берiледi.

II бөлiм
Импорттау 10-бап

      Сандық шектеулерге жататын болаттан жасалған бұйымдар импортқа рұқсат алынған кезде импортталуы мүмкiн.

11-бап

      1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары 8-бапта көрсетiлген импортқа импорттаушы экспортқа лицензияның сәйкес түпнұсқасын берген күннен бастап 10 күн ішінде бередi. Құзыреттi органдардың тiзiмi осы Хаттамада көрсетiлген.
      2. Импортқа рұқсат Қауымдастықтың кеден аумағына импорт үшiн оны берген күннен бастап 4 ай бойы күшiнде болады.
      3. Қауымдастықтың құзыреттi органдары импортқа берiлген рұқсатты экспортқа сәйкес лицензияны жойған кезден бастап қайтып алады. Алайда, егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа лицензияның жойылғандығы туралы бұйымның Қауымдастықта еркiн айналымнан кейiн ғана хабарласа, сәйкес сандар бұйымға қатысты белгiленген шектеулер есебiнде жазылады.

12-бап

      Егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның құзыреттi органдары экспортқа берген лицензияда көрсетiлген жалпы санның 2 Қосымшада көрсетiлген бұйымдар үшiн белгiленген сандық шектеуден асып кеткендiгiн айқындаса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары сандық шектеулерге жататын мұндай бұйымдарға қатысты импортқа одан әрi рұқсат берудi тоқтата тұрады. Мұндай жағдайда Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның органдарына бiрден хабарлайды және Келiсiмнiң 9 (2)-бабына сәйкес консультациялар өткiзедi.

IV ТАРАУ
Экспортқа лицензиялар мен шығу тегi сертификаттарының
нысаны және берiлуi және қауымдастыққа экспортқа қатысты
жалпы ережелер 13-бап

      1. Экспортқа лицензиялар мен шығу тегi сертификаттары ағылшын тілінде жасалады. Егер олар қолдан жасалса, мәлiметтер сиямен және баспа әрiптерiмен жазылады.
      Құжаттың көлемi 210х297 мм болу керек. Пайдаланған қағаз ақ түстi, бүлiнбеген және 25 г/кв.м. кем тартпауы керек. Егер құжаттар бiрнеше данада болса, олардың түпнұсқасында анық "түпнұсқа", ал көшiрмелерiнде "көшiрме" деген жазуы болуы керек. Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес экспорттың мақсаттары үшiн жарамдысы ретiнде Қауымдастықтың құзыреттi органдары тек түпнұсқаны ғана алады.
      2. Әрбiр құжаттың ол басылғанына немесе басылмағанына қарамастан анық салыстырушылық сериялық нөмiрi болу керек. Бұл нөмiрлер өздерiне мына элементтердi қосады:
      - экспорттаушы елдi бейнелейтiн яғни КZ=Қазақстан деген екi әрiп;
      - кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекет - Қауымдастық мүшесiне  сәйкестiгiн бiлдiретiн екi әрiп, яғни:
      ВЕ=Бельгия
      DК=Дания
      DЕ=Германия
      ЕL=Греция
      ЕS=Испания
      ЕR=Франция
      IЕ=Ирландия
      IТ=Италия
      LU=Люксембург
      NL=Нидерланды
      АТ=Австрия
      РТ=Португалия
      FI=Финляндия
      SЕ=Швеция
      GВ=Великобритания;
      - жылдың соңғы санына сәйкес келетiн, жылды анықтаушы бiр сан, мысалы 1999 жыл үшiн "9";
      - экспорттайтын елдiң белгiлi берушi органын анықтаушы 01-ден 99 дейiнгi екi таңбалы нөмiр;
      - кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекетке-Қауымдастық Мүшесiне берiлген бiрте-бiрте өсетiн 00001-ден 99999 бес таңбалы нөмiр.

14-бап

      Экспортқа лицензия мен шығу тегi сертификаты оларға тиiстi тауарлар жiберiлгеннен кейiн берiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда оларда "өткенге қатысты берiлдi" ("issиеd rеtrоsресtivеlу") деген жазу болу керек.

15-бап

      1. Экспортқа лицензия немесе шығу тегi сертификаты ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда экспорттаушы лицензия беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстанның мемлекеттiк органдарына немесе Қазақстанның заңдарына сәйкес шығу тегi сертификатын беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстан ұйымдарына сәйкесiнше экспорттаушыда бар экспортқа арналған құжаттар негiзiнде екiншi нұсқаны беру үшiн өтiнiш жасай алады. Осындай жолмен берiлген осындай сертификаттың немесе лицензияның екiншi нұсқасында "екiншi нұсқа" ("duplicate") деген жазуы болу керек.
      2. Екiншi нұсқада экспортқа ресми лицензияның немесе шығу тегi алғашқы сертификатының берiлген күнi көрсетiлуi керек.

V ТАРАУ
Әкiмшiлiк ынтымақтастық 16-бап

      Тараптар осы Хаттаманың ережелерiн орындаған кезде тығыз ынтымақтастықта болады. Екi Тарап техникалық мәселелер жөнiндегi ынтымақтастықты қоса алғанда байланыстарға және пiкiр алмасуларға көмектеседi.

17-бап

      Осы Хаттаманы дұрыс қолдану үшiн Тараптар осы Хаттама, немесе оған сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемелер бойынша берiлген экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттардың шынайылығы мен ұқыптылығын тексеру кезiнде өзара көмек көрсетедi.

18-бап

      Қазақстан экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттарын беруге және тексеруге құзыреттi Қазақстан органдарының аттары мен мекен-жайларын олар пайдаланатын мөрлер және қол қою үлгiлерiмен қоса Европалық Қауымдастық Комиссиясына жолдайды. Қазақстан, сондай-ақ осындай өзгерген ақпараттың қандайы болмасын Комиссияға хабарлайды.

19-бап

      1. Шығу тегi сертификаттарын немесе экспортқа арналған лицензияларды келесi тексеру кез келген уақытта, немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары сертификаттың немесе лицензияның немесе күмәндi тауарлардың нақты шығу тегiне қатысты ақпараттың дәлдiгiне негiзделген осындай бар уақытта жүзеге асырылады.
      2. Мұндай жағдайларда Қауымдастықтың құзыреттi органдары егер қабылдайтындай болса, осындай тексерудi ақтайтын себептердi көрсете отырып, шығу тегi сертификатын немесе экспортқа арналған лицензияны немесе оның көшiрмесiн Қазақстанның сәйкес органдарына қайтарады. Есеп-фактура жiберiлген жағдайда, осындай есеп-фактура немесе оның көшірмесi сертификатқа немесе лицензияға немесе оның көшiрмесiне қоса жіберiледi. Құзыреттi органдар сол сияқты жоғарыда аталған сертификаттағы немесе лицензиядағы мәлiметтердiң анық еместiгiн дәлелдейтiн кез келген алынған ақпаратты беруге тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағының Ережесi сол сияқты осы Хаттаманың 2-бабында көзделген шығу тегi сертификаттарын келесi тексерулерге қолданылады.
      4. 1 және 2, одан жоғары тармақтарға сәйкес жүргiзiлген келесi тексерулердiң нәтижелерiн Қауымдастықтың құзыреттi органдары тексеруден соң үш айдың ішінде жiбередi. Мұндай ақпаратта күмәндi сертификат, лицензия немесе мәлiмдеме шын мәнiнде экспортталған тауарға қатыста қолданылды ма, немесе Келiсiмде белгiленген уағдаластыққа орай сондай тауарлар экспортқа жiберiлдi ме солар көрсетiлулерi тиiс. Ақпаратта сол сияқты Қауымдастықтың талабы бойынша шындықты, атап айтқанда, тауардың анық шығу тегiн толық ашу үшiн қажет бар құжаттардың көшiрмелерi болуға тиiс.
      Егер осындай тексерулер шығу тегi сертификаттарын қолдануда ұдайы бұзушылықтарды ашатын болса, Қауымдастық осындай бұйымдардың импортын осы Хаттаманың 2 (1)-бабының ережелерiне сәйкес жүзеге асыра алады.
      5. Шығу тегi сертификаттарын келесi тексеру мақсатында сертификаттардың, экспортқа қатысты кез келген құжаттардың көшiрмелерi осы Келiсiмнiң бiткен күнiнен бастап бiр жылдан кем емес Қазақстанның сәйкес құзыреттi органдарында сақталады.
      6. Осы бапта көзделген кез келген уақытта тексеру осындай тауарлардың еркiн айналысына бөгет етпеуi тиiс.

20-бап

      1. 19-бапта көрсетiлген тексеру рәсiмi, немесе Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдарында бар ақпарат Келiсiмнiң ережелерiн бұзатындығын көрсететiн болса, екi Тарап сәйкес мерзiмдерде мұндай бұзулардың алдын алу үшiн тығыз ынтымақтастықта болады.
      2. Қазақстанның сәйкес органдары өз бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың талап етуi бойынша бұзушылық болып табылатын операцияларға қатыста немесе Қауымдастықтың пiкiрiнше осы Хаттама бұзылды дегенде сәйкесiнше тергеулердi жүргiзедi немесе ұйымдастырады.
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша Қауымдастық тағайындаған лауазымды тұлғалар осы баптың 2-тармағында ескерiлген тергеулер кезiнде қатыса алады.
      4. Осы баптың 1-тармағында ескерiлген ынтымақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм ережелерiн бұзушылықты болдырмау үшiн Тараптардың қайсысы болсын қажет деп санайтын кез келген ақпараттармен алмасады. Мұндай алмасу, атап айтқанда, егер осындай тауарлар олар Қауымдастыққа импортталғанға дейiн Қазақстанның аумағы арқылы тасылуы мүмкiн деп санауға Қауымдастықтың негiзделген себептерi болса, Қазақстан мен үшiншi елдер арасындағы осы Келiсiмде ескерiлген бұйым түрлерiмен сауда туралы ақпаратты қоса алады. Қабылдайтындай болса, бұл ақпарат Қауымдастықтың талап етуi бойынша барлық сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн қоса алады.
      5. Егер жеткiлiктi айғақтар осы Хаттаманың ережелерiнiң бұзылғандығын куәлендiретiн болса, Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары мұндай бұзушылықтардың алдын алу үшiн кез келген қажеттi шараларды қолдануға келiсе алады.

Б ХАТТАМАСЫ

      Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдарға қатыста бәсекелестiк, мемлекеттiк көмек және қоршаған ортаны қорғау.

I ТАРАУ
Мақсаттар 1-бап

      Хаттаманың мақсаты мыналар болып табылады:
     - бәсекелестiкке, мемлекеттiк көмекке және қоршаған ортаны қорғауға қатыста баламалық тәртiптердi үдемелi пайдалану арқылы болат бұйымдарымен сауда жасауды ырықтандыру бойынша сәйкес рыноктық жағдайларға жетiсудi жеңiлдету; және
     - келiсiммен қамтылған болат бұйымдарымен Тараптар арасындағы саудаға әсер етуi мүмкiн кәсiпорындар бәсекелестiгiне шектеулердi алу немесе мемлекеттiк араласудан туындаған шектеулер кезiнде үдемелiлiктi бағалау үшiн база орнату.

ІІ ТАРАУ
Бәсекелестiк және мемлекеттiк көмек 2-бап

      Егер Қазақстан мен Қауымдастық арасындағы саудаға әсер ететiндей болса, мыналар Келiсiмнiң ойдағыдай жұмыс iстеуiмен сыйыспайтын болып табылады:
      а) бәсекелестiктi болдырмауды, шектеудi немесе бүлдiрудi мақсат еткен барлық қауымдасқандық немесе топтасқандық сипаттағы барлық келiсiмдер;
      б) Қазақстанның немесе Қауымдастықтың аумағында тұтастай немесе олардың едәуiр бөлiгiнде басым айқындамадағы бiр немесе бiрнеше міндеттемелермен терiс пайдаланса;
      с) зерттеулер мен дамытуларға, қоршаған ортаны қорғауға немесе зауытты жабуға немесе әлеуметтiк қолдауға қатыста соған сәйкес белгiлi бiр шараларды қоспағанда, федералдық, мемлекеттiк, аумақтық немесе өкіметтiң жергiлiктi органдары көрсеткендерiне қарамастан мемлекеттiк көмектiң кез келген түрi.
      Нарықтық экономиканың әдеттегi инвестициялық тәжiрибесiне сәйкес шын мәнiндегi тәуекелдiк капитал болып саналмайтын мемлекеттiк көмек, басқаларымен бiрге, акциялар пакетiн сатып алу немесе капитал беру немесе осыған ұқсас қаржыландыруларды өзiне қосады.

3-бап

      1. Келiсiм күшiне енген күннен бастап 18 ай ішiнде осы Келiсiммен қамтылған бұйымдарға қатыста 2-бапты орындау үшiн Тараптар Хаттармен Алмасу түрiндегi Келiсiм жолымен қажеттi ережелердi келiседi.
      2. Тараптар Қазақстан мен Қауымдастық болат балқыту өнеркәсiбiне мемлекеттiк көмек қатысында қабылданған барлық қазiргi немесе болашақ халықаралық мiндеттемелердi есепке алуға келiседi.
      3. Егер Қазақстан мен Қауымдастық арасындағы саудаға ықпал ететiндей болса, Тараптар осы Келiсiмнiң әрекет мерзiмi аяқталғанға дейiн 6 айдан кешiктiрмей бәсекелестiк, мемлекеттiк көмек және қоршаған ортаны қорғау қатысында баламалық тәртiптемелердi қолданатын болады.

4-бап

      1. Тараптар арасындағы Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiммен жасалған көмiр мен болатқа байланысты мәселелер жөнiндегi Байланыс тобына басқаларымен бiрге сәйкес ақпаратты беру жолымен Тараптар өздерiнiң сәйкес аумақтарында мемлекеттiк көмек саласындағы мөлдiрлiктi қамтамасыз етедi. Тараптардың қайсысы болсын, олар осы Келiсiммен сыйыспайды деп санаса, көмiр мен болатқа қатысты мәселелер жөнiнде кез келген мәселенi Байланыс Тобының алдында көтере алады.
      2. 2 және 3-баптарда көзделген ережелердi орындай отырып, Тараптар тығыз ынтымақтаста болуға және барлық заң жобалары туралы олар күшiне енгенге дейiн бiр-бiрiне хабарлап отыруға келiседi.

5-бап

      1. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 3 жылдан соң бiтетiн өтпелi кезең барысында, және осы Хаттаманың 2 (3)-бабынан алу жолымен Қазақстан жекелеген болат балқыту кәсiпорындарын қайта құрылымдау мақсатында ерекше негiзде мынадай шарттармен мемлекеттiк көмек бере алатындығын Тараптар таниды:
      - қайта құрылымдау бағдарламасының орындалғандығы туралы барлық ақпараттармен алмасуды жалғастыру жолымен мөлдiрлiктi қамтамасыз ету; мұндай ақпарат көмектiң сомалары, кезеңдiлiгi және мақсаттары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ қайта құрылымдауға байланысты барлық сәйкес техникалық және экономикалық мәлiметтердi келтiретiн реформалаудың егжей-тегжейлi жоспарын қосады;
      - мұндай қайта құрылымдау бағдарламасы өңделмеген болат пен ыстық прокатты өндiру көлемiн азайтып тиiмдендiруге әкелуге тиiс; және
      - мұндай көмек қайта құрылымдау кезеңiнiң аяғында оңтайлы нарық жағдайында сәйкес компаниялардың өмiршеңдiгiне әкелуге тиiс; және
      - жоғарыда аталған компаниялардың өмiршеңдiгi үшiн берiлген көмек сомасы оның мақсаттарына тепе-тең емес және шын қажеттi көлемде және дүркiндiкпен берiлуi тиiс.
      2. Қазақстан осы бап бойынша беру үшiн көзделген кез келген көмек туралы Қауымдастыққа жеткiлiктi ерте хабарлайды және жоғарыда көрсетiлген өлшемдерге көмектер мен қайта құрылымдау сәйкес пе, соны бағалау үшiн қажет бар ақпаратты Қауымдастыққа хабарлайды.

III ТАРАУ
Қоршаған ортаны қорғау 6-бап

      1. Тараптар қоршаған ортаның нашарлауының алдын алу үшiн, атап айтқанда, заңдарды жақсарту және сақтық шараларын қолдану жолымен, ынтымақтастықта болуға келiседi.
      2. Тараптар Болат және Көмiр жөнiндегi Байланыс Тобына сәйкес ақпаратты беру жолымен сәйкес аумақтардың болат секторындағы негiзгi проблемалар туралы бiр-бiрiне егжей-тегжейлi хабарлап отыруға келiседi.
      3. Тараптар басқаларымен бiрге болат балқыту секторының қызметiмен байланысты қоршаған ортаға қатысы бар өздерi бекiткен сәйкес халықаралық келiсiмдердi сақтауға мiндеттенедi. Тараптар мұндай келiсiмдердi барынша тез бекiтуге және орындауға мiндеттенедi. Мұндай келiсiмдер, атап айтқанда, Ауаның ластануы туралы 1979 жылғы Конвенцияны Z000089_ және оның хаттамасын, Қоршаған ортаға әсердi бағалау туралы 1991 жылғы Конвенция, Z000086_ Халықаралық көлдердi қорғау туралы 1992 жылғы Конвенция Z000094_ және Климаттық өзгерiстер туралы 1992 жылғы Конвенцияны U952260_ қосады.

IV ТАРАУ
Техникалық ынтымақтастық 7-бап

      Қауымдастық осы Хаттаманы орындау, атап айтқанда, бәсекелестiк және мемлекеттiк көмектi ережелерiн дамыту үшiн, сондай-ақ қажеттi атқару тетіктерiн жасау үшiн Қазақстанға қолда бар қаражаттар шегiнде техникалық көмек көрсетедi.

Б Хаттамасының 3-бабы бойынша
Көмiр және Болат жөнiндегi
Еуропалық Қауымдастықтың
ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Б Хаттамасындағы 3-баптың 1 пунктiнде келтiрiлген әдiл бәсекелестiк туралы Ереже күшiне енгенiне дейiн ол 2-бапқа жататын кез-келген  тәжiрибенi Көмiр және Болат жөнiндегi Еуропалық Қауымдастық белгiлеген Шарттың 65 және 66-баптарындағы Ережелерден туындайтын өлшемдер негiзiнде, және екiншi заң шығаруды қоса алғанда Мемлекеттiк көмек туралы Қауымдастықтың ережесiмен бағалайтындығын мәлiмдейдi.

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Омарбекова А.Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады