Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Нидерландтар Корольдігі Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 қаңтар N 2

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күшi бар Жарлығының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Нидерландтар Корольдiгi Yкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қатысуымен жоғарыда аталған Келiсiмге қол қою туралы нидерланд тарапымен келiссөздер жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Серiк Мiнуарұлы Бүркiтбаевқа Келiсiмнiң жобасына принциптiк сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Нидерландтар Корольдiгi Yкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы

 

туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

     4. "Өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998

жылғы 22 қыркүйектегi N 933 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                 Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

            Нидерландтар Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы

                халықаралық автомобиль қатынасы туралы

                               Келісім


     Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Нидерландтар Корольдiгiнiң Үкiметi,

     экономикалық қарым-қатынас мүддесiнде автокөлiкпен жүктердi және

жолаушыларды өз елдерiне/н және солардың аумақтары арқылы транзитпен

тасымалдауды дамытуға жәрдемдесуге ынталана отырып,


     мыналар жөнiнде келiстi:


                        1-бап

                   Жалпы ережелер



 
       1. Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың арасында, олардың аумағы арқылы, үшiншi елдерге/ден және осы Келiсiмнiң 2-бабында анықталғандай автокөлiк құралдарын пайдаланумен каботаждық тасымалдарға, жалдау шартында, немесе сыйақы үшiн, немесе өз есебiнен халықаралық жүк

 

және жолаушылар автотасымалдарына қатысты.

     2. Уағдаласушы Тараптардың жасасқан басқа халықаралық келiсiмдерiнен

туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне осы Келiсiмнiң қатысы жоқ.

     3. Осы Келiсiм Еуропалық Одақ мүшесi - мемлекет ретiнде Нидерландтар

Корольдiгiмен Еуропалық Одақ заңдарын бұзбай орындау арқылы қолданылатын

болады.


                           2-бап

                       Анықтамалар


     Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн:


 
       1. "Тасымалдаушы" терминi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнде тiркелген және тiркеу елiнде жалдау шартында, немесе сыйақы үшiн, немесе өз есебiнен, ұлттық заңдар мен ережелерге сәйкес, жүк пен жолаушылардың көлiктік тасымалдарына заңды жiберiлген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
      2. "Көлiк құралы" терминi iшiнде, тiптi болмағанда, бiр көлiк құралы бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген, және тек қана жүктер мен жолаушыларды автобуста тасымалдауға жабдықталған және пайдаланылатын бiр көлiк құралын немесе көлiк құралдарының құрамын бiлдiредi.
      3. "Каботаждық тасымалдар" терминi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген тасымалдаушының көлiк тасымалдарын орындауын бiлдiредi.
      4. "Тасымалдау" немесе "тасымал" терминi тiптi егер көлiк құралының, тiркеменiң, жартылай тiркеменiң жолының iшiнара бөлiгi темiр жолмен немесе су жолымен өтсе де, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдарының автомобиль жолымен жеткiзiлуiн бiлдiредi.
 
                            3-бап
                      Рұқсат беру жүйесi
 
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген кез келген тасымалдаушыға мына халықаралық қатынаста жүктердi немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беруi мүмкiн:
      а) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында кез келген мекендер және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында кез келген мекендер, және осы аумақтардан тысқары кез келген мекендер арасында;
      б) егер өзгесi Бiрлескен Комиссиямен келiсiлмесе, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органдарымен немесе басқа уәкiлеттi агенттiктерiмен берiлетiн рұқсаттары бойынша олардың аумақтары арқылы.
      2. Тасымалдардың мына түрлерiне немесе мыналар сияқты тасымалдарға байланысты бос рейстерге рұқсаттар талап етiлмейдi:
 
      а) қоғамдық қызмет көрсету саласы ретiнде почта тасымалдауға;
      б) бұзылған немесе сынған көлiк құралдарын тасымалдауға;
      в) жүкпен рұқсат етiлген салмағы, тiркеменi қоса 6 т аспайтын, немесе рұқсат етiлген пайдалы тиеу салмағы, тiркеменi қоса 3,5 т аспайтын көлiк құралдарында жүктердi тасымалдауға;
      г) төтенше жағдайларда, атап айтқанда, табиғи апат жағдайында, қажеттi дәрi-дәрмектер мен жабдықты немесе басқа жүктердi тасымалдауға.
      3. Егер әрбiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарынан немесе басқа уәкiлеттi органдарынан арнайы рұқсаты болмаса, тасымалдаушыға каботаждық тасымалдарды жүзеге асыруға тыйым салынады.
 
                          4-бап
                 Салмағы және өлшемдерi
 
      1. Көлiк құралдарының жалпы салмағы мен көлемдiк өлшемдерi көлiк құралдарының ресми тiркеуiне сәйкес болуы және қабылдаушы мемлекетте қолданылатын нормалардан аспауы тиiс.
      2. Егер осы Келiсiмнiң шарттары бойынша тасымалдау кезiнде пайдаланылатын жүкпен немесе жүксiз көлiк құралының салмағы және/немесе көлемдiк өлшемдерi қабылдаушы мемлекетте белгiленген ең жоғары рұқсат етiлетiн салмақ пен көлемдiк өлшемдерiнен асса, қабылдаушы мемлекетте арнайы рұқсат талап етіледi.
 
                           5-бап
              Ұлттық заңдарға сәйкестiгi
 
      1. Бiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары мен олардың көлiк құралдарының экипаждары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында болуы уақытында осы елде қолданылатын заңдар мен ережелердi сақтауы тиiс.
      2. Каботаждық тасымалдар жағдайында Бiрлескен Комиссия қабылдаушы мемлекетте қолданатын заңдар мен ережелердi дәл анықтайтын болады.
      3. Осы Баптың 1 және 2-тармағында айтылған заңдар мен ережелер ұлттық белгiсi бойынша немесе тiркеу орны бойынша теңсiздiк жағдайларын болдырмау үшiн қабылдаушы мемлекет резиденттерiне дәл сондай шарттарда қолданылатын болады.
 
                           6-бап

 

                     Келiсiмдi бұзу


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң

аумағында тiркелген тасымалдаушы бұзған кез келген жағдайда, аумағында

бұзу орын алған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары, ұлттық заңдармен

қарастырылған рәсiмдерге сәйкес, екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi

органдарына хабарлайды, олар ұлттық заңдарымен қарастырылған шараларды

қолданады.

     Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары кез келген айып-жазалар

туралы бiр бiрiне дер кезiнде хабарлайтын болады.


                           7-бап

                     Қаржы мәселелерi



 
       1. Осы Келiсiмге сәйкес тасымалдауға қатыстырылған көлiк құралдары, олардың қосалқы бөлшектерiн қоса көлiк құралдарын пайдалану немесе иелену үшiн алынатын барлық салықтар мен алымдардан, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында көлiктi пайдалану үшiн алынатын барлық арнайы салықтардан немесе алымдардан өзара босатылатын болады.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары автомобиль отынына салықтар мен алымдардан, көлiк қызмет көрсетулерiне қосымша құн салығынан, жол алымдарынан және жолдарды пайдалану үшiн алымдардан босатылмайды.
      3. Стандартты бактердегi автомобиль отыны, сондай-ақ тек қана көлiк құралдарына пайдалануға арналған жағармай материалдары Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелгенде кiргiзу бажы мен кез келген салықтар мен төлемдерден өзара босатылатын болады.
 
                             8-бап
                      Бiрлескен Комиссия
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнің орындалуы мен қолдануына қатысты барлық мәселелердi шешетiн болады.
      2. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Бiрлескен Комиссия құрады.
      3. Бiрлескен Комиссия кез келген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарының сұрауы бойынша тұрақты жиналады және оған Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерi кiргiзiледi, олар көлiк өнеркәсiбiнiң өкiлдерiн осы жиналыстарға шақыруы мүмкін. Бiрлескен Комиссия өз ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейдi. Бiрлескен Комиссия кезекпен әр елде жиналатын болады. Қабылдаушы мемлекет мәжiлiстiң төрағасы болады. Күн тәртiбiн жиналысты ұйымдастырушы Уағдаласушы Тарап мәжіліс басталғанға дейiн кемiнде 2 апта бұрын әзiрлейтiн болады. Мәжiлiс әрбiр Уағдаласушы Тараптың делегация басшыларымен қол қойылатын хаттама құрастырумен аяқталатын болады.
      4. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Бiрлескен Комиссия берiлетiн рұқсаттардың үлгiсi мен саны және рұқсат беру жүйесiнің шарттары, еңбек шарттары мәселелерiн қоса, туралы шешiм қабылдайды. 3-баптың 2-тармағына қарамастан Бiрлескен Комиссия рұқсат талап етiлетiн тасымалдар түрлерi тiзiмiн көбейтуi немесе өзгертуi мүмкiн.
      5. Бiрлескен Комиссия мына мәселелердi ерекше қарайтын болады:
      а) екi мемлекет арасында, басқа мәселелердiң iшiнде қоршаған ортаның мәселелерiн ескере отырып, тасымалдарды үйлесiмдi дамыту;
      б) көлiк саясатын, көлiк заңдарын үйлестiрудi және оның Уағдаласушы Тараптармен ұлттық және халықаралық деңгейде орындалуы;
      в) проблемалар туындағанда, әсiресе қаржы және әлеуметтiк салада,

 

кеден және, қоғамдық тәртiп мәселелерiн қоса, қоршаған орта мәселелерi

бойынша тиiстi ұлттық құзыреттi органдарға мүмкiн болатын шешiмдердi

келтiредi;

     г) iске қатысты ақпараттармен алмасу және даулар мен

келiспеушiлiктердi реттеу;

     д) салмақ пен өлшемдердi белгiлеу әдiстемесiн анықтау;

     е) көлiк кәсiпорындары мен ұйымдары арасында ынтымақтастықты дамытуға

жәрдемдесу;

     ж) рұқсат беру жүйесiне қатысты барлық мәселелердi қоса

интермодальдiк тасымалдауды дамытуға жәрдемдесу.


                       9-бап

             Дау-дамайларды реттеу



 
       Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң қағидаларын түсiндiру мен қолдануға байланысты пайда болуы мүмкiн барлық дауларды Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясының келiссөздер жүргiзуi және кеңесулерi жолымен шешетiн болады. Дау-дамайларды кеңесулер және келiссөздер жүргiзу

 

жолымен реттеу бойынша барлық күш салу табысқа жетпеген жағдайда дай-дамай

түпкiлiктi және мiндеттi шешiм қабылдау үшiн аd hос төрелiк соттың

қарауына тапсырылуы мүмкiн.


                       10-бап

        Нидерландтар Корольдiгi үшiн Келiсiмдi қолдану


     Осы Келiсiм Нидерландтар Корольдiгiне қатысты Корольдiктің Еуропадағы

аумағында ғана қолданылатын болады.


                      11-бап

                    Өзгерiстер



 
       Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң барлық өзгерiстерi мен толықтыруларын осы Келiсiмнiң 12-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн оған қосымша келiсiммен ресiмдейдi.
 
                       12-бап
         Келiсiмнiң күшiне енуi мен мерзiмiнiң аяқталуы
 
      1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар бiр бiрiне жазбаша нысанда олардың мемлекеттерiнде орнатылған барлық заң рәсiмдерiнiң орындалуы туралы хабарлаған күннен кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оны жазбаша түрде жойғанша күшiнде қалады. Келiсiм екiншi Уағдаласушы Тарап жою туралы мәлiмдеме алғаннан кейiн алты айдан соң күшiн жоғалтады.
      Осыларға куә ретiнде, соған тиiстi түрде уәкiлеттiлендiрiлгендер, осы

 

Келiсiмге қол қойды.

     199___ж. "___"________ ___________ қаласында екi данада, әрбiрi

қазақ, нидерланд, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық

мәтiндердің бiрдей заң күшi бар.

     Осы Келiсiмдi түсiндiруде кез келген келiспеушiлiктер болған

жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын

болады.


     Қазақстан Республикасының        Нидерландтар Корольдігінің

        Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады