Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 қаңтар N 62. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.08.16. N 1068 қаулысымен. ~P011068

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу туралы ереже бекітілсін.
      2. "Аймақтарда реформаларды жүргізу жөніндегі облыстар мен Алматы қаласы әкімдері қызметінің рейтингтік жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 620 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекітілген


             Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
             әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың
                  рейтингтік жүйесін енгізу туралы
                             ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесін (бұдан әрі - рейтингтік жүйе) енгізудің ұйымдық және әдістемелік негіздерін айқындайды және оларды аймақтардағы экономикалық реформаларды іске асырудың барысына мониторингті жүзеге асыру үшін пайдаланудың тетігін ашады.

                  І. Жалпы ережелер

      1. Рейтингтік жүйені енгізудің негізгі мақсаты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру болып табылады.
      2. Есептеулер жүргізу және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайының рейтингтік бағасын айқындау үшін құрал ретінде статистикалық саралау әдісі пайдаланылды. Есептеулер қоса беріліп отырған аймақтардағы реформалардың жай-күйін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес тоқсандық мерзімділікпен жүргізіледі.

           2. Рейтингтік жүйе үшін материалдарды берудің
                       және қорытудың тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-сына дейін Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне Тізбеге сәйкес аймақтардың тұрғысындағы көрсеткіштер бойынша ақпарат ұсынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1638
               қаулысымен. P001638_
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі министрліктер, агенттіктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ұсынған ақпараттардың негізінде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалайды және осы Ережеге сәйкес аймақтардың рейтингін анықтау жөніндегі есептеулерді жүргізеді, материалдарды бір апта мерзімде баяндама түрінде Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалауды Қазақстан Республикасының Экономика министрі басшылық ететін Ведомствоаралық комиссия жүргізеді. Ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктерінің, агенттіктерінің бірінші басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тиісті бөлімдерінің басшылары кіреді.
      Ведомствоаралық комиссияның нақты құрамы рейтингтік жүйеге енгізілген

көрсеткіштердің  сипатына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
қаулысымен айқындалады.
     Ведомствоаралық комиссияның рейтингтік жүйені енгізу жөніндегі 
жұмысының регламентін оның төрағасы бекітеді.
     
             3. Рейтингтік жүйеде ақпаратты
                  талдаудың тетігі
     


      6. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жай-күйінің бірдей емес бастапқы жағдайын, олардың халқының санын, ауа-райы-географиялық, көліктік-коммуникациялық және өзге де елеулі ерекшеліктерін ескере отырып - абсолюттік көрсеткіштер емес, нақты бір облыстың салыстырмалы көрсеткіштерінің ағымдағы жылдың алдындағы кезеңге, өткен жылдың тиісті кезеңіне немесе өткен жылдың тиісті күнінен нақты (бастапқы емес) өсуінің немесе төмендеуінің (жақсаруының немесе нашарлауының) қарқыны салыстырылады.
      Жағымды немесе жағымсыз тенденцияларды салыстыру жиынтығында аймақтағы істің жай-күйінің көрінісін береді, ал олардың қарқыны аймақтың рейтингін айқындайды.
      7. Есептеулердің негізіне балдық бағалау және аймақтарды рангі (орны) бойынша орын-орнына қоятын орташа безбенделген мәнді шығару арқылы көрсеткіштердің үш тобы (бюджеттік, экономикалық, әлеуметтік) бойынша саралау (орнын белгілеу) әдісі алынды.
      Мысалы: өткен жылдың тиісті кезеңіне процентпен алғанда негізгі капиталға инвестициялардың қарқыны бойынша облыстың рангін белгілеу үшін аймақтардың нақты кезеңдегі көрсеткіштері салыстырылады және инвестицияларды игерудің тиісті процентімен көрсетілетін ең жақсы көрсеткіші бар аймаққа 16 балл, ал ең төменіне - 1 балл беріледі (ел аймақтарының саны бойынша).
      Егер есептеу үшін осы облыс (қала) үшін тән емес, оның ішінде форс-мажорлық жағдайларға байланысты бір айдың көрсеткіштері алынса - тоқсанның әр айының баллы қосылады және 3-ке бөлінеді және қаралып отырған тоқсанға арналған аталған процестің қаралып отырған тоқсанға арналған аталған процестің қаралып отырған облыстағы (қаладағы) қарқынын неғұрлым дәл көрсететін орташа балл шығарылады.
      Аймақтар бойынша саралау (яғни, нақты кезең үшін орын беру) және баллдық бағалау процестің логикасына қатысты болады: баллдардың ең үлкен саны (16) процестің мәніне байланысты және ең үлкен көрсеткішке беріледі, мысалы: бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдыдан көп толықтырылуы бойынша бірінші орын беріледі, яғни 16 балл есептеледі, ал мысалы, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы бойынша берешектерді қараған кезде 16 балл осы берешектің ең төмен деңгейі не төмендеуінің ең көп деңгейі бар облысқа беріледі және т.с.с
      Топ бойынша қорытынды (мысалы - бюджеттік) осы топ бойынша көрсеткіштердің тізбесінде аталған барлық көрсеткіштер бойынша балдарды қосу жолымен шығарылады.
      Қорытынды шығару кезінде көрсеткіштердің әрбір тобының өз салмақтық маңызы болатындығын ескерген жөн.
      Аймақтағы да, тұтас алғанда елдегі де халықтың игілігі, денсаулық сақтау, білім беру және тағы сол сияқты ұйымдардың жұмыс істеуі бірінші кезекте, бюджеттердің кіріс бөлігінің толықтырылуына байланысты болғандықтан облыстардың бюджеттік балдары 40%-ке тең (яғни әрбір облыстың балдары 0,4 коэффициентке көбейтіледі). Осыған ұқсас, барлық облыстардың балдары экономикалық көрсеткіштердің тобы бойынша 0,35 коэффициентке және әлеуметтік көрсеткіштердің тобы бойынша 0,25 коэффициентке көбейтіледі.
      Осы арқылы көрсеткіштер топтарының маңыздылығы анықталады. Бұл

коэффициенттер нақты аймақтың рангіне (орнына) әсер етпейді.
     8. Аймақтың рейтингі жоғарыда көрсетілген үш топ бойынша балдарды 
қосу, яғни орташа безбенделген балды шығару және 1-ден 16-ға дейін 
(аймақтардың саны бойынша) қосымша саралау жолымен шығарылады.
     9. Ведомствоаралық комиссия облыстардың, Астана және Алматы 
қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау жөніндегі 
материалдарды аталған мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырады.
     
                                Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 62
                            қаулысымен бекітілген Облыстардың, Астана
                               және Алматы қалаларының әлеуметтік-
                                экономикалық жағдайын бағалаудың
                                 рейтингтік жүйесінің ережесіне
                                             қосымша
     
              Реформалардың аймақтардағы жай-күйін
             сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің
                            Тізбесі
 _____________________________________________________________________
       Көрсеткіштердің тізбесі                 ! Көрсеткіштер бойынша
                                                 ақпарат беру үшін
                                                 жауапты орган
 _____________________________________________________________________
              Бюджеттік көрсеткіштер
  
 1. Жылдық болжамға %-пен алғанда республикалық    Мемлекеттік кіріс
    бюджет бойынша мемлекеттік кірістер болжам.    министрлігі
    ының атқарылу қарқыны*
 2. Жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік          Бұл да
    кірістер болжамының атқарылу қарқыны:*
    а) салықтық түсімдер мен
    салықтық емес түсімдер;
    б) жергілікті бюджет бойынша капиталмен        Қаржы министрлігі
    операциялардан жылдық болжамға %-пен
    алғандағы кірістер
 3. Мемлекеттік кірістердің барлық                 Мемлекеттік кіріс
    түрлері бойынша тұтастай алғандағы             министрлігі
    бастапқысына қатысты қаралатын
    кезеңнің аяғына %-пен есептегендігі
    кеш түсуінің қарқыны**
 4. Жергілікті бюджеттердің жалпы                  Қаржы министрлігі
    кредиторлық берешектерінің
    бастапқысына қатысты қаралатын
    кезеңнің аяғына %-пен есептегендегі
    қарқыны
 5. Жергілікті бюджеттерден                        Бұл да
    қаржыландырылатын мемлекеттік
    мекемелердің жалақы төлеу
    жөніндегі берешектерінің
    бастапқысына қатысты қаралатын
    кезеңнің аяғына %-пен
    есептегендегі кему немесе өсу
    қарқыны
 6. Қаралатын кезең үшін %-пен                     Мемлекеттік кіріс
    есептегендегі жергілікті                       министрлігі
    бюджеттердің кіріс бөлігіне                    Қазақстан Республикасы.
    түсімдердің жалпы көлемінен                    ның Табиғи монополия.
    шағын кәсіпкерлік                              ларды реттеу,
    субъектілерінен салықтық                       бәсекелестікті қорғау
    төлемдердің түсу үлесінің                      және шағын бизнесті
    қарқыны                                        қолдау жөніндегі
                                                   агенттігі
     
 7. Өткен жылдың тиісті                            Қаржы министрлігі
    кезеңіне %-пен есептегендегі
    жергілікті бағдарламалар мен
    шағын бағдарламалар бойынша
    қаражаттың жұмсалу
    қарқыны***

            Экономикалық көрсеткіштер
     
 8. Өткен жылдың тиісті                           Қазақстан Республикасының
    кезеңіне %-пен есептегендегі                  Статистика жөніндегі
    өнеркәсіптік өнімдердің                       агенттігі
    (жұмыстардың, қызмет
    көрсетулердің) нақты
    көлемінің индексі
 9. Өткен жылдың тиісті                           Ауыл шаруашылығы
    кезеңіне %-пен есептегендегі                  министрлігі
    ауыл шаруашылығының
    жалпы өнімі

10. Өткен жылдың тиісті                          Қазақстан Республикасының
    кезеңіне %-пен есептегендегі                 Статистика жөніндегі
    негізгі капиталға                            агенттігі
    инвестициялардың игерілуі

11. Өткен жылдың тиісті                          Қазақстан Республикасының
    күніне %-пен есептегендегі                   Табиғи монополияларды
    шағын кәсіпкерлік                            реттеу, бәсекелестікті
    саласындағы жұмыспен                         қорғау және шағын
    қамтудың қарқыны****                         бизнесті қолдау
                                                 жөніндегі агенттігі
     
12. Өткен жылдың тиісті                          Бұл да
    күніне %-пен есептегендегі   
    шағын кәсіпкерлік субъектілері
    өндірген өнімдердің
    (жұмыстардың, қызмет
    көрсетулердің) көлемінің
    қарқыны*** 

             Әлеуметтік көрсеткіштер

13. Өткен жылдың тиісті                          Қазақстан Республикасының
    кезеңіне %-пен алғанда халықтың              Статистика жөніндегі
    жан басына шаққанда орташа                   агенттігі
    ақшалай табысының нақты
    көзделетін қарқыны

14. Өткен жылдың тиісті                          Еңбек және халықты
    кезеңімен салыстырғанда                      әлеуметтік қорғау
    жергілікті бюджеттен нақты                   министрлігі,
    жүргізілген әлеуметтік                       Облыстардың,
    төлемдердің (аз қамтамасыз                   Астана және Алматы
    етілген отбасыларға                          қалаларының әкімдері
    әлеуметтік көмек) %-пен
    алғандағы қарқыны

15. Еңбекке орналастыру мәселелері               Бұл да
    бойынша өтініш бергендердің
    қатарынан еңбекке
    орналастырылған азаматтар
    санының оның бастапқысына
    қатысты қаралатын кезеңнің
    аяғына %-пен алғандағы
    өсуі (кемуі)**

16. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген               Бұл да
    жұмыссыз азаматтар санының оның
    бастапқысына қатысты қаралатын
    кезеңінің аяғына %-пен
    алғандағы өсуі (кемуі)**
     
17. Мектептерде оқумен қамтылмаған,             Қазақстан Республика-
    мектеп жасындағы балалар санының            сының Бiлiм және
    төмендеуi (өсуi), қаралып отырған           ғылым министрлiгi және
    кезеңнiң басына қатысты алғанда, оның       Статистика жөнiндегi
    соңына, %-бен****                           агенттiгi, облыстардың,
                                                Астана және Алматы
                                                қалаларының әкiмдерi 
<*>


     Ескерту:


      * - ақпарат жылдың басынан бастап қаралатын тоқсанның соңғы күніне беріледі (мысалы: 1-тоқсанның қорытындысы бойынша - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін қоса алғанда немесе 2-тоқсанның қорытындысы бойынша - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін қоса алғанда және тағы сол сияқты);
      ** - егер жылдың бірінші тоқсаны қаралатын болса - ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштердің ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы осындай көрсеткіштермен арақатынасы немесе 1999 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша - 2000 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштердің 1999 жылдың 1 қазанындағы осындай көрсеткіштермен арақатынасы алынады және одан әрі осылайша;
      *** - ақпарат "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының 12-бабының 1-тармағын іске асыру бойынша ұсынылады;
     **** - қаралып отырған тоқсанды сипаттайтын әрбір айдың 1-күні 
беріледі (мысалы: үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша - 1 тамызға, 1 
қыркүйекке, 1 қазанға);
     ***** - облыстық (қалалық) медициналық-педагогикалық комиссиялардың 
қорытындылары бойынша денсаулық жағдайына байланысты оқытуға жатпайтын 
балалар енгізілмейдi.
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1638           
              қаулысымен.  

P001638_

   

    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады