Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 31 қазан N 1638. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.08.16. N 1068 қаулысымен. ~P011068

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк экономикалық жағдайын бағалаудың жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 62 P000062_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 24-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Облыстардың, Астана және Алматы

қалаларының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесiн 
енгiзу ережесiнде:
     3-тармақта "Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздерден кейiн 
",Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын, "20" деген 
сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы 
қалаларының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесi 
ережесiне қосымшада:
     мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
     "17. Мектептерде оқумен қамтылмаған,        Қазақстан Республика-
     мектеп жасындағы балалар санының            сының Бiлiм және
     төмендеуi (өсуi), қаралып отырған           ғылым министрлiгi және
     кезеңнiң басына қатысты алғанда, оның       Статистика жөнiндегi
     соңына, %-бен****                           агенттiгi, облыстардың,
                                                 Астана және Алматы
                                                 қалаларының әкiмдерi"
     
     Ескерту мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "***** - облыстық (қалалық) медициналық-педагогикалық комиссиялардың 
қорытындылары бойынша денсаулық жағдайына байланысты оқытуға жатпайтын 
балалар енгізілмейдi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

    
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі  
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Омарбекова А.Т.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады