Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" U962828_ заң күші бар Жарлығының 41-1-бабына сәйкес республиканың кейбір аймақтарын отынмен қамтамасыз ету және халықты қысқы жағдайда көмірмен жабдықтаудың тоқтаусыздығы проблемаларын жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі:
Алматы облысындағы Ойқарағай қоңыр көмір кен орнының көмірін өндіру;
Қарағанды облысындағы "Долинская" шахтасын таукендік бөлу
инвестициялық бағдарламаларын конкурсқа қойсын;
конкурстың шарттарында өтінім берушінің келісімшарттық аумақтардың
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту және онда кен орнын
ұтымды және тиімді игеру жөніндегі өз материалдық базасы болуы жөніндегі
міндеттемелерін көздесін;
көрсетілген конкурстарды тиісті әкімдер өкілінің қатысуымен бір ай
мерзімде өткізсін;
осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.