"Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қаңтар N 74

      "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1787  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде жарғылық капиталын қалыптастырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қажетті 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.06. N  513   қаулысымен.  
     3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.                  

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады