Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық телекоммуникациялық трафиктің биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 74 P000074_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақта:
"Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген сөздерден кейiн
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылға арналған республикалық
бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және
өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен" деген сөздермен
толықтырылсын;
"1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтін
мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен" деген сөздер алынып
тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.