Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімге Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қаңтар 115

 

      Алдағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қырғыз комиссиясының мәжілісіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімге Алып қоюсыз және шектеусіз еркін сауда режимін уақытша қолданудың мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Даниал

 

Кенжетайұлы Ахметовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз

Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімге Алып

қоюсыз және шектеусіз еркін сауда режимін уақытша қолданудың мерзімін

ұзарту туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады