Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-моңғолия ынтымақтастығын одан әрі дамытуды және кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, басқа да мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар Іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы туралы кем дегенде жарты жылда бір рет
Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп отырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 25 қаңтардағы N 126
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары
барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
________________________________________________________________________
| N | Іс-шара |Атқарылу| Жауапты атқарушылар |
|р/с| | мерзімі| |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 1 | 2 | 3 | 4 |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 1 |Қазақстан Республикасына тұр. | 2000 |Сыртқы істер министрлігі, |
| |ғылықты тұруға келген ұлты қа.| жылдың |Ішкі істер министрлігі, |
| |зақ Моңғолия азаматтарының | IV |Көші-қон және демография жө.|
| |Моңғолия азаматтығынан шығу |тоқсаны |ніндегі агенттік |
| |және Қазақстан Республикасы | | |
| |азаматтығын алудың оңайлатыл. | | |
| |ған тәртібі жөніндегі келісім.| | |
| |ді жасауға келіссөздер жүргізу| | |
| |және қол қоюға дайындау | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 2 |Көлік саласындағы ынтымақтас. | 2000 |Көлік және коммуникациялар |
| |тық: | жылдың |министрлігі, Энергетика, ин.|
| | Моңғолиямен темір жол қаты.|II жарты|дустрия және сауда министр. |
| |насын Ресей Федерациясы және | жылдығы|лігі, Қаржы министрлігі, |
| |Қытай Халық Республикасының | |Экономика министрлігі, Ин. |
| |аумағы арқылы пайдалану; | |вестициялар жөніндегі агент.|
| | Қазақстан Республикасы-Ре. | |тік, Шығыс Қазақстан облысы.|
| |сей Федерациясы-Моңғолия авто.| |ның әкімі, "Қазақстан темір |
| |көлік жолын салудың экономика.| |жолы" РМК (келісім бойынша),|
| |лық қажеттілігін және оны қар.| |"Эйр Қазақстан тобы" хол. |
| |жыландыру көздерін айқындау; | |дингтік компаниясы (келісім |
| | Осы маршрутты Астана мен | |бойынша) |
| |Улан-Баторға дейін жалғастыру | | |
| |мүмкіншілігімен Өскемен-Баян- | | |
| |Өлгий әуе қатынасын ашу | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 3 |Ынтымақтастықтың нақты салала.| 2000 |Сыртқы істер министрлігі, |
| |рын айқындау үшін екі елдің | жылдың |Ауыл шаруашылығы министрлі. |
| |шекаралас облыстары басшылары.|II жарты|гі, Шығыс Қазақстан облысы. |
| |ның кездесуін өткізу |жылдығы |ның әкімі |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 4 |Моңғолиядан Қазақстан Респу. | 2000 |Сыртқы істер министрлігі, |
| |бликасына Ресей Федерациясы | жылдың |Ауыл шаруашылығы министрлі. |
| |арқылы мал айдап өту жолдары |I жарты |гі, Шығыс Қазақстан облысы. |
| |туралы мәселені ресей тарапы. |жылдығы |ның әкімі |
| |мен шешу | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 5 |Пайдаланылмай тұрған ғимарат. | 2000 |Ақмола және Қарағанды облыс.|
| |тарды, объектілерді және әске.| жылдың |тарының әкімдері, Көші-қон |
| |ри қалашықтарды оралмандар |II жарты|және демография жөніндегі |
| |үшін тұрғын үйге пайдалану жә.|жылдығы |агенттік, Энергетика, индус.|
| |не оларды одан әрі мал шаруа. | |трия және сауда министрлігі,|
| |шылығы саласына жұмысқа тарту | |Ауыл шаруашылығы министрлігі|
| |(Степногорск, Приозерск және | |Қаржы министрлігі, Сыртқы |
| |т.б.) | |істер министрлігі |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 6 |Моңғолиядағы қазақ диаспорасы.| 2000 |Сыртқы істер министрлігі, |
| |ның қазақ тіліндегі оқу құрал.| жылдың |Білім және ғылым министрлі. |
| |дарын, басқа да әдебиеттерді |I жарты |гі, Мәдениет, ақпарат және |
| |алуына жәрдемдесуді ұйымдасты.|жылдығы |қоғамдық келісім министрлі. |
| |Моңғолияда моңғол қазақтарының| |гі, Әділет министрлігі, Кө. |
| |қоғамдық қорын құру туралы мә.| |ші-қон және демография жө. |
| |селені диаспораның басшылығы. | |ніндегі агенттік |
| |мен пысықтау | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 7 |Моңғолиямен тауар айналымын | 2000 |Энергетика, индустрия және |
| |ұлғайтудың мүмкіндігін зерде. | жылдың |сауда министрлігі, "Қазақ. |
| |леу | I |азықтүлік корпорациясы" ЖАҚ|
| | |тоқсаны |(келісім бойынша) |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 8 |Қазақстан Республикасы үшін | 2001- |Білім және ғылым министрлі. |
| |орхон-енисей ескерткіштерінің | 2002 |гі, Мәдениет, ақпарат және |
| |көшірмелерін даярлау. ЮНЕСКО- | жылдар |қоғамдық келісім министрлі. |
| |ны тарта отырып қатысуымен | |гі, Сыртқы істер министрлігі|
| |көшпелі және ежелгі түрік мә. | | |
| |дениеттерінің ескерткіштерін | | |
| |қорғау және зерделеу жөніндегі| | |
| |ынтымақтастықты тереңдету | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 9 |"Балқашмыс" АҚ борышын астық, | 2000 |Қаржы министрлігі, Әділет |
| |ЖЖМ, бұрын пайдаланылған әске.| жылдың |министрлігі, Энергетика, ин.|
| |ри техникаларды жеткізу және |II жарты|дустрия және сауда министр. |
| |басқа да нұсқалар жолымен ке. |жылдығы |лігі, Ауыл шаруашылығы ми. |
| |зеңдік негізде өтеудің мүмкін.| |нистрлігі, Қорғаныс министр.|
| |діктерін қарай отырып, реттеу.| |лігі, Сыртқы істер министрлі|
| |ге жәрдемдесу | |гі, Президенттің Іс басқар. |
| | | |масы (келісім бойынша), Аста|
| | | |на қаласының әкімі |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 10|Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы.| 2000 |Мәдениет, ақпарат және қо. |
| |ның 60 жылдығын (2000 жылғы | жылдың |ғамдық келісім министрлігі, |
| |шілде) тойлауға Қазақстан Рес.| I |Сыртқы істер министрлігі |
| |публикасы делегациясының (мә. |тоқсаны | |
| |дениет және өнер адамдарының | | |
| |қатысуымен) құрамын бекіту | | |
|___|______________________________|________|____________________________|
| 11|Моңғолияның Баян-Өлгий айма. | 2000 |Ауыл шаруашылығы министрлі. |
| |ғындағы қазақ диаспорасына 5 | жылдың |гі, Мемлекеттік сатып алу |
| |мың тонна астық беру түрінде | I |жөніндегі агенттік (келісім |
| |ізгілік көмек көрсету |тоқсаны |бойынша) |
|___|______________________________|________|____________________________|
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.