Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттарға қажеттiлiгiнiң нормалары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қаңтар N 132


      "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Z980279_ 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасының Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы 
ұсынған, қоса берiлiп отырған республиканың 2000 жылға есiрткi, 
психотроптық заттарға қажеттiлiгінiң нормаларын Қазақстан Республикасының 
2000 жылға арналған халықаралық квоталарын бекiту үшiн БҰҰ-ның Есiрткiге 
бақылау жасау жөнiндегі Халықаралық комитетiнiң Штаб-пәтерiне (Вена, 
Австрия) жолдасын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрінің 
     бірінші орынбасары
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.           
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады