"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің 2000 жылға арналған жоспарлары жөніндегі қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 ақпан N 146

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің жоспарларын ұсынудың және қорытынды (келісу) алудың тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің 2000 жылға арналған жоспарлары жөніндегі қорытынды бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Байқоңыр"

 

ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық

жіберудің 2000 жылға арналған жоспарлары жөніндегі қорытындыны

дипломатиялық арналар бойынша Ресей Тарапына жолдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                 



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                            2000 жылғы "2" ақпандағы

                                                 N 146 қаулысымен

                                                   бекітілген




               "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды

                 ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің

                   2000 жылға арналған жоспарлары жөніндегі

                                   ҚОРЫТЫНДЫ




 
       Қазақстан Тарабы 1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің жоспарлары жөніндегі қорытындыны (келісуді) ұсынудың және алудың тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей Тарапы ұсынылған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшырудың және зымырандарды сынақтық жіберудің 2000 жылға арналған жоспарларын (бұдан әрі - Жоспарлар) қарап мыналарды атап көрсетуді қажет деп санайды:
      Жоспарлар тоғыз күнге кешіктіріліп ұсынылды;
      1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімді іске асыру жоспары орындауға екі жақтан да күш-жігер жұмсалуы қажет кейбір ережелерді, атап айтқанда: "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қоршаған ортаның жай-күйі жөніндегі мониторингтің деректері мен статистикалық есептілікті ұсыну" туралы 4-тармақты қоспағанда (орындалу мерзімі 31.12.99ж.), орындалуда.
      Мүдделі мемлекеттік органдардың пікірлерін зерделеудің нәтижесінде Қазақстан Тарабы "Протон" зымыран тасығышын ұшыруды жүзеге асыру 1999 жылғы 27 қазандағы авариядан кейін енгізілген оларды ұшыруға тыйым салуды Қазақстан Тарабы алғаннан кейін ғана жүргізілуі шартымен Ұшырулар жоспарларын келіседі.
      Сонымен бір мезгілде, Қазақстан Тарабы Ресей Тарабының Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 31 шілдедегі ССРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу туралы шарт бойынша халықаралық міндеттемелеріне (СШҚ туралы шартқа 3-қосымша) сәйкес жоюға жататын құрлықаралық баллистикалық зымырандарды (ҚБЗ) ұшыру үшін шахталық жіберу қондырғыларын (ШЖҚ) пайдалануға мүдделілігі жағдайында құқықтық негіз барлық Тараптардың (Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина және Беларусь) қатысуымен СШҚ туралы шартқа байланысты Сақтау және инспекциялар жөніндегі біріккен комиссияның (СИБК, Женева қаласы) шеңберінде тиісті түрде ресімделуі тиіс.
      Жоғарыда айтылғандардан басқа Қазақстан Тарабы:
      "Бриз" және "Фрегат" екпіндеткіш блоктарын пайдалану арқылы зымыран

 

тасығыштарды ұшырулар туралы нақтылаушы деректерді;

     Жалға берушімен жалға берілген мүлікке енгізілетін ажырамайтын

жақсартуларды келісу үшін материалдарды;

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптамасына "Бриз"

және "Фрегат" екпіндеткіш блоктарын дайындау объектілерін қайта жаңарту

және жетілдіру жөніндегі жобалық материалдарды;

     1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей

Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ресей Федерациясының жалға алуы

жағдайында "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы экология және табиғатты

пайдалану жөніндегі келісімді іске асыру жоспарының 4-тармағының орындалуы

туралы деректерді ұсыну қажет деп санайды.


     Оқығандар:        

     Орынбекова Д.К.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады