Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу жобасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 ақпан N 164. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.05.21. N 675 қаулысымен. ~P010675

      Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу жобасының басымдылығын ескере отырып және Астана қаласын сумен жабдықтауды одан әрі дамыту және жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу үшін "General des eaux - SOGEA" фирмасын мердігер ретінде айқындау жөніндегі Конкурстық комиссиясының шешімі назарға алынсын.
      2. Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу жобасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылатын жалпы сомасы 38 000 000 (отыз сегіз миллион) АҚШ долларынан аспайтын мемлекеттік емес сыртқы заемның қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша заемшы "Горводоканал" тресі қазыналық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болады деп айқындалсын.
      3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тартылатын заем бойынша кепілдік міндеттемені қамтамасыз ету жөніндегі тиісті құжаттарды тапсырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен: "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан 20-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорынмен Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігін беруге байланысты туындайтын республикалық бюджет алдындағы кепілдік міндеттемені оның қамтамасыз ететіні туралы келісім жасассын;
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Z990473_ белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін берудің лимиті шегінде шетелдік несие берушіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру туралы шетелдік несие берушімен кепілдік келісімін ресімдесін;
      жоба және заемды кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті құжаттамаларды ресімдеу аяқталғаннан кейін шетелдік несие берушіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салуға арналған келісімшарттың жобасына тиісінше қаржылық және заңдық сараптама жүргізсін.
      5. Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші

 

желісі құрылысын салу жобасын іске асыру шеңберінде қосылған құн салығын,

кеден бажын және алымдарды Астана қаласы бюджетінің қаражатынан

қаржыландыру туралы ұсынысқа келісім берілсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.К.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады