"ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 ақпан N 173

      Мұнайгаз саласындағы жұмысты жүйелендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жарғылық қорына мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы құрылсын.
      1-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 72500 (жетпіс екі мың бес жүз) теңге бөлсін.
      Ескерту. 1-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364
               қаулысымен. P000364_
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Осы қаулының 1-1-тармағында көрсетілген ақшадан басқа "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру үшін берілетін мүліктің тізбесін айқындасын;
      2) "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғысын бекітсін және тіркесін;
      3)
      4)
      5) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қолдансын.
      Ескерту. 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
               2000.03.07. N 364 қаулысымен. P000364_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3),4)-тармақшалары алып тасталды - ҚР Үкіметінің
               2001.05.02. N 591 қаулысымен. P010591_
      3. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы газ құбырларының маркетингі, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, нобайлық жобалау, салу, соның ішінде газ тасымалы жөніндегі барлық ішкі және халықаралық жобалар мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіреді.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Орынбекова Д.Қ.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады